Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovoy_komp_rasschety.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.4 Mб
Скачать

5.1-Сурет - Диаграмма шебері терезесінің сұхбаттасу экраны

2-қадам

Келесі сұхбат терезесінде Excel тұрғыза алатын диаграмма түрлерінің ішінен өзімізге қажетті тек біреуін таңдап алуымыз керек (24.2-сурет). Гистрограмма деген диаграмма түрін тышқанды сырт еткізу арқылы таңдап алып, Келесі> батырмасын басамыз.

5.2-Сурет - Диаграмма шеберінің 2-қадамдағы сұхбат терезесі

3-қадам

Үшінші сұхбат терезесі қандай диаграмма түрін таңдауымызға байланысты болады. Біз Гистограмма деген тиітті таңдағандықтан, үшінші терезе 24.3-суреттегідей болады. Ол терезеден 7-формат түрін белгілеп алып, Келесі> батырмасын тағы да басу қажет.

5.3-Сурет - Диаграмма шеберінің 3-қадамдағы сұхбат терезесі

4-қадам

Бұл Excel-дің бұрын белгілеп алған мәліметтерді қалай пайдалана алатынын көрсетеді.

Бұл қадамда мәліметтердің қаңда орналасқанын — қатарда ма, бағанада ма — көрсетіп, олардың түсіндіру мәліметтерін (түсініктеме — легенда) қай интервалдан алатынымызды да көрсету керек. Түсініктеме диаграммадағы мәліметтердің аттарын және оң жақта орналасатын нұсқауыштарын — маркерлерін бейнелейді (24.4-сурет).

Егер шыққан нәтижеге көңіліңіз толмаса, қайтадан алдыңғы терезеге "<Кейін" батырмасы арқылы оралуыңызға болады.

Мысалға, біздің экранымызда, Диаграмма шебері мәліметтердің қатарларда орналасқанын дұрыс анықтағандықтан, ешнәрсені өзгертудің қажеті жоқ.

Түсініктеме беретін мәлімет (легенда) ретінде біз ешнәрсе енгізбегендіктен, оң жақтағы белті тұратын орында келісім бойынша алынатын' "1-қатар" (1-ряд) деген сөз түр (оның орнына АЗ:А6 мәліметтерін беруге болатын еді). Түсінік беретін текст үшін бағаналар санын өзгерту қажет емес.

Сонымен, бәрі ойдағыдай болса, "Келесі>" батырмасын тағы

5.4-Сурет - Диаграмма шеберінің 5-қадамдағы сұхбат терезесі

5-қадам

Бұл — Excel-дің соңғы сұхбат терезесі. Мұнда түсініктемеге (легенда) қосымша атаулар, нұсқауыштар қажет болса соларды және диаграмма атын, X пен У осьтері бойынша жазылуға тиіс мәлімет енгізу талап етіледі.

Түсініктеме қосу (Добавить легенду) деген сұраққа түсінік беретін мәлімет қосқымыз келсе, Иә батырмасын, әйтпесе Жоқ деген батырманы басып жауап береміз.

Диаграмма аты деген өріске "Компьютерді пайдалану (сағат)" деген сөз енгіземіз де, Аяқтау батырмасын басамыз.

Біз жұмыс парағына салынған диаграмма алдық. Егер бұл диаграмманың ұнамайтын жері болса, оны түзетуге болады.

5.2 Диаграмма көлемін өзгерту

Көбінесе алдын ала диаграмманың қажетті көлемін дәл табу қиын, оны тек диаграмма тұрғызылып біткенде ғана айтуға болады. Сондықтан салынған диаграмманың көлемін, пропорциясын өзгерте отырып, оны ойдағыдай етіп жасауға тура келеді.

Диаграмманы түзету оны белгілеуден басталады, ол үшін оның көлемінде тышқанды бір рет сырт еткізейік. Диаграмма жақтауларының бұрыштарында және оның сызықтарының ортасында белгілеу маркерлері пайда болады.

Тышқан курсорын пайдаланып, диаграмманың оң жақ шетін I бағанасына дейін жылжытайық, ол үшін тышқан курсорын оң жақтаудың ортасындағы маркерге жеткізіп (тышқан сілтемесі екі жаққа бағытталған тілсызыққа айналады), оны I бағанасына дейін созамыз.

Диаграмма жақтауының ортасындағы маркерді жылжыту оның ұзындығы мен енін өзгертуге мүмкіндік береді. Ал оның бұрышындағы маркерді жылжыту диаграммасының ұзындығы мен енін бірдей өзгертеді.

5.3 Диаграмма типін өзгерту

Диаграмма шебері арқылы диаграмма типі таңдап алынғаннан кейін де, Excel оның ішкі түрлерін өзгерту мүмкіндіктерін береді.

Диаграмманы түзету үшін оны тышқанды екі рет сырт еткізу арқылы белгілеп аламыз. Сонда диаграмма айналасында сүр штрихталған жақтаулар пайда болады. Мұнан кейін Диаграмма саймандар панелі көмегімен диаграмма типін өзгертуге болады:

— экранға диаграмма саймандар панелін шығарамыз, ол үшін: Түр=>Саймандар панелі=>Диаграмма (Вид=>Панель инструментов=> Диаграмма) командасы орындалады, сонда экранға бөлек батырмалар панелі шығады;

— шыққан панельден Диаграмма типі деген батырманы сырт еткізіп, диаграмма түрлерін шығарамыз (24.5-сурет).

Диаграмма түрлері мен аттары 3-қадамда көрсетілген сияқты бейнеленеді. Бұрынғы мәліметтер үшін жаңа диаграмма тұрғызу үшін диаграмма типін қайта таңдаймыз. Көлемдік гистограмма батырмасын басамыз, біздің бұрыңғы жазықтықтағы гистограммамыз көлемдік болып өзгереді (24.6-сурет).

Айта кететін бір жайт: белгіленген мәліметтерді бейнелеу үшін кез келген диаграмманы таңдап алуға болмайды. Мысалы, біздің мәліметіміз бойынша Х-У-нүктелік диаграмма салуға болмайды.

Диаграмма тұрғызу кезінде олардың әртүрлі типтерін қарап отырып, ішінен ең көрнекті деген біреуін таңдап алу керек.

Егерде диаграмманы түзету кезінде бұзып алсаңыз, оны өшіріп қайта тұрғызу қажет. Диаграмманы өшіру үшін, курсор диаграммада тұрғанда тышқанды бір сырт өткізіп, Del пернесін басу жеткілікті.

Артынан дайындалған диаграмманы жаңа атпен файлға жазып сақтап қою қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]