Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovoy_komp_rasschety.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.4 Mб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

I бөлім

  1. Excel программасы жөніндегі жалпы мағлұматтар..............1

1.1 Excel программасын іске қосу

1.2 Excel менюімен жұмыс атқару

1.3 Ұялар ішіндегі мәлімет

1.4 Текст енгізу

1.5 Сандар енгізу

1.6 Формулалар енгізу

2. Excel-де функциялар мәнін кесте түрінде алу........................8

3. Кесте текстерін көркейту..........................................................11

3.1 Текстің шрифтерін өзгерту

3.2 Туралау

3.3 Фон түстер

4. Сан форматтары, excel-де мәліметтерді баспаға шығару...13

4.1 Ұялардағы мәліметтерді қорғау

4.2 Функцияларды пайдалану

4.3. Сандар туралы

5. Excel-дің графиктік мүмкіндіктері..........................................19

5.1 Диаграммалар тұрғызу

5.2 Диаграмма көлемін өзгерту

5.3 Диаграмма типін өзгерту

5.4 Кеңістікте (көлемді) дөңгелек диаграмма салу және оны түзету

II бөлім

1 Нүктелік диаграммалар және олардын түрлері…………....24

    1. Диаграмма түрін өзгерту 

    2. Гистограммалар

    3. Сызбалар

    4. Дөңгелек диаграммалар түрлері

III бөлім

Есептер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Microsoft фирмасының Excel программасы — кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған прогрммалық дестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа емес, ол көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті етіп әр адамға түсінікті түрде жүргізе алады. Ал кестедегі мәліметтерді пайдаланып, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер қоймасын жасап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент еткізуді жене т. б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен қолдануға мұрсат береді.

Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа түсініктер бере кетейік.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы қатарлар мен бағаналардан (тік жөне жатық жолдар) тұрады. Қатарлардың максималдық саны 16384, ал бағаналар саны — 256. Кез келген бағана мен қатардың қиылысу нүктесінде түрған тор ұя (ұяшық) деп аталады, ол ұяға мәліметтер (текст, сан, формула) енгізуге болады.

Диаграммалар сандық деректер қатарын сызба пішімінде көрсету үшін пайдаланылады. Бұл үлкен көлемді деректерді және әр түрлі деректер қатарларының арасындағы қатынасты жылдам түсінуге мүмкіндік береді. Excel бағдарламасында диаграмманы жасау үшін, диаграмманың сандық деректерін жұмыс парағына (жұмыс парағы: Excel бағдарламасында деректерді сақтау үшін және олармен жұмыс істеу үшін пайдаланылатын негізгі құжат. Электрондық кесте деп те аталады. Жұмыс парағы бағандар мен жолдарда орналасқан ұяшықтардан тұрады; жұмыс парағы әрқашан жұмыс кітабында сақталады.) енгізуден бастаңыз. Excel бағдарламасы көп диаграмма түрлерін қолдайды. Бұл деректерді аудитория түсінетін жолдармен көрсетуге көмектеседі. Диаграмма жасағанда немесе бар диаграмманы өзгерткенде, көптеген диаграмма түрлерінен (мысалы, гистограмма немесе дөңгелек диаграмма) және олардың ішкі түрлерінен (мысалы, үлестік бағандық диаграмма немесе үш өлшемдік дөңгелек диаграмма) таңдауға болады. Сондай-ақ, диаграммада бірден көбірек диаграмма түрлерін пайдаланып, аралас диаграмма жасауға болады.

1 Excel программасы жөніндегі жалпы мағлұматтар

Бұл сабақта Microsoft Excel электрондық кестесімен танысамыз. "Электрондық кесте" деген термин кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу деген ұғымды білдіреді. Кестелерді өңдеу мыналардан тұрады:

1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.

2. Түрлі-түрлі факторлардың мәліметтерге тигізетін әсерін зерттеу.

3. Оптимизация (тиімді ету) есептерін шығару.

4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын алу (табу).

5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.

6. Мәліметтерді статистикалық талдау.

Электрондық кестелердің ерекшелігі болып олардағы мәлімет өңдеу жолдарының түсінікті әрі қарапайым болуы есептеледі.

Microsoft фирмасының Excel программасы — кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған прогрммалық дестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа емес, ол көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті етіп әр адамға түсінікті түрде жүргізе алады. Ал кестедегі мәліметтерді пайдаланып, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер қоймасын жасап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент еткізуді жене т. б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен қолдануға мұрсат береді.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы қатарлар мен бағаналардан (тік жөне жатық жолдар) тұрады. Қатарлардың максималдық саны 16384, ал бағаналар саны — 256. Кез келген бағана мен қатардың қиылысу нүктесінде түрған тор ұя (ұяшық) деп аталады, ол ұяға мәліметтер (текст, сан, формула) енгізуге болады.

1.1 Excel программасын іске қосу

Excel-ді іске қосу үшін онымен байланысқан шартбелгіні (пиктограмманы) тауып, тышқанды екі рет сырт еткізу қажеті Ол іске кіріскенде экранға 1-суретте көрсетілген терезе шығады (програманы орнату параметрлеріне байланысты аздап басқаша болуы ықтимал).

Енді осы стандартты терезе элементтерін қарастырайық. Экрандағы Excel терезесінде мынадай объектілер бар:

Жоғарғы қатар - басқару батырмалары орналасқан терезе тақырыбы.

Екінші қатар — Excel меню қатары.

Үшінші және төртінші қатарлар — Стандартты және Форматтау саймандар панелдері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]