Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovoy_komp_rasschety.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.4 Mб
Скачать

4.1-Сурет - Функция шеберінің сұхбат терезесі, бірінші қадам

4.2-сурет - Функция шеберінің сұхбат терезесі, екінші қадам

Енді Excel функцияларымен танысайық. Жоғарғы жақтағы fx батырмасын басайық та, Бәрі (Bсe) деген категорияны тавдап, Х7, шаг, Қадам (Шаг) функциялары қалай белгіленетінін көрейік.

Есеіптелген у мәндерінің қосындысын тауып, оны F25 ұясына жазып қояйық. Ол үшін стандартты саймандар панелінің батырмасы басылады. Оған қоса Е25 ұясына түсінік беретін «у-тер қосындысы =» деген текст жазайық.

Есептелген у мәндеріиің арифметикалық ортасын (қосындысы тәрізді етіл) да анықтайық, ол үшін Е26 торына түсінік беретін тексті, ал F26 торына — арифметикалық орта мәнін жазамыз.

У функциясының ең кіші және ең үлкен (min, max) мәндерін тауып, оларды F27 мен F28 торларына орналастырамыз да, оған сәйкес түсініктеме беретін тексті Е27, Е28 торларына жазамыз. Арифметикалық ортаны табу үшін Функция шеберін пайдаланайық, ол үшін: Енгізу=> Функция=> Бәрі (Все)=> МАКС => Қадам (Шаг)=>F4:F24 командасы тізбегін орындау қажет.

Е25:Ғ28 блогын былай пайдаланамыз:

1. Е25: Ғ28 блогын тіктөртбұрышты жақтаулармен қоршаймыз;

2. Бұл блокты кесте тақырыбы тәрізді фонмен толтырамыз;

3. Е25:Е28 блогындағы түсінік беретін тексті Times/Kazakh қарайтылған шрифтпен жазып, оны оң жақ шетке туралап орналастырамыз.

Алынған кесте 4.3-суреттегідей болуы тиіс, оны Ex22.xls файлына сақтап жазып қоямыз.

4.3-Сурет - Жұмыс нәтижесінің кестедегі бейнесі

4.3. Сандар туралы

Ұядағы сандарды әртурлі форматтарда бейнелеуге болады. Мысалы, 100 санын былай жазуға болады: 100,00 тенге — ақша түріндегі форматта; 10000% - проценттік түрде; 1,00Е+02 – эспоненциал (ғылыми) түрде.

Сандарды (басқа мәліметтерді де) көркейтіп жазу мақсатында түрлендіру әрекетін орындау үшн Форматтау панелінің батырмаларын немесе Формат=> Ұя командасын паңдалану мүмкіндігі бар.

Бұл команданы орындауда:

- түрлендіретін ұяны не блокты белгілеу;

- Формат=>Ұя (Ячейка)=>Сан (Число) командасын таңдап алып орындау;

- экранға шыққан сұхбат терезесінен керекті сандық форматты таңдап алу қажет (4.4-сурет).

4.4-Сурет - Саңдар форматын таңдау терезесі

Жаңа форматты енгізу кезінде ұядағы санның тек бейнелеу тәсілі өзгереді, ал санның мәні өзгермейді.

Егер ұядағы санның орнына #### таңбалары шықса, ол санның ені ұя енінен артық екенін көрсетеді. Мұндайда ұяның енін кеңейту қажет.

Енді мына әрекеттерді орындайық:

1. Масштабты 75% етіп бекітейік.

2. У мәндерін Ғ бағанасынан K,L,M,N бағаналарына көшірейік. Ол үшін тышқанның оң батырмасын басқанда, экранға контекстік тәуелді меню шығады, оның ішінен Мәндерді көшіру (Копировать значения) пунктін таңдап аламыз.

3. К бағанасына сандардың үтірден соң, екі таңбасы көрінетін форматын (0,00) енгіземіз.

4. L бағанасы үшін Ғылыми сандар (экспоненциалдық) форматын таңдаймыз

5. М бағанаснна Проценттік формат енгіземіз.

6. N бағанасы үшін өзіміздің жеке форматымызды (Қолданушы үшін – Пользовательский) қолданамыз, оны үтірден кейін төрттаңба бейнелейтін етіп былайша енгіземіз:

Формат=>Ұя=>Сан=>Код: 0,0000, ОК

4.5-Сурет - Жұмыс нәтижесінің кестедегі бейнесі

7. K2:N24 блогын негізгі және қосалқы кестелер сияқты етіп түрлеңдіреміз (тақырып, жақтау, толтыру, шрифт). Осының нәтижесіңде 23.5-суреттегі кестені экраннан көреміз.

Кестені экранға және принтерге шығару

Excel-де кестені қағазға шығармас бұрын, алдын ала оның ойдағыдай болуын тексеретін мүмкіндік бар. Ол үшін Файл=>Көру (Файл=>Просмотр) меню командасын орындау немесе Стандартты саймандар панелінің Алдын ала көру (Предварительный просмотр) батырмасын басу керек. Алдын ала көру функциясы кестені экранға шығарады, бірақ оны түзетуге мүмкіндік бермейді. Кестені түзету үшін қайтадан кәдімгі кесте тәртібіне көшу керек. Бірақ көру режимінде мынадай пайдалы операцияларды: парақ параметрлерін өзгерту, оның шетіндегі бос орындарды анықтап, кестені беттерге бөлу және қағазға басу істерін орындай аламыз.

Алдын ала көру операциялары келеңсіз жағдайларды болдырмай, уақытты әрі қағазды тиімді пайдалануға мұрсат береді.

Сонымен, бұл режимде жұмыс атқару үшін:

8. Стандартты саймандар панелінің Алдын ала көру батырмасы арқылы алдын ала көру тәртібіне көшеміз.

9. Парақ (Страница) батырмасын басып, параметрлер терезесінде кестені қағазға көлденең (альбом түрінде – альбомная ) немесе тік (кітап түрінде – книжная) басатынымызды анықтап аламыз.

10. Параметрлер терезесіндегі Өрістер (Поля) батырмасын басып, экраннан қағаз шетіндегі сызықпен белінген бос орындар көлемін бағдарлаймыз. Тышқан сілтемесін тік сызықтың сол жағындағы екінші квадратқа жеткізіп, оның батырмасын басулы күйінде ұстап, төменнен 2,50 деген санды көреміз. Бұл осы сәттегі жоғарғы бос орындар өрісінің мөлшері. Оны 3,00 санына өзгертейік.

Осы тәсіл арқылы алдын ала көру режимінде беттің төрт шетіндегі де бос орындар өрісінің мөлшерін анықтап аламыз. Сол жақ шеттегі шеттегі бос орындар көлемін де 1,00 –ге теңейік.

Барлық бос орындар өрісін кесте толық көрінетіндей етіп орнатып аламыз.

11. Принтердің компьютерге қосылып, оның өзінің жеке ток көзіне қосылғанын да қарап шығу керек.

12.Баспаға шығару (Печать) батырмасын басу қажет. Сонымен Excel-мен жұмыс сеансын аяқтаймыз.

5 EXCEL-дің графиктік мүмкіндіктері

5.1 Диаграммалар тұрғызу

Excel-дің ең көзге түсер ерекшіеліктерінің бірі оның сандар қатары мен бағаналарын информацияны толық көрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен диаграммаларға айналдыруы болып саналады.

Диаграммалар — мәліметтерді графиктік түрде кескіндеудің , ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды торларда үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір торда тұрған қатені де тез көрсете алады.

Ехсе1-де 14 түрлі екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар. Excel графикасын үйрену кезінде Дәулетқұлов Әлем деген оқушының өз компьютерін апта бойы қалай пайдаланатыны туралы мәліметтерін қарастырып өтеміз.

Берілген мәліметтер (сағаттар өлшемімен):

А1:Н6 бен 11:12 блоктарындағы мәліметтер онша қызықты емес, 13:16 блогын графиктік түрде көрсетуге болады. Экранға 13 ұясынан басталатын кесте бөлігін шығарайық.

Диаграмма немесе график тұрғызу үшін Диаграмма шебері деген функцияны қолданған жөн.

Excel-дің бұл функциясы бес сұхбат терезесі арқылы диаграмма (график) тұрғызуға және оны жұмыс парағына салып шығуға керекті мәліметтерді сұрап алады.

Стандартты саймандар панеліндегі Диаграмма шебері батырмасын бассақ, Excel диаграмма кестенің қай маңында орналасуы керектігін сұрайды. Біз, мысалға, A18 ұясын курсормен көрсетіп, тышқан батырмасын басулы күйде ұстап тұрып A18:G35 блогын белгілеп шығайық та, батырманы қоя берейік.

1-қадам

Мұнда Excel Диаграмма шеберінін "5-тен 1-қадам" (Шаг 1 из 5) деген сұхбат терезесін (24.1-сурет) шығарады. Осы терезе арқылы диаграмма болып тұрғызылатын мәліметтер орналасқан ұялар белгіленеді Егер белгіленетін блокты терезе жауып тұрса, оны белгілі тәсіл бойынша басқа орынға жылжытамыз. Тышқанмен 13:16 блогын белгілеп алып, Диаграмма шеберінің Келесі> (Далее>) сөзі тұрған батырмасын басамыз. Егер ұялар дұрыс белгіленбесе, онда осы 1-кадам терезесінде оны қайта белгілеп аламыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]