Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovoy_komp_rasschety.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.4 Mб
Скачать

3.1-Сурет - Шрифт түрлерін таңдау

"Кестелер" деген тақырып үшін Courier New Суг шрифтерін қолданып, оның мөлшерін 14 етіп, өзін қарайтылған түрде жазып шығайық.

Форматтау саймандар панелінің батырмасы арқылы "негізі" және "қосалқы" сөздері үшін Times Kazakh шрифтінің 12 мөлшерін алып, оны карайтылған (полужирный) түрде жазып шығайық.

Формат=>Ұя=>Шрифт (Формат=>Ячейка=>Шрифт) меню командасы арқылы кесте тақырыптарын Times Kasakh шрифтеріне өзгертіп, мөлшерін 12 етіп, қисайтылған (курсив) түрде жазамыз.

Бағаналар енін жаңа шрифтермен жазылған текст толық сиятындай етіп өзгертеміз. Тақырыптарды бағаналар ортасында орналастыру қажет.

3.2 Туралау

Кез келген ұядағы мәліметтерді сол жақ, оң жақ шетке туралауға, ортаға жылжытуға (көлденең, тік бағытттарда) және де тексті тіке орналастыру тізбегін де (жоғарыдан төмен қарай, төменнен жоғары қарай) бағыттап өзгертуге болады.

Текстің тіке орналастыру тізбегін (ориентация) өзгерту үшін Форматтау саймандар панелін немесе Формат=>¥я=>Туралау меню командасын орындау керек.

Форматтау саймандар панелінің батырмалары арқылы негізгі және қосалқы кестелер үшін оларды қоршап тұратын тіктөртбұрышты жақтаулар (рамка) сызып шығайық.

Жақтаулар сызықтарын сызу үшін саймандар панелі батырмасын немесе Формат=>¥я=>Жақтау (Формат=>Ячейки=>Рамка) меню командасын да пайдалануға болады.

Бұған қоса кесте ішін бір түспен (мысалы, сары) және кесте тақырыптарын екінші түспен (мысалы, қызғылт) бояп қоюға да мүмкіндік бар.

3.3 Фон түстер

Кез келген ұя немесе блок ішіндегі мәліметтер айналасындағы фонтүсін де (штрих сызықтар, олардың сызығының немесе фонның түсін) өзгертуге болады.

Фон түсін өзгерту кезіңде Форматтау панелінің батырмасын немесе Формат=>Ұя=>Сыртқы түр меню командасын пайдаланса болады.

Осы көрсетілген жұмыстарды орындаған соң, экран бейнесі 3.1-суреттегідей болуы тиіс.

Бұл кестені дискщегі жұмыс каталогының ex21.xls файлына сақтап қояйық.

3.2-Сурет - Жұмыстарды орьшдағаннан кейінгі экран бейнесі

4 Сан форматтары, информацияны қорғау, EXCEL-де мәліметтерді баспаға шығару

Бұл сабақта Excel-дегі қолданылатын сан форматтарымен, информацияны қорғау тәсілдерімен жене кестені қағазға басып шығару жолдарымен танысамыз. Информацияны қорғау мәселесін қарастыру кезінде Ex21.xls файлын пайдаланамыз.

4.1 Ұялардағы мәліметтерді қорғау

Excel-де бүкіл жұмыс кітабын, кез келген парақты немесе кейбір ұяларды өзгертуден қорғап қоюға болады. Информацияны қорғап қою оны өзгертуден қорғалу қасиетін алып тастағанға шейін сақталады. Әдетте жиі өзгермейтін мәліметтер (есептеу формулаларды, кесте тақырыптары) ғана өзгертуден қорғалуға тиіс.

Мәліметтерді қорғау екі бөліктен тұрады:

1) өзгертілуге тиіс ұялардың бұрыңғы қорғалу қасиеттері алынады;

2) ағымдағы параққа немесе оның кейбір блоктарына қорғалу қасиеті енгізіледі.

Бұдан кейін тек қорғалу қасиеті енгізілген ұялар мен блоктарға ғана мәліметтер енгіземіз.

Ұялардың қорғалу қасиетін енгізу (алу)

Белгілі тәсілдердің бірімен блокты белгілеп алайық. Содан кейін Формат=>¥я=>Қорғау командасын орындап, шыққан сұхбат терезесіндегі Бекіту (Заблокировать) параметрін іске қосамыз немесе алып тастаймыз.

Парақты немесе жұмыс кітабын толық қорғау үшін:

Сервис=>Қорғау=>Парақты (кітапты) қорғау (Сервис=> Защита=> Защитить лист) командасын орындау қажет. Ал, керісінше, қорғау қасиетін алып тастау үшін Сервис=>Қорғау=> Парақты (кітапты) қорғауды алу (Сервис=>Защита=>Снять защиту листа) командасы орындалады. Мысалдар:

1. H4:J4 блогын белгілеп, оның қорғау қасиетін алып тастайық. Ол үшін Формат=>¥я=> Қорғау командасын орындап, экранға шыққан Бекіту (Блокировка) терезесінің [х] белгісін алып тастаймыз.

2. Жұмыс парағын өзгертуден қорғау үшін: Сервис=>Қорғау=> Парақты қорғау=>ОК командасын орындаймыз.

Осылардың нетижесінде негізгі кестеміз (Ex21.xls) толық күйде және қосалқы кестенің тақырыбы қорғалып тұрады.

Енді А4 ұясындағы 1-ді 10-ға өзгерткіміз келсе, ол әрекетіміз орындалмайды. Бірақ қосалқы кестедегі 0,2-ні 0,5-ке өзгерткіміз келсе, ол әрекет орындалады да, негізгі кестеде де есептеулер нәтижесінде жаңа мәндер пайда болады.

Қадам мәнінің алғашқы санын 0,2-ні қайта жазайық та, файлды бұрынғы атымен қайта сақтайық. Ол үшін Стандартты саймандар панелінің Сақтау батырмасын басу қажет.

4.2 Функцияларды пайдалану

Функциялар есептеулерді жеңілдетеді, олар y=f(x) түрінде жазылады, мұндағы у — есептелуге тиіс функция мөні, х — аргумент, f(x)— функция.

Функция енгізілген ұя мысалы ретінде, =A5+sin(C7) формуласын келтіруге болады, мұндағы А5 — ұя адресі, sin() — функция аты, жақша ішінде оның аргументі тұрады, С7 аргумент (сан, текст және т. Б.), бұл сәтте С7 ұясында сан болуы тиіс.

Excel программасының кейбір фунциялары:

— SQRT(x) — х санының оң мәнді квадрат түбірін анықтайды, мысалы, sqrt(25)=5.

— SIN(x) — радианмен берілген х бұрышының синусын анықтайды Мысалы: sin(0.883)=0.772646.

— МАХ(тізім) — көрсетілген тізім ішінен ең үлкен (максимум) мәнді анықтайды, мысалы: мах(55,39,50,28,67,43)=67.

— БиМ(тізім) — көрсетілген тізімнің (блоктың) қосындысын анықтайды. Мысалы: sum(Al:A300) — А1:А300 блогының 300 ұясындағы сандардың қосындысын табады.

Функция аттары орыс тіліне аударылған Excel нұсқаларында орысша беріліп, басқаша жазылуы мүмкін.

Жиі пайдаланатын қосынды табу функциясы үшін саймандар панелінде арнайы батырма бар.

Функция атын формулаға енгізу үшін Функция шеберін пайдалануға болады, ол Енгізу=>Функция (Вставка=>Функция) командасымен немесе fx бейнеленген батырма арқылы іске қосылады. Батырма басылғанда экранға функциялар бейнеленген сұхбат терезесі шығады. Соның ішінен керектісін таңдап алып Қадам (Шаг) батырмасын басу қажет. Сонда Функция шеберінің екінші терезесі экранга шығады, одан аргументті таңдап алуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]