Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОП ЛАБ.КАЗ.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
306.69 Кб
Скачать

Өлшеу құралдарының метрологиялық қамтамасыздануы

Тапсырманың шарты

Uк=10В 1,0 дәлдік класында вольтметрді тексергенде 8В белгісінде осындай шекті өлшемде және 0,2 дәлдік класында үлгілі вольтметрдің көрсеткіші 8,15В болды. Тексерудегі вольтметр өзінің дәлдік класына сәйкес келетінің аніқтау керек.

Шешімі

Тексерудегі вольтметр өзінің дәлдік класына сәйкес келу үшін, қатысты келтірілген қателік (модуль бойынша процентпен) шкаланың еш бір нүктесінде дәлдік класты жоғарлатпау керек, немесе абсолютті қателік өлшеніп тұрған аспаптың (модулб бойынша)

Шешудің бірінші нұсқасы

Тексерілетін аспаптың 8 В белгісіндегі берілген салыстырмалы қателігін анықтаймыз. Үлгілі өлшеу құралының тексеру кезіндегі көрсетуі өлшенетін шаманың нақты мәні болып табылатыны белгілі.

Демек, аспап 1,0 дәлдік класына сәйкес келмейді.

Шешудің екінші нұсқасы

Тексерілетін вольтметрдің дәлдік класының осындай шартты белгіленуі кезінде келесіге тең болатын

Мүмкін болатын абсолют қателігінің шегінанықтаймыз.

Тексерілетін аспаптың 8 В белгісіндегі абсолют қателігінің нақты мәні тең:

Демек, аспап 1,0 дәлдік класына сәйкес келмейді.

Жауабы: Аспап өзінің дәлдік класына сәйкес келмейді.

15 зертханалық жұмыс

Тапсырма шарты

Жөндеуден кейінгі вольтметрді тексеру кезінде келесі мәліметтер алынды (кестенің 1,2 және 4 бағандары).

UП (В)

UOB(В)

ΔUВ (В)

Uон(В)

ΔUн(В)

В (В)

1

1,020

-0,02

1,025

-0,025

0,005

2

1,990

+0,01

2,010

-0,01

0,02

3

2,980

+0,02

2,990

+0,01

0,01

4

3,975

+0,025

3,980

+0,02

0,005

5

4,950

+0,05

4,975

+0,025

0,025

Тексеру нәтижелері бойынша тексерілген аспапқа дәлдік класс ұсыну.

Шешуі

Электрөлшеуіш аспаптардың толық бағдарлама бойынша тексеру кезіндегі олардың берілген дәлдік класына сәйкестігі (немесе тексеру нәтижелері бойынша тексерілген аспапқа дәлдік класс ұсынуы) екі критерий бойынша жүзеге асырылады:

  1. Тексерілетін аспап қателігінің шамасы (абсолют немесе салыстырмалы берілген) шкаланың ешбір нүктесінде мүмкін болатын негізгі қателігінен аспау керек. (абсолют немесе салыстырмалы берілген формадағы);

2) Аспап көрсетулерінің вариациясы шкаланың ешбір нүктесінде оған сәйкес шекарадан аспау керек. Вариация (үлгілі өлшеу құралы шкаласының бір ғана белгісіне көрсетулердің ұлғаюы мен азаюы кезінде баяу жақындауы жағдайындағы көрсетулердің айырымы) аспаптың құрылымдық ерекшеліктеріне тәуелді нормаланады және оған сәйкес нормалар мүмкін болатын негізгі қателіктің жартысынан осы шаманың бір жарым шамасына дейін тербеледі. Зертханалық аспаптардың көбісінде вариация мүмкін болатын негізгі қателік шекарасынан аспау керек.

Айтылғанды ескеріп, тапсырма шешуі келесідей болуы мүмкін:

1) Тексерілетін аспаптың көрсетулерді ұлғайтқан жағдайда әрбір нүктедегі абсолют қателігін анықтаймыз:

(кестенің 3 бағаны) көрсетулерді азайтқан жағдайда:

(кестенің 5 бағаны).

2) Тексерілетін аспап көрсетулерінің вариациясын анықтаймыз:

(кестенің 6 бағаны).

3) Тексеру кезінде (көрсетулерді ұлғайтқандағы 5 В белгісі үшін 0,05 В, кестенің 2 бағаны) алынған қателіктердің ішіндегі модулі бойынша максимал мәнін және вариацияның максимал мәнін (шкаланың осы берлгені үшін 0,025 В, кестенің 6 бағаны). Вариацияның максимал мәні абсолют қателіктің максимал мәнінің жартысына тең болғандықтан, шкаланың 5 В-тік белгісі үшін абсолют қателіктің мәнін мүмкін болатын негізгі қателіктің шегі ретінде таңдаймыз (осы мәннен асатын қателік жоқ).

4) Аспаптардың дәлдік класстары берілген салыстырмалы қателік шамасы бойынша қабылданатындықтан, оны тексерілетін аспаптың 5 В-тік белгісіне сәйкес анықтаймыз:

Берілген қателіктің алынған мәнін стандарт бойынша өлшеу құралына сандық мән таңдалынатын сандар тізбегімен салыстыра келіп, тексерілетін вольтметр үшін тексеру нәтижесіне сай 1,0 дәлдік класын қабылдау мүмкін деген тұжырым жасаймыз.

Ответ: Тексерілетін аспаптың дәлдік класы 1,0.