Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Монтескье Шарль Луи

.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
38.07 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Реферат

Тақырыбы: Монтескье Шарль Луи Мемлекеттік билікті бөлу теориясы

Орындаған: Аманов Ә.Ғ.

Тексерген: Шаймуханова С.Д.

Қарағанды 2014

Монтескье Шарль Луи (фр. Charles-Louis de Seconda, Baron de La Brède et de Montesquieu18 қаңтар 1689 — 10 ақпан 1755), Шарль де Секонда, барон де Ла Бред и де Монтескье – француз ағартушысыфилософсоциолог.

Негізгі еңбектері: “Парсы хаттары” (1721), “Заңдардың рухы туралы” (1748). Монтескье теология мен дінді қатты сынға ала отырып, адамзат қоғамының дамуында белгілі бір объективті заңдылық бар екендігін мойындайды. Дінді қоғамда тәртіпті сақтау үшін, адамгершілікті қалыптастыру үшін қажет деп есептейді. Монтескье адамның табиғи еркіндігі теориясына сүйене отырып, оның бақытты болуға құқылы екендігін түсіндірді. Оның саяси идеялары классикалық либерализмге негізделген. Монтескье “Заңдардың рухы туралы” еңбегінде заңдардың шығу себептерін, қалыптасуын зерттеді. Монтескье пікірі бойынша, нағыз әділ заң адамның табиғи құқығына негізделуі қажет. Монтескье адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемл. төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікірде болды. Ол мемлекеттік биліктің үш сатысын:

  1. заң шығарушы,

  2. атқарушы

  3. сот билігін бөлу арқылы басқару азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өкімет билігін теріс пайдаланып, қиянат жасауды болдырмайды деген ой айтты.

Аталған еңбекте басқарудың республикамонархия және деспоттық түрлерін айқындап, олардың өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. Билікті бөлу теориясына ерекше көңіл бөлді. Билікті әділ бөлмейінше, оны заңдастырмайынша еркіндіктің, саяси бостандықтардың жүзеге асуына жол жоқ. Монтескье мемлекетдемократия басқару жүйесін ұсына отырып, оның объективтілігін негіздеуге ұмтылды. Қоғам, оның ойынша, біртұтас әлеуметтік құрылым және тек халықтың жалпы рухы арқылы тануға болатын процесс. Монтескье философия тарихында алғаш рет географиялық орта мен оның қоғам дамуындағы орнына ерекше көңіл бөлді. Оның ойынша табиғаттың объективті заңдылығы әрбір халықтың психологиясы мен тұрмысына ерекше әсер етеді. Әсіресе климаттың, топырақ пен жер қыртысының адамдардың мінез-құлықтары мен халықтық әдет-ғұрыптардың қалыптасуына ықпал ететіндігін атап көрсетті. [2]

Өмірбаяны

Монтескье француз ағартушыларының ішінде ең үлкені болды. Ол 1689 жылы Ла-Бред сарайында орташа дәулетті дворян отбасында дүниеге келген. Оның ағасының баласы жоқ болғандықтан, Монтескьеге бар дүниесін, атағын, қызметін мұраға қалдырады. Бұл болашақ жазушының бүкіл ғұмырын толығымен әдебиетке арнауына мүмкіндік берді. 1705 жылға дейін бес жыл бойы діни училищеде білім алды. Монтескье француз қоғамының заң саласын толық оқып, жетік меңгеріп шыққандықтан елдегі экономикалық, әлуметтік және саяси келеңсіздіктерді айқын аңғарып отырды. Оқуын бітірген соң Бордо академиясының мүшесі болып тағайындалады. 1720 жылы Монтескье «Парсы хаттары» деген шығарма жазып, бір жылдан кейін бұл шығармасын жасырын атпен жариялайды. Бұл романдағы автордың негізгі идеясы кейіннен «Рим империясының ұлылығы мен құлауының себептері туралы ойтолғамдар» және «Заңдар рухы» еңбектерінде кеңінен әңгімеленеді. Монтескье ғылыми мәселелерді академиялық қызығушылық үшін емес, адамдардың қоғамдық өмірін жақсарту үшін зерттеп, ғалым-күрескер ретінде танылды. «Парсы хаттары» деп аталатын туындысында бай әрі атақты Өзбек Европамен, оның мәдениетімен танысуға барады. Өзбек өз жерінде достарын, керемет сарайын, көптеген әйелдерін қалдырып кетеді. Соларға көрген-білгені туралы, Европа өркениеті туралы хатқа жазып жіберіп отырады. Осылайша Монтескье патшаның сақ цензурасынан құтылады. Яғни француз жерінде болып жатқан түрлі жағдайларды Өзбектің хаты түрінде баяндайды. Өзбек өз хаттарында француз қоғамының мансапқорлығын, жалқаулығын, екіжүзділігін, көрсе қызарлығын және басқа кемшіліктерін әшкерелейді. [3] Эпистолярлық романның шегінен шықпай-ақ, Монтескье өз романын саяси трактатқа айналдырады. Ол өзі бұл шығарманы ХҮІІІ ғасырда ағартушылар тудырған философиялық трактат жанрына жатқызады. Онда шығыстық деспотизм мен батыстық монархияны сынға алып, республиканы қолдайды. Монтескье католиктік шіркеуді, патша билігін нысанаға алады. Оның пікірінше құдай адамды емес, адам құдайды өздеріне ұқсатып қиялынан жаратқан. 1751 жылы Готье атты бір аббат жазушыға қарсы «Парсы хаттары» – бұл сұрқия кітап» деген брошюра шығарады. Монтескье өркениетті елдердің басқыншылық саясатына, сол жердің тұрғындарын қанауына түбегейлі қарсы. Құл сату, қара нәсілділерді Америкаға зорлықпен, күштеп апарып, сатуға қарсы. Ол соғыстың екі түрін ғана мойындайды: біріншісі өз отанын сыртқы жаудан қорғау, екіншісі, басқыншылыққа ұшыраған жақтасыңа көмектесу. Ал басқа соғыстардың барлығы әділетсіз және заңсыз деп түсінеді. [4] Монтескьенің «Парсы хаттары» өте сәтті шығады. Автор есімі баршаға танылады. Біраз оқырманды шығарманың шын мәніндегі астарлы мазмұны емес, жеңіл, біршама еркін формасы, онда суреттелген аристократтық салондар, сарай өмірінің ұрыс-керісі қызықтырды. Ал шіркеу бұл шығарманы оқуға тыйым салды. «Парсы хаттарынан» кейін Монтескье «Кандидадағы ғибадатхана», «Пафосқа саяхат» атты шығармаларын жазады. Алайда Монтескье өзі бұл шығармаларына аса мән бермейді. Ол түбегейлі зерттеу жұмыстарымен айналысып, батыс Европа елдерін аралайды. Үш жыл бойы ол Франциядан тыс жерде өмір сүріп, Италия, Голландия, Германия, Англия елдерінің саяси-әлеуметік құрылымын зерттейді. Монтескье Англияда көрнекті саяси қайраткерлермен – Уолполоммен, Боллингброкпен, граф Честерфилдпен, Свифтпен, әуелі ағылшын патшайымының өзімен кездеседі. Англияда патша ғылыми қоғамының мүшелігіне тағайындалады. «Заңдар рухы» атты еңбегін Монтескье өзінің осы негізгі еңбегін 20 жыл бойы жазады. Мұнда ол заңдар табиғаты туралы өз көзқарасының жүйесін жасайды. «Әділ заң адамның табиғи құқықтарынан туындайды. Ол қоғамның ар-ұяты болады. Заң бәрінен де биік тұруы қажет. Халықтың және жеке тұлғаның еркіндігі заңға бағынғандығынан көрінеді. Заңға қанаушылардың қолын сұқпауын қамтамасыз ететін мемлекеттің болашағы бар» деген ой айтады. Дидро мен Гельвеций Монтескье ойларына сыни көзбен қарады. [5]«Заңдар рухы» шығармасынан кейін Монтескье әдеби еңбекпен шұғылданған жоқ. 1755 жылы дүниеден өтеді. ХУІІІ ғасырдағы француз ағартушыларынан Дидро ғана Монтескьені соңғы сапарға шығарып салысады.

МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯСЫ 

Билікті бөлу теориясы осыдан үш жүз жылдар бұрын пайда болған. Оның негізін қалаушылар болып ағылшындық философ — материалист, материализмнің идеялық — саяси доктринасын құрушы Джон Локк (1632 –1704) пен француздық философ және құқықтанушы Шарль Луй Монтескье (1689-1755) шықты.

Мемлекеттік билік бөлудің маңыздылығы мен қажеттіліктері жөніндегі Джон Локктың идеялары 1690 жылғы жарық көрген «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» деген басты еңбегінде көрініс тапса, Монтескьенің идеялары «Персиялық хат» романында мазмұндалады. Бұл еңбегінде Джон Локк «билікті бөліске салу керек, себебі абсолютті  монархия-тирандық режимнің қалыптасуына ықпал етсе, заңсыздық — адамзат болмыс — бітіміне қарама-қайшы келеді, ал билікті бөлу қағидасы негізінде пайда болған жария саяси (мемлекеттік) билік адамдардың табиғи болмыс-бітімін сақтап, мүдделерін көздейді» десе,1 Шарль Луи      Монтескье әрбір мемлекеттік биліктің үш тегі болуы керек: заң шығарушы билік, халықаралық құқық сұрақтарын жүргізетін атқарушы билік және азаматтық құқық мәселелерімен айналысатын атқарушы билік. Осы аталғандардың біріншісінде мемлекет басшысы немесе мекеме уақытша немесе тұрақты заңдар шығарады және әрекет етіп жатқан заңдардың күшін тоқтатады немесе оларға өзгертулер енгізеді. Ал екінші биліктің құзыретіне соғыс жариялау, бейбітшілік орнату, өкілдерді қабылдау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты күрделі мәселелер енеді. Сондай-ақ, үшінші билік қылмысты жазалауды, жеке тұлғалардың қақтығыстарын реттеуді жүзеге асырады. Сонымен қатар ең соңғы билікті соттық билік деп қарастыруымыз керек» деп салиқалы пікір  айтқан.

Мемлекеттік биліктің кеңестік концепциясының негізін қалаушылар Карл Маркс, Фридрих Энгельс жене В.И.Ленин мемлекеттік билікті «жұмысшы корпорация» ретінде қарастырған. Көптеген уақыт бойы билікті бөлу теориясы кеңестік ғылыммен буржуазиялық болып есептелінеді. Яғни, мұндағы концепциялар мемлекеттің әр-түрлі органдары арасында қызметті, еңбекті бөлу қажеттілігін мойындамады.

Алайда уақыт өте келе билікті бөлу теориясы кең етек жая бастады. Осылайша, мемлекеттік биліктің механизмінің элементтері деген ұғым қалыптасты. Мұндай элементтер болып мемлекеттік билік субьектісі (билік жүктелуші) мен институттар (органдар, тікелей демократия нысандары) шықты. Мемлекеттік билік қоғамда үстемдік етуші әлеуметтік топтың, яғни халықтың мүддесін көздеуші ролге ие болды.

Мемлекеттік билікті бөлу қағидасының тарихы ежелден бастау алған. Француз құқықтанушысы Монтескье 1748 жылғы атаулы бір еңбегінде «Жеке тұлға саяси бостандықта болу үшін үкімет адамдар бір — бірінен қорықпайтындай дәрежеде ұйымдастырылуы қажет. Егер заң шығарушы және атқарушы билік бір адамның немесе бір магистратура органдарының иелігіне шоғырланса, онда бостандық болуы мүмкін емес, мұндай жағдайда қоғамда үрей, қорқыныш пайда болады және бүкіл билікті бір өзінің қолына алған монарх немесе сенат тирандық заңдар шығарып, оны тирандық сипатта қолдануы мүмкін.

Сонымен қатар, соттық билік заң шығарушы және атқарушы биліктен бөлінбесе, онда бостандық туралы әңгіме қозғау мүмкін емес. Егер сот билігі мен заң шығарушы билік біріксе субъектінің өмірі мен бостандығы ақылға қонымсыз кетуі мүмкін. Ал атқарушы билікпен біріксе сот қатыгездікке бой ұрады», — деген.

1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-ының бұрын буржуазиялық саяси институт ретінде үзілді-кесілді теріске шығарған билік бөлісу қағидасын бірінші рет жариялаған акт. Қазақстан КСР-ының 1978 ж. Конституциясы, жалпыға мәлім, бұл органда ешқандай бүкіл билік болмаса да, Жоғарғы Кеңеске бүкіл билікті бекітті. Жоғарғы өкілді органның бірыңғай билігінің мәні, міне осында. Алайда, Қазақ, КСР-інің Жоғары Кеңесі Парламенттей болған жоқ, өйткені онда билік бөлісу және тұрақты жұмыс істейтін жоғарғы өкілді органдары болған жоқ.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы Жоғарғы Кеңеске кең өкілеттілік бергені сондай мемлекеттік   билікті   бөлісу   қағидасы шын мәнінде болған жоқ. Сонымен қатар, тежемелік және тепе тендік жүйесі де орнықтырылмады. Сөйтіп, 1993 жылғы Конституция мемлекеттік билігінің қайшылықты құқықтық, базасын жасады. Тұрақты жұмыс істейтін Жоғарғы Кеңес әрине, өз қызметін толық атқара алмады. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікірінше, «Қазақстан үшін парламенттік республиканың орнықтырылмаған себебі онда парламентаризмнің дәстүрі мен мәдениеті, көп партиялылықтың дамыған жүйесі болмады және ең бастысы, мұның бәрін халықтың қалың санасы қабылдамады.  Бүгінгі таңда бізде ол жоқ».

1993 жылдың қаңтарында қабылданған Конституцияда Президенттік басқару жүйесі орнықтырылмады. Мұнда Президент биліктің бірде-бір тармағына жатқан жоқ. Конституциялық Сот органы болып табылмайтын Конституциялық Кеңеспен алмастырылды. Жоғарғы Соттың шеңберінде біртұтас жүйе орнықты. Осындай қайта құрулар нәтижесінде мемлекеттік биліктің Президенттік басқару жүйесіне тән жоғарғы және жергілікті органдарын қайта құрулар негізінен аяқталды.

Қазақстан Республикасының «Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну және өзара іс-қимыл жасау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады» делінген (3-бап 4 тармақ). Мемлекеттік билік жүйесі тек көлбегей ғана емес тік те бөлу қағидаларына негізделген. Алайда, біртұтас мемлекеттік билікті тік бөлудің жоғарғы және жергілікті мемлекеттік органдарының арасында іс жүргізуді шектеуде өзіндік ерекшелігі бар. Қазақстанның Конституциясы және тиісті заң актілері мемлекеттік билік органдарына, бір жағынан олардың жергілікті жерлердегі мәселелерді шешуге, екінші жағынан жоғарғы органдардың өкілеттігіне араласып, біртұтастық қағидасын бұзуға болмайтындай өкілеттіктер шегін белгіледі.

Билік бөлу қағидасының маңызды болатын себебі ол мемлекеттің ұйымдастырылуының, оның тетіктерін белгілейді. Конституция бұл қағиданы тану алдыңғы қатарлы демократиялық мемлекеттердің тарихи тәжірибиесін ескертуді, құқықтық мемлекет бағыт ұсынуды білдіреді.

Қазақстан Республикасында Конституция нормаларын талдау билік бөлу жүйесінде Президенттің жағдайы ерекше деп есептеуге негіз қалайды. Біріншіден, Президент толық күйінде биліктің бірде-бір тармағына қойылуы мүмкін емес, екіншіден, оның биліктің барлық тармағына қызметіне бірдей араласуына мүмкіндік беретіндей құқығы бар, үшіншіден, оның өкілеттілігі мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызметін билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасіз ете алады.

Конституцияға сәйкес мемлекеттік билікті шығарушылық, атқарушылық билік, сот билігі тармақтарына бөліну принципінің қабылдануына орай – Қазақстан халқының еркі мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы болып табылады. Міне, осыдан келіп мемлекет органдарының қызметі халықтың еркі негізінде жүзеге аса бастады. Ал, мемлекеттік билік органдарының қызметің, өзара іс-қимылын үлестіруші күш болып – Президент болады.

Мемлекеттік билікті бөлу біздің дербес және тәуелді мемлекетіміз үшін жаңа қағида болғанымен, басқа елдерде ол ежелден бері қолданыста.

Билікті бөлу теориясы көптеген саясат зерттеушілерімен анықталды: идея Аристотелмен айтылып, теориялық, тұрғыдан Джон Локкпен (1632-1704 ж.ж) негізделді және дамыды, классикалық түрде Шарль Луй Монтескьемен (1689-1755 ж.ж) әзірленіп, бұдан кейін Алексендр Гамильтонмен, Джеймс Мэдисонмен жанданды.

Билік бөлу теориясының негізгі ережелері мынадай:

1) Билікті бөлу Конституциямен бекітіледі.

2) Конституцияға сәйкес Заң шығарушы, атқарушы   және соттық     билік әр-түрлі органдармен және адамдармен ұсынылады:

3) Барлық, билік тең

4) Ешқандай билік өзге билікке тиесілі құқықтарға ие бола алмайды.

5) Соттық билік саяси ықпал етуден тәуелсіз.

Билікті бөлу қағидасының теориялық және практикалық қайнар көздері — Ежелгі Греция мен Римде.

Ежелгі Грецияда Солон архонт бола тұра 400 кеңесін құрды және өз өкілеттігі бойынша бір-бірімен деңгейлес ареопаг қалдырды. Солонның сөзі бойынша осы екі орган мемлекеттік кемені кез-келген дауылдан қорғайтын якор болды. Кейінірек, б.э.д IV-ғасырда Аристотель өзінің «Саясат» еңбегінде мемлекеттік құрылыстың үш элементін көрсетті: заң шығарушылық кеңестік орган, магистратуралар және сот органдары. Екі ғасыр өткеннен кейін грециялық тарихшы және саяси қызметкер Полибий (210-123 ж.ж. б.э.д.) бұл құрамдас элементтердің қарсыласы отырып, бір-бірін қолдап отыратынын көрсетті. Ол аты аңызға айналған спартандық заң шығарушы Ликург туралы жазды.

Биліктің бөліну теориясы өзінің теориялық дамуын орта ғасырда тапты. Яғни Ағылшын философы Джон Локк (1690 ж) «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» деген еңбегінде биліктің жекелеген бөліктерінің өзара әрекеті және өзара байланысы қағидасын қарастырған. Мұнда басымдылық билік бөлу механизмінде заң шығарушы билікте қалды. Ол елде жоғары, бірақ абсалютті емес. Қалған биліктер заң шығарушыға қарағанда бағынушы сипатқа ие.

«Мемлекеттік басқару туралы екі трактаттан» кейін жүз жыл өткен соң 1789 жылы 26 тамызда Францияның Ұлттың Жиналысымен қабылданған адамдар мен азаматтардың құқықтарының Декларациясында «Билік бөлінбеген және құқықтарды пайдалануға қамтасыз етілмеген қоғамда, Конституция болмайды» делінген.

Джон Локктың көзқарасы француздық философ Шарль Луй Монтескьенің билікті бөлудің классикалык теориясын дамытты. Монтескьенің пікірі бойынша билікті бөлу жүйесінің болуы қоғамды мемлекеттік билікті шектен тыс пайдаланудан сақтайды. Ол «заң шығарушы және атқарушы билік бір тұлғаның қолына немесе бір мекемеге біріксе, онда бостандық болмайды, себебі сенат пен монарх тирандық заңдар шығарады. Сонымен қатар, егер сот билігі заң шығарушы және атқарушы биліктен бөлінбесе бостандық та болмайды. Егер осы үш билік бір мекемеге, бір тұлғаға біріксе онда бәрі құриды» деп жазған.

Бұл заңды. Себебі біз қазір өз таңдауымызды жасап мемлекеттік билікті өз орнына қоюдамыз. Бұл жерде жоғарыда аталған өткен ойшылдардың да пікірін бетке ұстадық.

Өздеріңізге белгілі, екі жүз елу миллионнан астам халықты бір ұранның астында ортақ саяси көзқараспен ұстаған Кеңес Одағы араға жетпіс жылдан астам уақыт салып күйреп, ыдырап, жеке-жеке отау тіккен он бес мемлекетке айналды. (Бұл санның көбеюіде ғажап емес).

Бұдан кейін, қоғамдық қатынастың жаңа құрылымында қай бағытта дамып, билікті қай шеңберде ұстау керек деген күрделі сұрақ біздің жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасын мазаландырылғаны ақиқат. Алайда, еліміз өз таңдауын жасады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық болып бекітілді. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.