Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция когнитив.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
667.65 Кб
Скачать

Жоспары:

1. Көне заман филологиясы: көне үнді, грек, араб, қытай тіл білімдері. Орта ғасырлар мен қайта өркендеу дәуірі.

2. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. тіл білімі

1.Көне заман филологиясы: көне үнді, грек, араб, қытай тіл білімдері . Орта ғасырлар мен қайта өркендеу дәуірі.Тіл тарихы – таным теориясы қалыптастыратын білімдердің бірі. Тіл туралы ғылым белгілі шамада болса да, жазу тілі, жазба ескерткіштері бар жерде ғана туып, қалыптаса алады.

Тіл білімі тарихын зерттеуші ғалымдардың басшылыққа алатыны историзм принципі. Бұл принцип бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір сүрген алуан түрлі тілдік мектептер, концепциялар сол өз дәуірі тұрғысынан бағаланып, олардан бұрын не бар еді, бұлар не қосты, кейінгілердің өздерінен бұрынғылардан артықшылығы қандай деген тұрғыда қаралуы керек.

Тіл білімі тарихын шартты түрде төмендегідей жіктеуге болады. Олар:

1. Ежелгі дәуір тіл білімі; 2. Орта ғасыр тіл білімі; 3. Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі; 4. 19 ғасыр тіл білімі; 5. 20 ғасыр тіл білімі.

Ежелгі дәуір тіл білімі.Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі – атау, ат қою теориясы да, екіншісі – грамматикалық өнер проблемасы. Мұның біріншісінде – зат атаулары қалай пайда болған, атаулардың өздері атауы болған заттармен, құбылыстармен, оқиғалармен қандай байланысы бар? Атаулардың дұрыс я теріс қойылуының қандай мәні бар? дегендерді сөз етушілер – философтар болған және бұл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Грамматикалық теория жазба ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған. Сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі, әдетте, филология дәуірі деп те аталады.

Ежелгі Қытай тіл білімі.Қытай жазба ескерткіштері біздің заманнан 15 ғасыр бұрын пайда болған.Олар мал сүйектеріне, әсіресе, жауырынға жазылып сақталған. Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, б.ж.с. бұрынғы 551-479 жж. арасында өмір сүрген философ ғалым – Конфуций (Кун-Цзы).

Ежелгі Үнді тіл білімі. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы 5 ғасырдан басталады. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіліктен туған. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған «Веда» аталатын жазба ескерткіштері болған. Олардың ең көне түрі «Ригведа» көне үнді тілі санскритке жатады. Ол халықтың ауызекі сөйлеу тілі пракритке қарама-қарсы қойылып зерттелген. Яски «Веда» тілінің 5 томдық сөздігін жасап, түсінік берген. Зерттеушілердің айтуынша, Панини еңбегі – тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипатта грамматика.

Ежелгі Грек тіл білімі.Ғалымдардың айтуына қарағанда, Грек тіл білімі Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» жырының тілін зерттеуден басталған. Грек тіл білімі екі кезеңге бөлініп қаралды: бірі – философиялық кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.), екіншісі – филологиялық кезең. Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткені – атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер. Гераклит бастаған топ – атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз табиғат туындысы десе, Демокрит бастаған топ бұған қарсы – зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс – шартты, кездейсоқ байланыс деген дұрыс тұжырым жасайды.

2.ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. тіл білімі..

Орта ғасыр тіл білімі. Еуропа тарихы тұрғысынан қарағанда Орта ғасыр уақытын 3 кезеңге бөлуге болады: 1) 3-5 ғасырлар аралығы. Бұл – құлдық дәуірдің ыдырып, феодалдық қоғамның құрыла бастаған кезеңі; 2) 6-10 ғасырлар аралығы. Бұл- феодалдық қатынастың әбден орнығып, гүлденген заманы; 3) 11-16 ғасырлар аралығы. Бұл – феодалдық қатынастың ыдырап, капиталистік қоғамның туа бастаған, тарихта қайта өркендеу дәуірі (ренессанс) деп аталатын кезең. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің әлемдік діндерге айналуы. Оған будда, ислам, христиан діндерін жатқызуға болады. Дүниежүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүннет-парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Бұл тіл – тіл ғылымында канондық тіл деп аталады.

Араб тіл білімі.Араб оқымыстыларының ерекше көңіл бөлген және зор табысқа жеткен саласы – лексикография. Мысалы, бір ғана араб оқымыстысы әл-Фирузабади «Хомус» (мухит) атты 60 томдық сөздік жасаған. Араб тіл ғалымдары ғылым тарихында бірінші болып, әр түрлі тілдер материалын салыстыра, зерттеу тәсілін қолданған. Осы тәсілді қолданып, бірінші болып сөздік жазған араб ғалымы Махмуд Қашқари («Девону лугат-ит-түрк») болды.

Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. Бұл дәуір 14-16 ғасырлар арасын қамтиды. Бұл дәуірдің лингвистикалық проблемасы: а) ұлттық тілдердің қалыптасып, дамуы; ә) бұрын белгісіз, жаңадан ашылған тілдерді үйрену, зерттеу; б) ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой-пікірін көркейтіп қайта дамыту. Қайта өркендеу дәуіріндегі ерекше қолға алынған тағы бір мәселе – орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып жариялау, оларға филологиялық талдаулар жасау болды. Сөйтіп, бірінші орынға канондық тіл емес, әр халықтың, әр ұлттың өзіндік сөйлеу тілін, ана тілін қояды, соны зерттеп, соның сырын ашуды көздеді.

19 ғасыр тіл білімі. Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни 19 ғасырдан көп бұрын, белгілі болған. 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың бас кезінен бастап ғалымдыр назарын ежелгі үнді тілінде жазылған ескерткіштер мен лингвистикалық зерттеулер аудара бастады.

20 ғасыр тіл білімі.Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. 19 ғасырдың соңғы он жылы мен 20 ғасырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестірілді. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды.