Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция когнитив.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
667.65 Кб
Скачать

Курс бойынша глоссарий (түсініктеме)

Тіл және қоғам - тілдің пайда болуының, дамуы мен қызметінің сипаты, қоғамның таптарға, топтарға бөлінуіне сәйкес тілдің әлеуметтік жіктелісі, тілге қоғамның әсер етуімен байланысты туған қостілділік, көптілділік, шет тілдердің халықаралық сипат алуы т.б. – бәрі де тілдің қоғамдық табиғатымен байланысты.Тіл мен адамзат қоғамының пайда болуында тікелей байланыс бар.

Тіл саясаты - әлеуметтік өмірде, мемлекетте тіл мәселелерін шешу үшін қолданылатын идеологиялық принциптер мен практикалық шаралардың жиынтығы. Көптілділік, ұлттың құрамы мен ұлтаралық қатынастардың ерекшелігі, қоғам өмірінде жеке тілдердің рөлі сияқты факторлар көп тілді мемлекетте тіл саясатын аса күрделі мәселеге айналдырады.

Тілдік жағдаят – бір тілдің немесе бір территориялық -әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдік формалардың (жергілікті, әлеуметтік диалектілер, койне, жаргон, тілдің функционалды стильдік түрлері) белгілі географиялық аймақ, болмаса саяси-әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру формасының жиынтығы.

Билингвизм – қостілділік, қоғамда (мемлекетте) белгілі әлеуметтік топтардың екі тілде сөйлеуі.

Жасанды тілдер – белгілі бір қоғамдық салада табиғи тілдерді қолдану тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда жұмсалатын, қолдан жасалған ұлтаралық, халықаралық қатынас құралы.

Эсперанто – ең көп тараған халықаралық жасанды тіл, халықаралық қарым-қатынастың қосымша құралы. Оны 1887 ж. варшавалық дәрігер Л.Заменгоф жасаған. Эсперанто деген оның бүркеншік аты, кейін жасанды тіл атауына айналған.

Волапюк – көмекші тіл ретінде 1879 ж. неміс католигі И.М.Шлейер ұсынған халықаралық жасанды тіл, бірақ ол көп тарап қолданыс таппаған.

Креол тілдер – белгілі бір еуропалық тілдің бір кезде отарланған байырғы халықтың қатынас құралы ретінде қолданылуы нәтижесінде туған аралас тіл. Креол тілдер негіз тіл мен жергілікті халық тілінің пиджинделу процесі негізінде туып, жергілікті халыққа ана тіліндей қызмет етеді.

Пиджинделу – Креол тілдердің жасалу процесі. Пиджинделу процесі негіз тіл мен оған ұқсамайтын басқа тіл иелерінің шектелуі қарым-қатынас жағдайында өтеді.

Әлем тілдері жер шарын мекендейтін халықтар тілдері. Олардың жалпы саны 2500-нан 5000-ға дейін, бірақ дәл санын анықтау мүмкін емес, себебі әр түрлі тілдер мен бір тілдің диалектілерінің арасындағы айырмашылық шартты түрде белгіленген.

Әлемдік тілдер - әртүрлі мемлекеттердегі халықтардың қарым-қатынас құралы қызметін атқаратын тілдер.

Тіл мен ойлау – қоғамдық қызметтің өзара тығыз байланысты, мәні және арнайы белгілері жағынан ерекшеленетін екі түрі. Ойлаудың құралы – тіл, оған басқа таңбалар жүйесі де жатады. Таңбалық қызмет арқылы тіл ойдың материалдық күйін білдіреді. Тіл мен ойлаудың тарихи дамуы нәтижесінде олардың қарым-қатынасы өзгеріске ұшырап отырады. Қоғам дамуының алғашқы кезеңдерінде қарым-қатынас құралы ретінде дамыған тіл өзі де ойлау процесіне әсер етіп отырған. Жазудың шығуы тілдің ойлауға ықпалын онан сайын күшейтті. Жалпы алғанда, ойдың жан-жақты дамуы оның тілге ықпалын арттырған.

Тілдік мағына - объективтік дүниедегі заттардың, құбылыстардың, болмыстардың санадағы бейнесі негізінде пайда болған мазмұны.

Менталингвистика - тіл мен ойдың қарым-қатынасын, байланысын зерттейтін ғылым саласы.

Семиотика – таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамында қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт-дәстүр, кинот.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән. Семиотика заңдылықтары семиотикалық жүйелердің негізгі құрылымдық элементтерінің (фонема, морфема, сөз, сөйлем, дауыс ырғағы) бір-біріне қарама-қарсы келуі арқылы анықталады.

Семиология – таңбалар және олардың қасиеттері туралы ғылым. Қазіргі кезде бұл терминнің орнына семиотика термині кең қолданылады.

Таңбалаушы – белгілі бір нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұратын материалдық көрсеткіш, таңба.

Таңбаланушы – таңбаның білдіріп тұрған мағынасы.

Тілдік таңба – тіл бірліктерінің затты, оның қасиетін, болмысқа қатыстылығын білдіретін материалдық-идеялық (екі жақты) құрылымы. Тілдік таңбалардың жиынтығы ерекше таңбалар жүйесі – тілді жасайды. Тілдік таңба мазмұн мен дыбысталудың, яғни таңбаланушы мазмұн мен таңбалаушы дыбыстардың бірлігінен тұрады.

Лингвосемиотика – тілдік таңбаларды қарастыратын, тілдік элементтердің таңбалық сипатын ашып, олардың құрылымдық, функционалдық ерекшеліктерін, мағыналарын айқындайтын семиотиканың бір саласы.

Паралингвистика – 1) хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды тәсілдермен қоса сөйлеу үстінде қолданылатын вербалды емес амалдармен берілуін зерттейтін тіл білімінің саласы; 2) сөйлеу кезінде қолданылатын вербалды емес тәсілдердің жиынтығы. Паралингвистика құрамындағы универсалдық, этнолингвистикалық, идиолектілік компоненттеріне қарай ажыратылады.

Паракинесика – ақпарат хабарлардың сөз түрінде берілмейтін түрін қарастыратын саласы.

73