Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция когнитив.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
667.65 Кб
Скачать

3) Лингвистика мен философия ғылымының байланысы

Бүгінгі таңда қазақ тіл білімінде тілге жаңаша көзқарас пайда болады. Онда негізінен тілді логикалық, философиялық тұрғыдан зерттеу кең етек алуда. Яғни бұл дегеніміз тіл білімі антропоцентристік бағытта зерттелуде деген сөз. Бұл бағыттың етек алуы соңғы 10-15 жылдың шеңбері деп айтуымызға негіз бар. Бұғанға дейін тіл білімі структуралистік бағытта зерттелген болатын. Жалпы айтқанда қазақ тіл білімі кеңес дәуірінде толықтай структралистік бағытта зерттелінген болатын.

Тілдің мәні, оның таңбалық сипаты, тілдің шығуы мен дамуы, ойлау мен тілдің ара қатысы және т.б. проблемаларды зерттеп шешу үшін, философия тіл біліміне бағыт –бағдар сілтейді, аталған проблемаларды шешудің принципін белгілейді. Адамның ойлауы тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, философия адамның ойлау процесі, анығырақ айтқанда, өзін қоршаған дүниені адамның тану процесі тілде қалай көрінеді деген мәселені ескерусіз қалдыра алмайды. Бұл мәселе таяныш етілетін негізгі философиялық позиция тұрғысынан шешілуге тиіс: диалектикалық материализм материя алғашқы да, сана екінші, туынды деп есептейді. Бұл қағида – кеңестік ғалымдардың баршасына қатысты, соның ішінде тіл біліміне де, бірдей қатысты, бірдей ортақ басты қағида саналды. Бізді қоршаған айнала дүние және оның заңдары адам санасынан тыс және оған тәуелсіз өмір сүреді, адам оны еңбек процесінде таниды және қажет жағдайда өз керегіне жаратады. Адамның ойлауы тіл арқылы материалды жамылғышқа оранады да, обьективті шындықты көрсетеді. Обьективті шындықта болатын нәрсенің, танылғанның бәрі де тілде белгіленеді.

Тілдің теориялық мәселелерін тек жалпы тіл білмі ғана емес, сонымен бірге тілдің философиясы (философия языка) мен тілдің психологиясы да (психология языка) қарастырады. Жалпы тіл білімі тіл туралы ғылымның бір саласы болып саналса, тілдің философиясы философия ғылымының бір саласы болып саналады да, ортақ проблемаларды бірлесе зерттейді. Мәселен, жалпы тіл білімінде, тілдің философиясына да бірдей қатысты мәселелердің бірі – сөз және онымен белгіленетін заттың арасындағы байланыстың сипаты туралы мәселе (белгілі бір зат басқаша емес, неге осылайша аталады деген сауалға жауап қайтару мәселесі) өте ерте дәуірлерден бастап талқыға түскен болатын. Сондай–ақ тілдің ойлауға қатысы туралы мәселе де жалпы тіл білімі мен тілдің философиясына бірдей қатысты басты проблемалардың бірі болып саналады. “Атаудың табиғаты, тілдің ойлаумен байланысы – тілдің мәнінің проблемасына енетін мәселелер. Бұл проблема тіл философиясында да, жалпы тіл білімінде де қарастырылады; сөйтіп тіл мәнінің проблемасы тіл философиясы мен жалпы тіл біліміне ортақ болып табылады.”

Тіл білімі тілдегі әр түрлі формаларды қарастырып, соларға талдау жасайды. Бұл, әрине тіл білімі үшін негізгі және маңызды мәселе. Әйтсе де, тіл білімі тек формаға ғана назар аударып қоймайды. Марксистік философия өмірдегі барлық заттар мен құбылыстарда мазмұн мен форма өзара байланыста, диалектикалық бірлік те болады деп үйретеді. “Мазмұнның өмір сүруі үшін, белгілі бір формаға енуі, соған орануы, сол арқылы белгіленуі шарт. Белгілі бір формасы болған жағдайда ғана, мазмұн туралы сөз ете аламыз. Тіл де – осындай құбылыс. Тіл мазмұны мен мағынасы жоқ формалардың жиынтығы емес, тілдегі формалардың да, басқа да құбылыстардың да формасындағы сияқты, мағына, мазмұны бар.” Осылай болғандықтан лингвистика да тілдегі формаларды зерттегенде, ол формаларды мағынасы мен, мазмұны мен байланысында зерттеу, олардың бір-бірімен ара қатынасына назар аударып отыру міндеті туындайды. Тілді оның формасы мен мазмұнының бірлігі, байланысы тұрғысынан зерттегенде ғана, оның (тілдің) дамуының жалқы (жеке) заңдары мен жалпы заңдарының табиғатын ашып айқындауға және жете түсінуге болады. Міне, осы мағынада тіл білімі белгілі дәрежеде философиялық ғылым болып табылады, нақты тілдік құбылыстарды зерттеумен бірге, жоғарыда аталып өткендей тілдің философиясына қатысты мәселелерді де өзіне нысана етіп алады. Бұл айтқандарымыздың бәрі де лингвистика мен философия ғылымдарының өзара байланысты ғылымдар екенін көрсетеді.

Қорыта келгенде, бұл деректер тіл білімінің көптеген ғылымдармен байланысты екендігін, ол байланысты жете білудің теориялық жақтан болсын, практикалық жақтан болсын, ерекше маңыздылығын және бұл мәселелердің әсіресе ғылымға деген ынта мен құштарлықты арттыруда ролі өте зор.

Ірі ақыл-ой иелерінің, лингвистердің, философтардың, басқа да ғылымның салаларымен маманданған көрнекті оқымыстылардың тіл және философия ғылымдарының сабақтастығынан туындаған ғылым – лингвофилософияға айрықша назар аударуы оның тартымды, айрықша маңызды екенін аңғартады.

Жоғарыда айтқандарымыздың бәрі де лингвофилософия ғылымының теориялық жақтан да, практикалық жақтан да зор маңызы бар ғылым екендігін көрсетеді.

Сөйтіп, тіл мен даналық – халық мұрасы. Оны зерттейтін лингвофилософия – абыройлы да, ардақты да қажетті ғылым.