Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция когнитив.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
667.65 Кб
Скачать

Негізгі әдебиеттер:

  1. Э.Оразалива Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. –Алматы: «АнАрыс», 2004.

  2. Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы, 2004.

  3. Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. Учебное пособие. Москва, 1979.

  4. Лингвистический энциклопедический словарь. Москва, 1990.

  5. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Москва, 1969.

  6. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің сөздігі. Алматы, 2005.

  7. Кодухов В.И. Общее языкознание. Учебник. Москва, 1974.

  8. Общее языкознание. Москва, 1970; Москва, 1972; Москва, 1973.

  9. Хасенов Ә. Тіл білімі. Оқу құралы. Алматы, 1996.

  10. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқу құралы, 2001.

  11. Соссюр Ф.де. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию. Москва, 1977.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Бенвенист Э. Общая лингвистика. Москва, 1974.

  2. Бодуэн де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. Т. 1-2. Москва, 1963.

  3. Гумбольдт В. фон. Избранное труды по языкознанию. Москва, 1984.

  4. Чикобава А.С. Проблема языка как предмета языкознания. Москва, 1959.

  5. Хомский Н. Язык и мышление. Москва, 1972.

  6. Мұқанов М. Бақылау иен ойлау. Алматы, 1959.

  7. Панфилов В.З. Взаимоотношение языка и мышления. Москва, 1971.

• Сабақ 2 «Тіл білімі және философия (лингвофилософия) ғылымдарының өзара сабақтастығы» (1 сағат)

Жоспары:

1 ) Лингвистика ілімінің ғылымдар жүйесіндегі орны

2 ) Тіл философиясы

3 ) Лингвистика мен философия ғылымдарының өзара сабақтастығы

Тіл білімі мен философия ғылымының өзара сабақтастығынан гуманитарлық ғылымдар жүйесінде “лингвофилософия” деген ғылым саласы туындады.

Тілдің теориялық мәселелерін тек жалпы тіл білімі ғана емес, сонымен бірге тілдің философиясы (философия языка) мен тілдің психологиясы да (психология языка) қарастырады . Жалпы тіл білімі тіл туралы ғылымның бір саласы болып саналса, тілдің философиясы философия ғылымының бір саласы болып саналды да, ортақ проблемаларды бірлесе зерттейді. Мысалы, жалпы тіл біліміне де, тілдің философиясына да бірдей қатысты мәселелердің бірі – сөз және оның белгіленетін заттың арасындағы байланыстың сипаты туралы мәселе өте ерте дәуірлерден бастап талқыға түскен болатын. Ондағы негізгі мәселелер белгілі бір затқа басқаша емес, неге осылайша аталады деген сұрақ төңірегінде өрбіді. Сондай-ақ, тілдің ойлауға қатысты туралы мәселе деп жалпы тіл білімі мен тілдің философиясына бірдей қатысты басты проблемалардың бірі болып саналады. А.С.Чикобова: “Атаудың табиғаты, тілдің ойлаумен байланысы – тілдің мәнінің проблемасына енетін мәселелер. Бұл проблема тіл философиясында да, жалпы тіл білімінде де қарастырылады; сөйтіп, тіл мәнінің проблемасы тіл философиясы мен жалпы тіл біліміне ортақ болып табылады.” деген ой айтады.

Тіл білімі мен философия ғылымының өзара сабақтастығы “Лингвофилософияны” өмірге әкелсе, “Лингвофилософия” – тіл ғылымының тілдік теориясы мен философиялық методологияның негізі. Ол – бүкіл тіл туралы ғылымның бағыт-бағдарын белгілейтін компас ғылым. “Лингвофилософия” ғылымының алға қоятын мақсаты – ғылыми теориялық білімнің ең негізгі, өзекті мәселелерінен ақпарат береді. Біздің шағын зерделеу жұмысымызда тіл білімі мен философия ғылымының өзара сабақтастығы жөнінде мәлімет жинауға негізделіп, тіл білімі мен философия ғылымының өзара байланысы мен өткен тарихынан, ғылым алдында тұрған негізгі проблемалар жөнінде мәлімет берумен қатар сол проблемаларды ой таразысына салып безбендеу.