Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция когнитив.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
667.65 Кб
Скачать

1) Лингвистика ілімінің ғылымдар жүйесіндегі орны

Әдетте ғылым атаулы екі топқа бөлінеді: біріншісі – жаратылыстану ғылымдары, екіншісі – қоғамдық ғылымдар . Ғылым атаулының бұлайша екі топқа жіктелуі олардың нені зерттейтіндігімен байланысты. Шындық болмыстағы құбылыстардың бір тобы материалдық құбылыстар, демек жаратылыс құбылыстары болса, келесі бір тобы – қоғамдық құбылыстар. Материалдық құбылыстарды, жаратылыс құбылыстарын жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, биология, математика және осылардан бөлініп шыққан басқа ғылымдар) зерттесе, адамзат баласы өмір сүріп отырған ортадағы құбылыстарды, яғни қоғамдық құбылыстарды – қоғамдық ғылымдар (философия, тарих, саяси экономия, заң ғылымдары және т.б) зерттейді.

Осы орайда лингвистика ғылымы осы аталған ғылымдардың қай тобына жатады деген сұрақ туады. Бұл мәселе ғылым тарихында түрліше қаралып, осыған орай, түрліше шешіліп келеді. Мәселен, ХІХ ғасырда кейбір ғалымдар тілді жаратылыс құбылыстарының қатарына жатқызды да, осыған орай, тілді зерттейтін лингвистика ғылымын жаратылыстану ғылымдарының категориясына жатқызып, тілді жаратылыс құбылысы ретінде қарастырады. Неміс лингвисі Август Шлейхер (1821-1868) дәл осындай пікірде болып, тілді жанды зат, тірі организм секілді құбылыс деп қарастырады. Оның пікірінше, тілде жанды зат секілді туады, өседі, көбейеді, қартайып тозады, ақыры өледі. Август Шлейхер тілді биологиялық құбылыстардың қатарына жатқыза келіп, оны зерттейтін лингвистика ғылымын да жаратылыстану ғылымдарының санатына қосады. Алайда, ғылымда Август Шлейхердің бұл тұжырымын теріске шығарған да ғылыми көзқарастар бар. Оның себебі: тіл мен тірі организмнің арасында түбірлі айырмашылықтар бар екені дәлелденді. Олай дейтін себебіміз тірі организмнің өлуі биологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын шарасыздық. Ал тіл қандай да бір тірі организнен болсын әлде қайда өміршең ұзақ өмір сүреді. Бұған тілдің кулмулятивтік қызметін жатқызуға болады. Тіл өз дамуының ішкі заңдары бойынша дамып, қалыптасып отырады, бірақ оның тірі организм секілді өмірін тоқтатуы шарт емес. Тірі организм биологиялық құбылыстардың қатарынан орын алатұғын болса, тіл қоғамдық құбылыстардың қатарына жатады. Демек, тіл – қоғамдық құбылыс, сондықтан оны зерттейтін ғылым – тіл білімі де қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алары сөзсіз.

Тіл білімінің қоғамда жалпы өмірде әр түрлі ғылымдармен байланысы өзара сабақтастығы айқын дүние. Соның ішінде бізді қызықтыратын тіл білімінің бүгінгі таңдағы антропоцентристік бағыттағы зерттелуі мен осы бағыттың “жемісі” лингвофилософия ғылымы. Демек, тіл білімі мен философия ғылымының өзара жақындығы, В.ф. Гумбольдтың пікірінше: “тіл – сыртқы құблыстар әлемі мен адамның ішкі дүниесі арасындағы әлем.” Сол себептен де біз ғаламды тікелей емес, тіл арқылы түсінеміз. Міне осыдан барып тіл білімі мен философия ғылымдары арасындағы сабақтастық туралы сөз өрбітсек болады. Тіл білімі философия мен ең алдымен, методологиялық қағидалар жағынан байланысады. Және де зерттелінетін ортақ проблемалар жағынан жақындасып байланысады.