Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
komplement_zh_1199_yesinin_immundyk_zhauaptagy_manyzy.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
207.36 Кб
Скачать

Комплемент жүйесінің лектинді жолмен активтеуі

Комплемент жүйесін антиденелердің қатысуынсыз кейбір линидтер мен көмірсулар шақыра алады. Мысалы, манноза. Комп­лемент жүйесінің лектинді жолмен активтелуі маннанбайланыстырушы лектиннің (MCL - mannose-binding lectin) микробты жасушаның беткей құрылымдық көмірсуларымен, соның ішінде, манноза қалдықтарымен байланысуынан басталады.

MCL коллектинлер тұкымдастығына жатады, олар коллаген тәріздес аймақтан және лектинді доменнен тұрады. Бұл нәруыз манноза қалдықтарын көптеген микробты жасуша бетінде байланыстырады. MCL моноциттердің фагоцитозы үшін микробты жасушаларды опсонизацияға ұшыратады. Моноциттердің жетілген макрофагтардан айырмашылығы - манноза үшін меншікті рецептордың болмауы.

MCL жаңа туған нәрестелердің қан сарысуында балалы және оның деңгейі өмірінің алғашқы апталарында ересек адамдардың денгейіне жетеді. Қан сарысуындағы MCL деңгейі шамамен 1500 мкг/мл. Аталған нәруыздың мөлшері қабыну үрдістері кезінде жоғарылайды, сондықтан оны жедел кезенлік нәруыз деп атайды. Маннанбайланыстырушы лектин ТНF-а, ИЛ-1 және ИЛ-6 цитокиндері беретін белгі бойынша бауырда өндіріледі.

Екіншілік құрылысы жәнс кызметтері бойынша MCL Clq суббірлігіне ұқсас. Микробты жасушамен байланысқан кейін MCL протеазаны белсендіретін қабілетке ие болады, яғни С4 және С2 компоненттерінің активтенуі мен ыдырауын шақырады, оның салдарынан комплемент жүйесінің активтену серпілістерінің келесі кезеңдері іске қосылады. Лектинді жолдың одан кейінгі кезеңдері толығымен комплементтің классикалық жолмен активтенуіне сәйкес келеді.

Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар

Компонент фрагменттері мен кейбір бос компоненттер, сонымен қатар бактериялардың, вирустардың, саңырауқұлақтардың және жасушалардың бетінде фиксацияланған фрагменттер көптеген жасуша бетіндегі комплементке арналған мембранды рецепторлармен байланысады. Жасушалармен рецепцияға комплементтің табиғи компоненттері емес олардың әртүрлі функционалды қасисттері бар ыдыраған фрагменттері қатысады.

Комплемент компоненті ерінің фрагменттеріне арналған рецепторлар екі түрлі тұқымдастыққа жатады: комплементтің активтенуін реттегіштер тұқымдастығы (RCA - regulators of com­plement activation) және β2-интегриндер тұқымдастығы.

CR1 (CD35). Молекулалық салмағы 160-250 кД. Бұл рецептор СЗb, С4b, іС3b фрагменттерін байланыстырады жәнс жасушаларда кеңінен тараған. Олар: макрофагтар мен нейтрофилдер, В-лимфоциттер, фолликулярлы дендритті жасушалары және эритроицттер. Жұқпалардан кейін қанда еріпш иммундық кешендердің біраз мөлшері жинақталып қалады. Олардың қан айналымында болуы тамырлардың қабырғасы үшін қауіпті. Сондықтан комплементтің белсенді компоненттсрі - С4b мен СЗb ерігіш иммундық кешендермен ковалентті байланысады жәнс оларды CR1 арқылы эритроциттерге қосады, ал олар өз кезегінде иммундык кешендерді бауыр мсн көкбауырдағы макрофагтарға алып келеді. Макрофаг эритроцитті закымдамай, онын бетіндегі иммундық кешенді «шешіп» алады. Осылайша қаннын иммундық кешендерден тазаруы қамтамасыз етіледі.

СЗ b мен С4 b фрагменттерінің CR1 байланысуы нәтижесінде нейтрофилдермен және моноциттермен иммундық кешендердің фагоцитозға шұырауы ынталанады.

CR2 (CD21). Бұл рецептор көбіне В-лимфоциттер мен фолликулярлы дендритті жасушаларда кездеседі. В-лимфоциттерде CR2 рецепторы Эпштейн-Барр вирусы үшін лиганда қызметін атқарады.

CR3 және CR4. Екі рецептор да мононуклеарлы фагоциттертерде, фолликулярлы және басқа да дендритті жасушаларда, сонымен қатар NK-жасушаларында кездеседі. Эпителиалды жасушаларда CR3 экспрессиясы басымырақ. Екі рецептор де фагоцитозды ынталандырады, ал CR3 қосымша жасушалардың иммундық жабысуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, екі рецептор адгезия молекуласы қызметін атқарады және ІСАМ-1 мен ІСАМ-2 сәйкес лигандаларымен байланысады. Бұл жағдай фагоциттердің миграция мен адгезия үрдістерін камтамасыз ету үшін керек.

Сонымен, мембраналық рецепторлар комплемент жүйесінің иммундық үрдістерде көптеген зффекторлық қызметтерінің, жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Олар: фагоциттердің опсонизациясы, иммундық кешендердің шығуы, антигентаныстырушы жасушалармен иммундық кешен түріндегі антигендерді ұстау, В­ лимфоциттердің белсеінуі және апоптозға ұшырауан жасушалардың элиминациясы.

Сонымен катар, В-лимфоциттсрдің бірқатар қызметтері комплементтің рецепторлармен байланысты. Мәселен, құрамында СЗ компоненті бар иммундық кешендер В-лимфоциттерге CR3 рецепторы арқылы әсер етеді және олардың өсуі мен белсенуін ынталандырады. В-лимфоциттердегі комплементке арналған рецептор осы жасушалардың белсенуі, антигендерді ұстауы, лимфа түйіндерінде ұрықтық орталықтардың қалыптасуы, сонымен қатар В-зерде жасушаларының сақталуы үшін керек. Тимустәуелді антигендерге қарсы иммундық жауап үрдісі кезінде В-лимфоциттерде осы рецепторлардың болуы оларды апоптоздан қорғайды.