Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
komplement_zh_1199_yesinin_immundyk_zhauaptagy_manyzy.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
207.36 Кб
Скачать

Комплемент жүйесінің биологиялық әсерлері:

- нысана-жасушаларға және жоғары молекулалық иммундық кешендерге лизистік әсер ету (С5-9 кешені);

- иммундық жабысу (СЗ b фрагменті);

- хемотаксис - сұйық фазаға өткен комплемент фрагменттеріне (СЗа, С5а, С5 b 67) қарай лейкоциттердің жылжуы. Осының салдарынан иммунологиялық серпіліс дамыған ошақта макрофаттар мен нейтрофилдер жинақталады. Олар иммундық кешендер мен антиген гидролизі нәтижесінде түзілген өнімдерді фагоцитозға ұшыратады. С5 компонентінің жетіспеушілігі кезінде қабыну ошақтарында нейтрофилді инфильтрация болмайды.

- комплемент жүйесінің активтенуі СЗа және 5а анафилактоксиндерінің түзілуіне алып келеді, олардың физиологиялық ролі - мес жасушалары мен базофилдердің белсенуі мен дегрануляциясын шақыру. Натижесінде бөлінген биологиялық белсенді заттар (гистамин, серотонин, брадикинин және т.б.) қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылата отырып фагоциттердің серпіліс ошағына өтуін қамтамасыз етеді. Бірақ, СЗа мен С5а фрагменттерінің шамадан тыс түзілуі кезінде вазоактивті аминдер мен арахидон қышқылының метаболиттерінің көп мөлшерде бөлінуіне байланысты жүрек-тамвр коллапсы мен бронхоспазм дамуы мүмкін, яғни анафилаксияға ұқсас жағдай дамиды.

- кинин жүйесініц белсенуі (С2 b) де қан тамырлары өткізгіштігінің жоғарылауына алып келеді.

Комплемент жүйесінің активтенуі барысында, активацияның әрбір кезеңіне қатысатын молекулалар саны үнемі көбейіп отыратын болғандықтан, олардың реттелуін қамтамасыз ететін арнайы жүйе керек. Активацияның әрбір кезеңі сәйкес тежегішпен бакыланады. Ең маңыздысы комплементінің бірінші және үшінші кампоненттерінің тежегіштері Олар С1ИНА (С1-инактиватор) және СЗИНА (СЗ-инактиватор). Комплементтің активтену механизмдеріндс С1 және СЗ компоненттері шешуші орын алатын болғандықтан (классикалық жолмен активтену СІ-ден басталады, ал альтернативті жолмен активтену - СЗ), аталған тежегіштер негізгі болып саналады.

Адамның жасушалары комплементтің әсесрінен мембранды нәруыздар арқылы қорғанады. Комплементтің реттегішітері комплементтің меншікті жасушаларға қарсы лизистік потенциалын, сонымен қатар көптеген биохимиялық үрдістерге қарсы бақылаусыз әсерін тежейді.

Тежегіштер комплемент активтенуінің мөлшерін шектейді және оның әртүрлі циклдары арасындағы тепе-тендікті қадағалайды. Тұқым қуалайтын кейбір аурулар тежегіштер өнімінің жетіспеушілігімен байланысты. Мәселен, жиі кездесетін теріасты және шырышасты ісінулермен сипатталатын тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну С1ИНА жетіспеушілігі салдарынан дамиды.

Ісінулр бетт аяқ-қолдарда, жоғары тыныс жолдарының және ас-қорыту жолдарының шырыштарында пайда болады. Комекей шырышының ісінуі асфиксияға алып келуі мүмкін. Мұндай ісінулер кезінде ауру сезім болмайды, қышымайды, есек жеммен сипатталмайды жәнее ұлақтығы 24-72 сағатқа созылады. Бұл көріністер бір немесе бірнеше ваюактивті пептидердің және кининдердің шамадан тыс өндірілуі әсерінен дамиды. Олар комплемент жүйесі активтенген жағдайда. С1ИНА жетіспеушілігі әсерінен бақылаусыз өндіріле бастайды.

СЗ компонентінің ыдырауын тежейтін СЗИНА жетіспеушілігі кезінде СЗа фрагменті өнімінің жоғарылауы байқалады. Мұндай науқастарда С3а әсерінен мес жасушаларының дегрануляциясы кезінде бөлшетін гистамин әсерінен айқын терілік қышыма болады.

Жоғарыда айтқандарды қорыта келе, комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуінің негізгі кезендерін кысқаша сипаттасак.

Бірінші кезең - антиген мен антидене байланысу нәтижесінде иммундык, кешеннің түзілуі. Антиген ерігіш болған жағдайда салыстырмалы түрде мөлшері кіші иммундық кешендер калыптасады. Корпускулярлы антиген болуы мүмкін, әдетте ол микробты жасушалар мен вирустар, сондай-ақ бөгде жасушалар да антиген болуы мүмкін. Аталған барлық жағдайда комплемент жүйесінің активтенуімен байланысты дамитын оқиғалар әртүрлі дамуы мүмкін, бірақ принципиалды кестесі ортақ болады.

Екінші кезең иммуноглабулиндердің Ғс-фрагменттерінде Clq суббірлігі байланысатын белсенді орталықтың пайда болуымен сипатталады.. Белсенді СI молекуласы түзілгеннен кейін ғана комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтелуі басталады.

Үшінші кезең комплемент жүйесінің активтенуі нәтижесінде түзілген аралық және соңғы өнімдердің биологиялық әсерлерімен байланысты. Сұйык фазаға өтетін С2b, СЗа, С5а және С5b67 фрагменттері мен комплементтің кешендері маңызды рөл атқарады. Олар анафилатоксикалық әсерді, фагоциттердің хемотаксисін және қан тамырларының өткізгіштігін жоғарыллатуды қамтамасыз етеді, яғни экссудативті қабынуды сипаттайтын серпілістер кешені дамиды. Нәтижесінде серпіліс даму ошағы шектеледі жәнс фагоцитоз бен иммундық кешендердің шығуы ынталанады. Нысана-жасушалардың мембраналарымен байланысқан комплементтің компоненттері фагоцитозды едәуір жеңілдетеді (иммундық жабысу). Бұл кезде негізгі эффектор қызметін С5-9 лизистік кешені атқарады. Дәл осы аталған кешен антигеннің ыдырауын жүзеге асырады.

Қорыта келгенде, комплемент жүйесінің активтенуі антигендердің лизисімен қатар, осы лизис кезінде түзілген өнімдерді фагоцитозды ынталандыру және қан тамырларының өткізшіштігін жоғарылату арқылы ағзадан шығуын қамтамасыз етеді Сондықтан комплемент жүйесін гуморалдық иммунды жауапты толықтыратын эффекторлық звено деп айтуға болады. Әрине, бұл жағдай жүйенің атынан да белгілі болса керек (comple­ment — толықтыру).

Мысал ретінде комплемент жүйесінің иммунды цитолизгс қатысу механизмін қарастырайық ол антилимфоцитарлы сарысудың (АЛС) әсері кезінде байқалады. АЛС - Т-лимфоцитермен иммунизацияға жауап ретінде үзілген иммуноглобулиндердің қоспасы. Клнникада АЛС лимфоидты тіндердің трансплантациясы кезінде дамитын «трансплантаттын иесінс қарсы серпілісін» алдын алу үшін қолданады. АЛС иммуноглобулиндерінің Ғс-фрагменттері Т-нысана-лимфоциттердің антигенді детерминанталарымен байланысады. Нәтижесінде иммуноглобулиндердің Ғс--фрагменттерінде Clq байланысатын белсенді орталық түзіледі. Келесі кезеңдс белсенді С1 компонентінің «жинақталуы» және С4 пен С2 компоненттерінің серпіліске қосылуы байқалады. Нәтижесінде СЗ компонентің активтейтін және ыдырататын С4-2 кешені түзіледі. Содан кейін белгілі бір тәртіпнен С5, С6, С7, С8, С9 молекулалары серпіліске қосылады. Соңынан мембрананы зақымдайтын көптеген С5-9 лизистік кешендср түзіледі. Олар нысана-лимфоцитің мембранасын массивті түрде зақымдайды, нәтижесінде диаметрі 80-100А° ұсақ саңлаулар түзіледі де лимфоциттің цитоплазмасына су кіреді, ол ісінеді, жасушаішілік құрылымдары деградацияға ұшырайды және меншікті лизосомды ферменттер белсенеді де жасуша жойылады.

Бұл оқиға тізбегі жасуша бетіндегі антигенді детерминанттармен байланысқан антиденелер комплеметтіен қосылған жағдайда үнемі дамиды. Шындығында, комплемент жүйесі осы көрініс арқылы ашылған еді. Бұл механизм негізінде комплементі байланыстыру серпілісі жатыр. Аталған серпіліс кезінде эритроциттердің гемолизі индикатор қызметін атқарады және ол антиген мен антидененің арнайы байланысуы әсерінен комплемент байланысқан жағ­дайда ғана дамиды (IgG эритроциттермен байланысады).

Сонымен қатар, классикалық жол арқылы комплемент-тәуелді бактериялардың лизисі жүзеге асады. Бактериялар антиденелермен кешенде болғандықтан фагоцитозға ұшырайды, ал ол жағдай антиденелердің белсенділігін опсонизациялаушы механизм болып табылады. Арнайы ангиденелер болған жагдайда фагоцитоздың күшейетіні белгілі.

қалаиша жүзеге асады? Нейтрофилдер мен макрофагтардың плазмаяық мембранасында иммуноглобулиндердің Ғс-фрагменттеріне және комплементтің СЗ компоненті үшін ргцепторлар кездеседі. Иммуноглобулин молекулаларының Ғс-фраг-менттері нейтрофилдер мен макрофагтардың Ғс-рецепторларымен байланысады, ал Ғаb-фрагменттері көмегімен антигеннің антигенді детерминантасымен байланысады. Иммуноглобулин молекуласының энергетикалық және конформациялық қайта құрылуы нәтижесінде, СН2 домені аймағында, комплементтің С1 компонентін байланыстыратын және оны активтейтін белсенді орталық түзіледі. Одан кейін комплемент жүйесінің келесі компоненттерінің активтенуі жоғарыда баяндалған механизм бойынша жүреді Активтену кезінде түзілген СЗb фрагмент макрофагтардың СЗ-рецепторларымен байланысады. Сонымен, иммуноглобулин молекуласы антиген (бактериалды немесс дал осы ағза үшін бөгде жасуша) мен эффекторлы жасуша (макрофаг пен нейтрофил) арасындағы көпірше қызметін атқарады. Мембраны зақымдайтын С5-9 кешені бактериалды жасушаның мембранасын зақымдайды, ал макрофаг ыдырау нәтижесінде түзілген өнімдерді жұтады.