Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
komplement_zh_1199_yesinin_immundyk_zhauaptagy_manyzy.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
207.36 Кб
Скачать

Комплемент жүйесінің иммундық жауаптағы маңызы

Комплемент жүйесінің құрылысы мен қызметі. Комплемент жүиесінің классикалық жолмен активтенуі. Комплемент жүйесінің биологиялық әсерлері. Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтенуі. Комплементтің лектинді жолмен активтенуі. Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар. Комплемент жүйесіндегі бұзылыстарға байланысты дамитын аурулар. Комплемент жүйесіндегі бұзылыстарды диагиостнкалау мәселелері.

Комплемент жүйесінін құрылысы мен қызметі.

Комплемент жүйесі - қан сарысуының ферменттік жүйесіі. Оның негізгі қызметі - антигендерді ыдырату.

Комплемент жүйесіне кіретін нәруыздарды комплемешптің компоненттері деп атайды. Бұл тектес нәруыздарға 20 компонент кіреді. Комплементтің компоненттері активтенуге дейін белсенсіз түрде болады. Активтену басталғаннан кейін олар бір-бірімен тізбектесе байланысады, нәтижесінде бірқатар биологиялық қызметтерді атқаратын молекулалар мен кешендерді өндіреді.

Неміс бактериолог-гигиенистті Р. Пффейфер мен Р. Кох институтының ізденушісі, эпидемиолог және бактериолог В.И Исаевтың тәжірибелері комплементті зерттеудің негізін қалады. Ол тырысқақ вибрионымен in vi­tro тәжірибесінде, теңіз доңыздарының тырыскаққа қарсы табиғи сарысуы болмасада да, бактериялардың лизиске ұшырайтынын далелдеген, яғни бактериолиз құбылысын ашқан еді. Сары суды 560С 30 минут қыздырғанда, ультракүлгін саулелерімен сәулелендіргенде және ортанын рН өзгерткен жағдайда оның лизистік белсенділігінің жойылатыны анықталған. Ал теңіз доңыздарының жаңа сары суын қосқанда, сарысудың тырысқақ вибриондарын жою кабілеті қалпына келетіндігі белгілі болды. Сомымен, фагоцитоз бен бактериялардың лизисі кезінде антиденелердің әсерін толықтыратын «бір зат» бар деп болжамданды. Оны комплемент деп атады (to complement -толыктыру).

Кейіннен бельгия бактериологы Ж. Ворде комплементті алексин деп атады және оны

жоғары температураға төзімді фактор дсп сипаттама берді. 1901 жылы Ж. Борде мен О. Жанту комплементті байланыстыру серпілісін ашты. Бұл серпіліс тағын көлемдегі зерттеу орталарында, жоғары дәлділікпен антгендер мен антиденелерді анықтауға мумкіншілік береді. Бүгінгі күнге дейін аталған серпіліс кейбір зертханаларда қолданылады.

«Комплемент» терминін иммунологияның негізін калаушылардың бірі, Нобель сыйлығының лауреаты П. Эрлих біржола енгізді.

Комплемент жүйесі ағзаның негізгі арнайы емес гуморалдық қорғаныс факторларының бірі болып саналады. Комплементтің компоненті әрі мен оның рецепторлары, сонымен қатар активтену кезінде түзілетін фрагменттер мен кешендер көптеген үрдістерге қатысады және олар келесі әсерлерді шақырады (8-ші сурет):

- микроорганизмді тікелей лизиске ұшырату;

- фагоцитозды күшейту;

- лейкоциттерді белсендіру және оларды қабыну ошағына тарту (хемотаксис);

- кейбір вирустарды бейтараптау;

- иммунды кешендерді шығару.

Сонымен қатар, комплемент жүйесінің белсенді нәрудары аллергиялық және аутоиммунды аурулар, трансплантация мен басқад да жағдайлар кездерінде қуатты қабыну медматоры болады.

Комплемент жүйесінің барлық нәруыздарың, тежегіштерін, реттегіштерін және рецепторларын белгілейтін біртұтас жіктелу жүйесі енгізілген. Мәселен, комплементтің компонентін С әріпімен (ағылшынның complement деген сөзінен) және араб сандарымен белгілейді. Комплементтің тоғыз негізгі компоненттер бар, олар С1, С2, СЗ ... С9. Комплемент компоненттерінің сандық белгіленулері олардың ашылу хронологиясына сәйкес келгенімен активтенуге қатысу тәртібіне сәйкес келмейді. Ферменттік ыдырау нәтижесінде түзілген фрагменттерді «а» және «b» әріптерімен белгілейді. Мысалы, С2а, С2 b және басқа. «b» әріпімен мөлшері бойынша үлкен фрагмснтін белгілейді және ол комплементтің келесі компонентінің ыдырауына қатысады. Ал «а» әріпімен белгілемген фрагмент, әдетте, ерігіш түрде кездеседі және оның хемотоксисті шақыры қабілеті бар. Біріккен фрагменттер ферменттік белсенділігі бар кешендсрді түзеді, оларды белгілеген жағдайда, кейде жоғары жағынан сызықша қояды. Комплементтің компоненттеріне арналған рецепторларды CR1, CR2 және т.б. белгілейді ( ағылшынның complement receptor деген сөзінен).

Комплементтің нәруыздарын ағзаның көптеген жасушалары өндіреді: гепатоциттер, моноциттер, макрофагтар, ішектің эпителиі, бүйрек түтікшелері, эндотелий жасушалары, фибробласттар және т.б. Әртүрлі жасушалар комплементтің бірі немесе бірнеше компоненттерін өндіруі мүмкін. Комплементтің 90% артық нәруыздары бауырда түзіледі. Бауыр сарысулық С4 компонентінің негізгі көзі болып табылады, ал С1 компоненті басымырақ түрде аш ішектің эпителиінде түзіледі.

Комплемент компонеттерінің түзілуінде басты рөлді макрофагтар атқарады, мысалы, макрофагтар атқарады, мысалы, макрофагтар С1ρ, С4, С2, С3, С5 және С6 өндіреді. Осы жағдай макрофагтар мен комплемент жүйесі тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді. Май тіндерінде пропердин жүйесінің D және В факторлары, сонымен қатар С3 компонеті түзіледі. Иммундық жауап кезінде С3 компонентінің лимфоидты тіндерімен жергілікті өндірілуі мүмкін. Қабыну алды цитокиндері (Ил-1, 6 и IFN-‎ρ) жедел фазалық нәруыздар қызметін атқаратын комплементтің көптеген нәруыздардың түзілуін реттейді.

Комплемент нәруыздары тек қан сарысуында ғана емес, сонымен қатар биологиялық сөлдер мен тіндік сұйықтықтарда да кездеседі. Комплементтің компонеттері анадан балаға плацента арқылы өтпейді. 3 айлық нәрестелерде комплемент жүйесі нәруыздарының деңгейі ересек адамдардың деңгейінде сәйкес келеді.

Бүгінгі күнде комплемент жүйесі активтенуінің 3 механизмі белгілі:

  1. классикалық жол;

  2. альтернативтік жол;

  3. лектинді жол.