Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус проф каз яз ПД.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
55.59 Кб
Скачать

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебі

Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Халықаралық құқық және халықаралық

қатынастар жоғары мектебінің

директоры, з.ғ.к. профессор

__________________Ө.С.Қыстаубай

«____»_____________2013 ж

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пәннің аты Кәсіби қазақ тілі

Мамандығы Аударма ісі

Оқыту формасы Күндізгі

Барлығы 1 кредит

Курс 2 Семестр 4

Практикалық сабақ 30 сағат

Аралық бақылау саны 2

СОӨЖ 15 сағат

СӨЖ 45 сағат

Емтихан 4 семестр Барлығы 90 сағат

Астана – 2013

Пәннің оқу бағдарламасы ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес 5В020700-Аударма ісі бакалавриат мамандығы бойынша KKT 2201 Кәсіби қазақ тілі типтік бағдарламасы негізінде жасалған

(қандай құжат негізінде жасалды)

Оқу бағдарламасын

құрастырған______________________________ Сапина С.М.

(қолы, лауазымы, ғылыми дәрежесі, аты-жөні)

Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасы мәжілісінде талқыланған

2013 жылдың 30 мамыры, № 12 хаттама

Кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Бейсенова Ж.С.

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебі оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған

№ _________ хаттама __________ ____________ 2013ж.

Төраға______________________________ з.ғ.к. профессор Ө.С. Қыстаубай

(қолы, лауазымы, ғылыми дәрежесі, аты-жөні)

Силлабустың мазмұны

Оқытушы туралы мәлімет

Пререквизиттер

Постреквизиттер

Пәннің сипаттамасы

Семинар сабақтардың тақырыптық жоспары

СОЖӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі

СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі

Әдебиет тізімі

Бағалау өлшемдері

Апелляция өткізу рәсімі

Оқытушы туралы мәлімет

Сапина Сабира Мінатайқызы - доцент, филология ғылымдарының кандидаты, E-mail: s_sapina@mail.ru

Динаева Бекзат Бегалықызы - доцент, филология ғылымдарының кандидаты, E-mail: bdinaeva@mail.ru

Дүсіпбаева Қарлығаш Советханқызы – аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты,

E-mail: karlygash@mail.ru

ҚазГЗУ, Астана қ.,Қорғалжын тас жолы, 8

Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасы Дүйсенбі – Сенбі 08.30 - 17.00, каб. № 304, тел: 70-30-47

Пререквизиттер:

Курсты меңгеру үшін оқылым, жазылым, айтылым дағдыларын игерген жоғары оқу орындарында оқытылатын қазақ тілінің В1, В2 деңгейі көлеміндегі қазақ тілін білу керек.

Постреквизиттер: Осы пәнді оқу нәтижесінде студент

    • берілген тақырып, мәселе, жағдаят бойынша сөз адресатының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, әртүрлі тірек сөздерді қолданып және оларды қолданбай-ақ, дәлелді ойлар айта алуы;

    • дәлелді тұжырымдар жасау, оқыған, тыңдаған, көргендері бойынша жалпы қорытынды жасай алуы;

    • жалпылау, талдау, дәлелдеу, өз көзқарасын білдіру мақсатында түсініктеме беру мәселесіне, тақырып, мақала бойынша пайымдау түрінде жеке өзі сөйлей алуы;

  • әңгіменің, пікірталастың, пікірсайыстың нәтижесін түйіндей және бағалай алуы;

  • оқылған және тыңдалған мәтін бойынша сөйлеу адресаты мен қатынас жағдаятын есепке ала әңгімені қайта құра алуы;

- болжанған адресатқа байланысты әртүрлі тілдік құралдарды пайдаланып,

мәтіндер жаза алуы;

  • тыңдалған немесе оқылған мәтіндердің мазмұнына жазбаша түрде түйіндеме жасай алуы;

  • пайымдау элементтері бар эссе жаза алуы тиіс.