Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
111
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

2. Европалық ортағасырлар мәдениеті.

5-10 ғғ. көркем мәдениеттегі антикалық мұрагерлік.

  • Ерте ортағасырлық мәдениетінің маңызды қайнар көзі антикалық мұрагерлік болып табылады.

  • Антикалық дүние мен ортағасырлар арасын латын тілі байланыстырды (шіркеу тілі, мемлекеттік іс қағаздарын жүргізу тілі, ғылым мен білім беру тілі).

  • Ерте ортағасырлық мәдениетіне үлкен ықпал еткен өзінің құрамына «7 еркін өнерді» – грамматиканы, диалектиканы, риориканы, арифметиканы, геометрияны, музыканы, астрономияны қамтыған римдік білім беру жүйесі болды.

«Остготтық» және «вестготтық» қайта өрлеу.

  • «Остготтық қайта өрлеу» – бұл Теодорихтың билігі кезінде Остготтық Италиядағы мәдени өрлеу.

  • «Остготтық қайта өрлеудің» ірі қайраткерлері Боэций мен Кассиодор.

  • Осы кезеңнің алдыңғы қатарлы әдеби жанрларының бірі агиография - әулиелердің өмірі туралы жазбалар.

  • Римдік архитектуралық өнер жалғасы ТОеодорих мавзолейі, Галл Плацидий мавзолейі, Сан Лоренцио Маджоре шірекеуі болды.

  • 5 ғасырда Пиреней түбегінде вестготтар мемлекеті құрылды.

  • «Вестготтық қайта өрлеудің» ірі фигурасы Исидор Севильский болды.

  • 5-10 ғғ. мәдениетінің екінші қайнар көзі варварлық тайпалардың өмірі болды.

  • Варварлардың көркем шығармашылығы қолданбалы өнер туындыларынан айқын көрініс табады (қарулар, діни обрядттық заттар, тұрмыс заттары).

  • Варварлық фольклор ортағасырлық батырлар эпосының негізін құрады (британдық эпикалық Артур королі туралы жыр).

  • «Каролингтік қайта өрлеу» – бұл Франктер мемлекетінің мәдени гүлдену кезеңі, әсіресе Ұлы Карл тұсында күшті гүлденді (768-814 жж.).

  • Франк империясы мәдениеті мен білім беру орталығы империяның астанасы – Аахен қаласы болды.

  • Осы кезеңде бургтер құрылысы басталды, яғни әскери қорғаныстар, кейін олар феодал резиденциясына айналды.

Сәулет өнеріндегі романдық стильдің қалыптасуы.

  • 10 ғасырда бірінші біртұтас европалық стиль – романдық стиль қалыптасты.

  • Романдық стильдің ең көрнекті белгілері Франция сәулет өнерінде байқалды, мұнда оның бірнеше мектептері қалыптасты (бургундтық, нормандық, Пуату мектептері).

  • Архитектуралық құрылыстардың басты типтері феодалдық бекіністер мен монастырьлар, храмдар болды.

  • Франциядағы романдық стильдің ірі ескерткіштері: Турдағы Сен Мартен шіркеуі, Клермондағы Нотр-Дам шіркеуі, Пуатьедегі Нотр-Дам ла Гранд шіркеуі, Клюний аббаттығы.

  • Германиядағы романдық стиль ескерткіштері: Вормстегі храм, Шпейердегі храм, Майництегі храм.

  • Италиядағы романдық стиль ескерткіштері: Венециядағы әулие Марк соборы, Флоренциядағы сан Миньято аль Монте шіркеуі, Пизадағы архитектуралы ансамбль, Палермодағы собор.

  • Испания: Сеговиядағы Алькасар сарайы, Сант Яго де Компостелла шіркеуі.

  • Англия: лондондық Тауэр, Гильдесгеймдегі әулие Михаил шіркеуі.

  • 12 ғасырды «европалық мәдени революция» ғасыры деп атайды.

  • Осы кезеңде әдебиет, қалалық және рыцарьлық мәдениет, ұлттық тілдердегі поэзия, ғылым қалыптаса бастады.

  • 12 ғ. соңында университеттер құрылды.

  • Ең ірі университеттер Париж, Монпелье, Салерно, Болонья, Палермо, Оксфорд, Кембридж, Саламанка, Неаполь университеттері болды.

  • 12-13 ғғ. батырлар эпостары жазыла бастады.

  • Ең әйгілі европалық эпостар «Роланд туралы жыр», «Менің Сидым туралы ән», «Нибелунгтар туралы жыр» болып табылады.

Готика

  • Ортағасырлардың ең жоғарғы мәдени жетістігі болып готика табылады.

  • 12-13 ғғ. сәулет өнерінде романдық стильден готикалық стильге өту басталды.

  • Франциядағы готикалық стильдің ірі ескерткіштері: Сен-Дени аббаттығының шіркеуі, Париж Әулие Анасының шіркеуі (Собор Парижской Богоматери), Ремстегі собор, Нормандиядағы Мон Сен Мишель монастырі, Амьен соборы, т.б.

  • Германия: Кельн соборы, Фрейбур соборы, Страстург соборы;

  • Англия: Кентербериялық собор, Линкольндегі собор, Уэльстегі собор, Вестминстерлік сарай.

  • Испания: Леондағы собор, Бургостағы собор, Толедодағы собор.

  • Италия: Флоренциядағы Санта Кроче соборы, Флоренциядағы Санта Мария Новелла соборы, Милан соборы, т.б.