- •ҚазГзу гуманитарлық заң колледжі
- •3. Мәдениет мектептері
- •Алғашқы қауымдық мәдениет
- •1. Алғашқы қауымдық мәдениет ерекшеліктері
- •2. Әлеуметтік ұйымдасудың қалыптасуы.
- •3. Алғашқы қауымдық діни көзқарастар
- •Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің археологиялық мәдениеттері
- •Алғашқы қауымдық мораль
- •Көне Шығыс өркениетінің ерекшеліктері
- •Ежелгі Египет өнерінің түрлері мен жанрлары
- •Ежелгі Египет мәдениетінің әлемдік мәдениетке ықпалы
- •Көне кезең мәдениеті
- •Көне Рим мәдениеті
- •Көне Греция
- •Ортағасырлар мәдениеті
- •2. Европалық ортағасырлар мәдениеті.
- •Қайта өрлеу мәдениеті және Жаңа кезең мәдениеті
- •1. Қайта өрлеу қайнар көздері
- •2. Ренессанстың гуманистік дүниетанымы.
- •3. Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті мен театр.
- •Жаңа заман мәдениеті
- •19 Ғасыр мәдениеті
- •19 Ғ. Басының сәулет және мүсін өнері.
- •2. Сыншыл реализ жүйесі.
- •19 Ғасыр мәдениетіндегі индивидуализм
- •1. Импрессионизмнің негізгі өкілдері
- •2. Постимпрессионизмнің негізгі өкілдері
- •19 Ғ. Орыс мәдениеті
- •19 Ғ. Бірінші жартысындағы орыс ғылымы
- •19 Ғ. І жартысындағы орыс әдебиеті.
- •19 Ғ. І жартысындағы орыс өнері.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы әдебиет.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы орыс көркемсуреті.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы музыка.
- •19 Ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •19 Ғасырдағы халық ағарту ісі.
- •19 Ғ. Ақындары.
- •19 Ғ. Қазақтардың музыка өнері.
- •Модернизмнің негізгі бағыттары
- •20 Ғасырдағы Батыс мәдениеті
- •20 Ғ. Әдебиеті
- •20 Ғасырдағы Ресей мәдениеті
- •20 Ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.
- •20 Ғ. Басындағы қазақ әдебиеті.
- •Буддизмнің шығу тегі және оның негізгі бағыттары
- •Христиан дінінің шығу тегі және оның негізгі бағыттары Жоспар
- •1. Христиан дінінің пайда болуы
- •2. Жаңа Өсиеттің мәні мен маңызы
- •3. Қасиетті Үштік туралы христиан ілімі
- •4. Шығыс христиандық.
- •5. Католицизм.
- •6. Протестантизм.
- •Исламның шығу тегі және оның негізгі бағыттары Жоспар
- •2. Құранның шығу тегі, маңызы мен формасы
- •3. Мұсылман ілімі
- •4. Исламдағы діни заң.
- •5. Исламның бағыттары
Көне Греция
Акрополь – қаланың бекітілген орталық бөлігі, әдетте төбешікте.
Гекзаметр - өлең жазудағы әдеби өлшем түрі.
Гигантомания – ірі мөлшерде етіп жасауға ұмтылу.
Идиллия – табиғат фонындағы тыныш өмірді бейнелейтін поэтикалық шығарма.
Капитель – колоннаның жоғарғы бөлігі.
Кентавр – жартылай адам, жартылай жылқы.
Комедия – күлкілі сюжеті бар драмалық шығарма.
Периптер – колонналармен қоршалған.
Портик – ғимаратқа жақын орналасқан және колонналармен қоршалған төбесі жабық галерея.
Трагедия – Жеке немесе қоғамдық катастрофаны бейнелейтін және әдетте бас кейіпкердің қазасымен аяқталатын драмалық шығарма.
Трохей - өлең жазудағы әдеби өлшем түрі.
Хор - әншілер тобы.
Элегия – қайғыға толы лирикалық шығарма.
Эпиграмма – қысқа сатиралық шығарма.
Эталон – үлгі.
Ямб - өлең жазудағы әдеби өлшем түрі.
Көне Рим
Арка – үлкен қақпа ретінде жасалған құрылыс.
Базилика – ішінде ұзыннан екі қатар колонналары бар ұзын тік төртбұрыш түріндегі храм.
Бетон – құрылыс материалы.
Бюст – адамның басы және денесінің жоғарғы жағы бейнелеген мүсін.
Галерея – ғимараттың екі бөлігін байланыстыратын тар жабық құрылыс.
Грамматика – тіл құрылысы туралы ғылым.
Квадрига – төрт ат жегілген екі дөңгелекті арба.
Оратор – шешендік дарыны бар адам.
Принципат – құлиеленушілік монархия түрі, мұнда республикалық мекемелер тек формальды сақталады.
Сатира – нақты өмірдің теріс құбылыстарын өткір сынайтын көркем шығарма.
Трактат – ғылыми шығарма.
Форум – қоғамдық өмір шоғырланатын алаң.
Фронтон – ғимарат фасадының үшбұрышты жоғарғы бөлігі.
Ортағасырлар мәдениеті
Жоспар
Византия мәдениеті
Европалық ортағасырлар мәдениеті
Византия Рим империясының мұрагері ретінде
Византия өркениетінің тууы Константинопольдің негізі қалануынан бастау алады (шамамен 324 ж.).
330 ж. 11 мамырда Константинополь Рим империясының астанасы болып жарияланды.
Византия императоры римдік цезарьлардың жалғыз мұрагері ретінде саналды.
1453 жылы византиялық өркениет өзінің өмір сүруін тоқтатты.
Византия ғылымы.
Византияда ескі ғылыми орталықтар сақталып қана қоймай (Афины, Александрия, Бейрут, Газа), сонымен бірге жаңалары да пайда болды (Константинополь).
4 ғасырда мұнда Антинейлік Серен (конус пен цилиндр қиылысын зерттеді) және Александриялық Феон (оптикамен және асторономиялық бақылаулар жасады) сияқты ұлы ғұламалар өмір сүрді.
Астрономиямен және астрологиямен Фивылық Гефестион және Александриялық Павел айналысты.
Пергамнан шыққан дәрігер Орибазий 70 кітаптан тұратын медициналық энциклопедияны құрастырды; дәрігер Филагрий бауыр мен селезенка ауруларын зерттеді; дәрігер Посейдоний мидің түрлі жерлеріндегі психикалық қабілеттерді зерттеді.
Бейруттан шыққан Анатолий мен Александриядан шыққан Дидимий агрономиядан жұмыстар жазды.
Сол заманның ірі тарихшылары Евнапий, Олимпиодор және Зосима болды.
425 жылы Константинопольде христиандық жоғарғы мектеп құрылды (Константинопольдік университет).
7 ғасырдың соңында византиялықтар грек отына ие болды (жалын беретін оттық құрам), ол теңіз соғыстарында қолданылды.
9 ғасырда ғалым Лев Математик жарық маягын жетілдірді.
Император 7 Константин тұсында (913-956 жж.) бірнеше энциклопедиялар жарық көрді: тарихи, ауылшаруашылық, медициналық және ветеринарлық энциклопедиялар.
11 ғасырдағы ірі византиялық ғалым және жазушы Михаил Пселл болды. Ол арифметика, геометрия, асторономия және музыкадан тұратын «квадриум» жазды.
Византия әдебиеті.
Византиялық әдебиет грек тілінде дамыды.
5-6 ғғ. ірі лирик Роман Сладкопевец, халық әндеріне ұқсас әндер жазды.
Көптеген зайырлы шығармалардың авторы патриарх Фотий «Мириобиблон» шығармасында 280 антикалық шығармаларына пікір берді.
Көркемсурет және сәулет өнері.
Византия өнерінің дамуына көптеген халықтар үлес қосты.
Өнердің гүлденуі 6 ғасырға, император 1 Юстиниан тұсында империяның шекарасы ескі рим мемлекетінің шекаралына теңескен уақытқа жатады.
Ірі ғимараттар София храмы, Сергий храмы, Апостолдар храмы болды.
7 ғасырда ірі соборлар шағын шіркеулермен алмастырылды.
Көркемсуретте шіркеу мозайкалары мен фрескалары үстемдік етеді.