Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
111
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

2. Постимпрессионизмнің негізгі өкілдері

Постимпрессионизм – импрессионизмге реакция ретінде пайда болған көркемсуреттегі ағым; оның өкілдері әлемнің шартты және жалпы үлгісін жасауға тырысты.

В. Ван Гог (1853-1890)

«Түнгі кафе», «Жауыннан кейінгі Овердегі пейзаж»

П.Гоген (1848-1903)

«Өткел», «Біз қайданбыз? Біз кімбіз? Қайда бара жатырмыз?»

А.Тулуз-Лотрек

«Кафеде», «Мулен-Руждегі» би»

П.Синьяк (1863-1935)

«Теңізді құмды жағалауы»

Поль Сезанн (1839-1906)

«Суда жүзушілер»

19 Ғ. Орыс мәдениеті

19 Ғ. Бірінші жартысындағы орыс ғылымы

  • 19 ғасырдың бірінші жартысында елдің ірі ғылыми орталықтары Петербург, Мәскеу, Қазан қалалары болды.

  • Орыс ғалымы Н.И. Лобачевский эвклидтік емес геометрия туралы ғылымды жасады.

  • Математиктер П.Л. Чебышев пен М.В. Остроградскийдің еңбектері әлемдік тануға ие болды.

  • Н.Н. Зиминнің еңбектері органикалық химияның ілгері дамуына ықпал етті.

  • Б.С. Якоби электромашиналар, телеграф, миналық техника жасаумен айналысты. Ол гальванопластика әдісін ашты.

  • Дәрігер-хирург Н.И.Пирогов орыс медицинасының дамуына үлесін қосты.

  • Орыс саяхатшылары маңызды географиялық ашулар жасады: 1803-1806 жж. Ю.Ф.Лисянский мен И.Ф.Крузенштерн басшылығындағы экспедиция бүкіл әлемдік саяхат жасап, нәтижесінде «Оңтүстік теңіз атласы» жасалды. 1820 ж. орыс теңіз жүзушілері М.П.Лазарев пен Ф.Ф.Беллинсгаузен Антарктиданы ашты.

  • 1845 ж. Орыс Географиялық қоғамының негізі қаланды.

19 Ғ. І жартысындағы орыс әдебиеті.

  • 19 ғ. І жартысында Н.М. Карамзиннің сентиментализмі мен В.А.Жуковскийдің романтизмі орнына жаңа бағыт – реализм келді.

  • Орыс әдебиетіндегі реализмнің негізін қалаушылар А.С.Грибоедов пен И.А.Крылов болды.

  • Орыс әдебиетінде ерекше орынды А.С.Пушкин алады; ол тек ұлы ақын ғана емес, ол күллі орыс әдебиетінің символы.

  • Ақынның тамаша әдеби мұрасының ішінде ерекше орын алатыны «Евгений Онегин» романы, «Кішкентай трагедиялар», «Полтава» поэмасы, «Кавказский пленник», «Руслан мен Людмила», «Борис Годунов» трагедиясы.

  • Пушкиннің қайғылы өлімі келесі орыс ақыны М.Ю.Лермонтовтың шарықтауымен тұспа тұс келді («Мцыри», «Демон», «Маскарад» драмасы, «Біздің дәуіріміздің кейіпкері»).

  • Орыс әдебиетіндегі дарынды сатирик ретінде Н.В.Гоголь есептеледі. Оның шығармашылығының ең шырқауы «Өлі жандар» прозалық поэмасы болып табылады. Шығарма орыс тәртіптерін қатаң сынады.

19 Ғ. І жартысындағы орыс өнері.

  • 19 ғ. І жартысында сәулет өнері, көркемсурет және музыка күшті дамыды.

  • Петербургте А.Н.Воронихин Қазан соборын, А.Д. Захаров Адмиралтейлік ғимаратын, К.И.Росси Михайлов сарайы мен Бас Штабты жасады.

  • Осы туындыларда орыс классицизмі көрініс берді.

  • Көркемсуретте прогрессивті идеяларды білдіргендер: А.Г. Венецианов, О.А.Кипренский, К.П.Брюллов, А.А.Иванов, П.А.Федотов.

  • 19 ғ. І жартысындағы музыка өнері келесі есімдермен байланысты: А.А.Алябьев, А.Н.Верстовский, А.Е.Варламов, А.С.Даргомыжский.

Реформа дәуіріндегі ғылымның дамуы.

  • 19 ғ. ІІ жартысында орыс ғалымдары ғылымның барлық салаларында үлкен жетістіктерге жетті.

  • Жаратылыстануда И.М.Сеченов пен И.И.Мечниковтың ашулары әлемдік маңызға ие болды («Бас миының рефлекстері», «Нерв жүйесінің физиологиясы»). Олар иммунитет теориясын жасағаны үшін Нобель сыйлығына ие болды.

  • Әлемдік ғылымның дамуына Д.И.Менделеев (химиялық элементтердің периодтық заңы) пен А.М.Бутлеровтың (химиялық құрылыс заңы) ашулары көп әсер етті.

  • Ғалым-физик А.Г.Столетов фотоэффектінің бірінші заңын ашты, газ разрядының теориясын зерттеуге үлкен үлесін қосты.

  • Орыс ғалымы А.С.Попов әлемде тұңғыш болып радиоқабылдағышты жасады, А.Ф.Можайский самолеттің конструкциясын жасап, патенттеді, К.Э.Циолковский дирижабль туралы бірінші жазба материалын басып шығарды.

  • География ғылымының дамуы келесі есімдермен байланысты: П.П:Семенов-Тян-Шаньский, Н.П.Пржевальский, Н.Н.Миклухо-Маклай.