Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
111
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

Христиан дінінің шығу тегі және оның негізгі бағыттары Жоспар

  1. Христиан дінінің пайда болуы

  2. Жаңа Өсиеттің мәні мен маңызы

  3. Қасиетті Үштік туралы христиан ілімі

  4. Шығыс христиандық

  5. Католицизм

  6. Протестантизм

1. Христиан дінінің пайда болуы

  • Христиан діні – ең кең тараған әлемдік дін (2 млрд.-тан астам сенушілер).

  • Ол б.д. 1 ғасырында Палестинада қалыптасты.

  • Осы уақытта пұтқа табынушылардың діни өмірінің жойылу процесі жүріп жатты.

  • Иудей халқында көріпкелдік жойылды.

  • Көптеген уағыздаушылар библиялық болжам – мессияның келуін айтты (олардың кең танымалы Иоанн Шоқындырушы).

  • Христиан дінін зерттейтін ғылымда екі негізгі бағыт қалыптасты: мифологиялық және тарихи, олар өз тұрғысынан Христостың келуін түсіндірді.

  • Мифологиялық бағыттың өкілдері Христосты ежелгі құдайлар негізінде жасалған мифологиялық кейіпкер ретінде санады.

  • Тарихи мектеп өкілдері Иисус деген адам шын мәнінде б.д. 1 ғасырында Палестинада өмір сүрді деп санайды.

  • Канондық дәстүрге сәйкес Иисус Христос ұста Иосифтің отбасында Мариядан Вифлеемде туды.

  • Патша Иродтың қаһарынан құтылу үшін олар баламен Египетке қашып, Иисус онда ұсталыққа үйренеді.

  • Иисус 12 жаста болғанда олар отбасымен Иерусалимге қажылық жасайды, онда Иисус діни қызметшілерді өзінің даналығымен таң қалдырады.

  • Ересек шағында ол 40 күн бойы шөл далада өткізеді және сайтанның азғыруын жеңіп шығады.

  • Осыдан кейін ол өзін мессия деп жариялап, жанына 12 шәкірті – апостолдарды жинай бастайды.

  • Пасха алдында ол Иерусалимге аттанады, сонда сатқын – апостол Иуданың көмегімен тұтқындалады және өлім жазасына кесіледі.

  • Мессия Голгофа тауында өлтіріледі.

  • Өлтірілгеннен кейін үшінші күні ол қайта тіріліп, апостолдарға оралады.

  • Ол өзінің ілімін жер бетіне таратуға аттандырады және аспанға көтеріледі.

  • Христиан ілімін тартуда әулие Павелдің ролі зор, оның шын мәнінде тарихи тұлға болғандығына күмән жоқ.

  • Әулие Павелдің басты жетістігі – ол христиан ілімін қайта өңдеп, әлемдік дінге айналдырды.

2. Жаңа Өсиеттің мәні мен маңызы

  • Қасиетті Жазба – христиан ілімінің негізі және ол Көне Өсиет пен Жаңа Өсиеттен тұрады.

  • Жаңа Өсиет Көне Өсиетке негізделген.

  • Жаңа Өсиеттің алғышқы төрт кітабы Евангелие (грек тілінен аударғандар «жақсы хабар») деп аталады.

  • Евангелиеде Иисус Христостың өмірі баяндалады.

  • Евангелиенің авторлары Матфей, Марк, Лука және Иоанн.

3. Қасиетті Үштік туралы христиан ілімі

  • Қасиетті Үштік туралы ілім – христан ілімінің негізін құрайды.

  • Құдай жалғыз, оның үш жүзі бар: Әке, Ұл және Қасиетті Рух.

  • Құдайдың үш жүзі өзара тең, бірақ қасиетті бойынша әртүрлі: Әке ешкімнен тумаған (бастауы жоқ), Ұл Әкеден жаратылған, Қасиетті Рух Әкеден таратылады.

  • Құдай бір мезгілде әрі жалғыз, әрі үшеу де.

  • Құдай Әке абсолютті Алғашқы Бастау және барлық болмыстың мақсаты: одан барлығы жаралады және оған барлығы қарайды. Ол барлық Үштіктің болмысының бастауы.

  • Қасиетті Үштіктің екінші жүзі Ұл Қасиетті Кітапта Сөз, Бейне, Құдай даналығы, Ақиқат, Күш деп айтылады.

  • Қасиетті Рух Әкенің Рухы, сонымен бірге барлық Үштіктің де.