Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
111
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

20 Ғ. Басындағы қазақ әдебиеті.

  • Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» жинағы (1911 ж.) халықтың ауыр, теңсіз жағдайына арналды, білімге, ғылымға, мәдениетке шақырды.

  • Байтұрсыновтың «Қырық мысал» (1909 ж.) шығармасы Крыловтың мысалдары үлгісімен жасалды.

  • А.Байтұрсынов – қазақ тілінің реформаторы. Ол араб графикасының негізінде қазақ алфавитін құрастырды.

  • Байтұрсыновтың жақын серігі Міржақып Дулатов болды. Оның «Оян, қазақ» жинағы – халық тағдыры өткір көтерілетін бірінші шығармалардың бірі.

  • Ол «Бақытсыз Жамал» романының, «Азамат», «Терме» шығармаларының авторы.

  • С.Торайғыров «Қамар сұлу», «Кедей» шығармаларының авторы.

  • Қазақ ақындарының бір тобы (М.Көпеев, Н.Наушанбаев, М.Қалтаев) Шығыс демократиялық әдебиетінің тәжірибесін қолдана отырып, ұлттық дәстүрде шығармашылық жүргізді.

  • 20 ғ. басында әдебиетке М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин сияқты дарынды авторлар келді.

Қазақ балетінің қалыптасуы.

  • 20 ғ. басында қазақ мәдениетінде классикалық балет өнері болмады. Ол кеңестік заманда туды және азғантай уақыт ішінде үлкен жетістіктерге жетті.

  • Қазақ хореографиясының бастауы мен оның әрі қарайғы дамуында тұрғандар: М.Әуезов, Ә.Тәжібаев, Ж.Шанин, Ф.Ибрагимов, А.Мартиросьянц, А.Исмаилов, Ш.Жиенкулова, Б.Аюханов, М.Тілеубаев, Ж.Байдаралин.

  • Қазақстанда билеттің қалыптасуы 30-жж. И.Коцыктің «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясынан және Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер-Тарғын» операларынан басталды.

  • 30-жж. аяғында балет өзіндік жанрға айналды: «Қалқаман-Мамыр» (либретто М.Әуезов, Музыка В.Великанов, қоюшы Л.Жуков) және «Көктем» (либретто Ә.Тәжібаев, музыка Н.Надиров, қоюшы А.Чекрыжкин).

  • Ұлы Отан соғысы жылдарында Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында 20 ғасырдың ұлы балеринасы Галина Уланова биледі.

Қазақстандық кинематографтың дамуы.

  • 1910 ж. Верныйда бірінші жеке меншік кинотеатр ашылды.

  • 30 жж. басында ресейлік кинематографистер қазақ актерлерінің қатысуымен «Дала әндері» фильмі (1930 ж.) түсірілді, бас рөлде С.Қожамқұлов. «Жұт» (1931 ж.) – актерлер Х.Дәулетбеков, С.Қошкенбаев.

  • 1938 ж. ленинградтық кинематографистер қатысуымен бірінші дыбысты фильм «Амангелді» түсірілді.

  • Ұлттық фильм өндірісінің қалыптасуы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келеді.

  • Алматыда құрылған Орталық бірлескен киностудияда кино шеберлері қызмет етті: С.Эйзенштейн, В.Пудовкин, Д.Вертов, Л.Трауберг,т.б.

  • 1944 ж. Орталық бірлескен киностудиясы таратылғаннан кейін Алматы киностудиясы өз бетінше қызмет ете бастады.

  • Киностудияның бірінші көркем фильмі «Абай әндері» болды, сценариі М.Әуезовтікі.

  • 1954 ж. «Махаббат туралы поэма» фильмінде бірінші рет театр және кино артисі Шакен Айманов қоюшы режисер ретінде болды.

  • 80 жж. кинематографистер одағын танымал ақын Олжас Сүлейменов басқарды.

Буддизмнің шығу тегі және оның негізгі бағыттары

  • Буддизм – әлемдік діндердің ішіндегі ең ертесі. Ол б.д.д. 6-5 ғғ. Үндістанның солтүстік –шығыс аудандарында қалыптасты.

  • «Буддизм» атауын айналымға европалықтар 19 ғасырда енгізді, буддистердің өздері дінді Буддхадхарма (Будда ілімі) деп атайды.

  • Буддизмнің негізін салушы Шакья патшалық тайпасынан шыққан Сиддхартха Гаумата есептеледі.

  • 29 жасында ол Буддаға айналды («ағартушы»).

  • 35 жасында ол Бодхисатва жолын – адамзат ұстазы жолын бастады.

  • Буддизмді индуизмнің радикалды рационалды формасы ретінде сипаттауға болады.

  • Буддизм қандай да бір құдайдың бар екендігін мойындамайды, сондықтан ол философиялық гуманизмнің бір түріне жақын.

  • Буддизмнің негізгі мазмұны: «төрт ақиқат», «сегіз өлшемді жол» және нирвана.

  • «Төрт ақиқат»: 1. Өмір – бұл қасірет; 2. Қасіреттің себебі бар (құмарлық); 3. Қасіретті тоқтатуға болады; 4. Қасіретті тоқтату жолы бар (сегізөлшемді жол).

  • «Сегіз өлшемді жол» сегіз сатыдан тұрады: 1. дұрыс түсіну (ырымшылдықтан арылған көзқарастар); 2. Дұрыс ойлау (құмарлықтардан бас тарту); 3.Дұрыс сөйлеу (өтірік айтпау, бос сөйлемеу, балағаттамау); 4. Дұрыс әрекет (тіршілікті өлтірмеу, бөтеннің затын алмау); 5. Дұрыс күш (басқаларға зиян келтірмей ақша табу); 6. Дұрыс ынта (зұлым әрекеттерге қарсы тұру, жақсы, мейірімді әрекеттер жасау); 7. Дұрыс шоғырлану (өзін өзі бақылау, құмарлықтардан босану); 8. Дұрыс концентрация (ниванаға жету).

  • Сегізінші сатықа жеткен адам дұрыс концентрацияның төрт сатысын орындау керек: 1. таза ақылмен ақиқатты ойлау және зерттеу; 2. Тыныштық рахатын кешу, салмақты ойлау; 3. Немқұрайлық жағдайына өту; 4. Жетілген немқұрайлық, салмақтық, өзін өзі ұстану жағдайына жету.

  • Нирван – буддист өмірінің басты мақсаты. Бұл – карманы толығымен жеңу. Оған тек будда болған адам ғана жете алады.

  • Буддизмнің негізгі тармақтары: тхеравада («ескі даналық мектебі»), махаяна («үлкен арба»), ваджраяна («алмаз арба»), дзэн –буддизм.