Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
271.87 Кб
Скачать

Иудей құқығы

Иудаизм - еврей халқының ұлттық діні. Біздің дәуірімізге дейінгі II мың жылдықта Солтүстік Арабияның көшпелі еврей тайпаларының полиатеистік сенімдері мен ырымдарының негізінде пайда болды. Біздің дәуірімізге дейінгі XIII ғасыр Палестинаны (Ханаан) жаулап алады. Иудаизмнің қалыптасуына Яхве құдайын асқақтатушы Иуда тайпасы (атауы осыдан шыққан) ерекше ықпал еткен. Соңынан Яхве жалғыз құдайға айналады. Иуды тайпасынан шыққан Давид патша (біздің дәуірімізге дейінгі 977 жылы шамасы) заманында Израил-Иудейлік патшалық күшейіп, иудейлер тегі пұрсатты жағдайға ие болды. Иудаизмде діни ілім мен асқақтату ертеден басталады. Оларға жататындар:

  1. Құдай, Дүние, Адам жайлы ілім;

  2. діни асқақтатудың тәртібі;

  3. моральдық-өнегелік қарым-қатынастар кодексі;

  4. діни институттар жүйесі;

  5. Құдай аңдамалылығының тұжырымы;

  6. Мессианизм - Құдайдың елшісінің немесе маңдайына бақ қонғандардың Мессияға келуі, Құдай патшалығының орнауы.

Үнді құқығының екі бастауы бар:

  • Тора

  • Талмуд

Тәурат (ивр. «заң, оқыту») Аллаһ Тағала тарапынан Мұса пайғамбарға жіберілген кітап, Исламдағы қасиетті төрт кітаптың бірі, қазіргі уақытта Еврейлік Інжіл - Танахтың алғашқы бес кітабы.

Тора - иудаизмде көпмағыналы термин болып табылады:

  • Тора – «Мұса кітабы»

  • Тора – «Мұса кітабындағы» Құдай заңдары

  • Тора – ата – ана ақыл - өсиеті

  • Тора – ауызша Тора

  • Тора – жазбаша Тора

  • Тора – ТаНаХ

  • Тора – иудаизмдегі барлық заңдар мен ережелер жүйесі

Тораны Мұса пайғамбар Құдайдың сөзінен жазды делінеді. Бірақ, бұл оқиғаның екі нұсқасы бар, біріншісінде Мұса пайғамбар төрт күн бойы Синай тауында отырып Тораны жазды делінсе, екіншісінде Мұса пайғамбардың өліміне дейінгі қырық жыл бойы жазылды деп айтылады.

Тора еврей халқы үшін өте қасиетті кітап, және оны оқудың, зерттеудің екі ережесі бар:

  • Хаврута- Тораны екі адам оқиды. Оқығанда бір адам түсінбегенді оған екіншісі көмектесіп түсіндіреді.

  • Гематрия – Тораны белгілі бір арифметикалық сан жүйесімен оқу

Талмуд (ивр. «оқу»)– иудей құқықтарының жинағы. Бұл Торада жазылған дінтанушылар мен синагога қызметкерлерінің арасында ауызша талқыланған ережелер жинтығы, олардың арасындағы пікір таластар мен дискуссиялар мысалдары мен нәтижелері. Сонымен қатар Талмудта медицина, астрономия, математика, география, геометрия, физика салаларындағы түрлі ғылыми еңбектер жазылған. Талмуд алты бөлімнен тұрады:

  • Зраим – дұға оқу кезіндегі ұстанатын ережелер мен қағидалар.

  • Моэд – сенбі күндері және мерекелік күндерге қатысты ережелер

  • Нашим – Неке және отбасы құқықтары : баланы асырау, ата – ана міндеттері, неке қию т.б.

  • Незикин - белгілі бір тұлғаға әкелген материалдық залалдарға қатысты, заңды бұзған тұлғаларға жүктелінетін жауапкершілік, жаза мен айыппұлдардың жүйесі жайында айтылған бөлім. Бұл иудей құқығының басты принциптері көрсетілетін бөлім болып табылады.

  • Кодашим - ас, азық-түлік жайындағы қағидалар, құрбан шалу ережелері.

  • Теорот – діни тазалық пен кәпірлер туралы заңдар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]