Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
271.87 Кб
Скачать

Құқық түсінігі және оның қайнар көздері

Құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері:

  • қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;

  • қарым-қатынастарды реттеп, басқару;

  • қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;

  • мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

Құқық - әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп, басқарып отырады. Олар қоғамның обьективті даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі. Бұл мемлекеттің даму тарихына, идеологиясына , құқықтың қайнар көздеріне байланысты.

  Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының  мемлекет шығарған  немесе ол таныған ресми - құжаттық нысандары, оларға заңды , жалпыға міндетті мағына беру.

  Құқықтың қайнар көздеріне  ресми  сипат тән , оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы  нормаларды  мемлекеттің қолдауын  қамтамасыз етеді.

  Құқықтың  қайнар көздерінің түрлері:

      1) Нормативтік заң актілері – бұл құзіретті мемлекеттік  орган қабылдайтын , құқық нормаларынан құралған  және белгілі бір қоғамдық  қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға  сәйкес  актілер жатады.

      2) Санкцияланған әдет нормалары – бұл адамдардың  санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған , тарихи   қалыптасқан жүріс - тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп , оларды  орындауды  өзінің мәжбүрлеу күші арқылы  кепілденуі. Әдет – ғұрып нормаларына  заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі:

 а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы;

 б) оларды сот шешімдерінде  және басқа да  мемлекет органдар  актілерінде  іс  жүзінде тану арқылы.

      3 ) Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын  және жалпыға міндетті  заңды мағына иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі  соттық немесе әкімшілік шешім.

     4)  Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да  көп субъектілердің               жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.

     5) Құқықтың жалпы қағидалары – бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы , заңнамалық норма ,  міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған  жағдайда  заңгерлер   әділеттілік , ар – ождан , құқықтың әлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін( Грецияның , Испанияның , Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).

    6)  Діни мәтіндер –  құқықтың тарихи формаларының бiрi, арнайы қасиетті мәтендерде бейнеленген Құдайдың ерігі сипатталады.

Дін және діни құқық

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иуда діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары, т.б. діннің екі сипаты бар. Төменгісі – сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы – имандылық. Имандылық барлық дерлік діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Барлық діндердің ұқсастығы және негізгі мақсаты – бір Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт-рәсімдерінде де көптеген ұқсастықтар бар.

Дін функциялары :

  • Дүниетанымдылық – дін, дінге сенушілердің өмірін толықтырады, өмірлеріне мән береді

  • Компенсаторлық – дүниетанымдылық функцияға ұқсас, адам табиғатқа тәуелді, адам өлімнен қорқады, өз әлсіздігін көреді және дін осылардың орнын толықтырады, яғни адамның басын көтергендей, оған қосымша деп береді, Құдайға сендіреді.

  • Коммуникативті – сенушілердің бір-бірімен, Құдаймен, періштелермен қарым-қатынасы

  • Реттеуші- әрбір діннің өзіндік ұстанымдары, қағидалары болады, және сенуші соларды ұстанады

  • Саяси – кез келген ұйым, ортақтық басшылары дін арқылы қоғамды реттейді, бір ұстанымға әкеліп, ортақ идеологияны орнатады

  • Мәдени - дін – мәдениеттің дамуына орасан зор ықпал етеді

  • Бөлуші – дін қоғамды қалай біріктіре алса, солай бөле алады. Діндер арасында алауыздық туады, соғыс басталады, сондай – ақ белгілі бір діннің өзінің ішкі құрылымында бөліну пайда болады. Бұл экстремистік бағытқа тән белгілер

  • Психотерапевті – дін психотерапия ретінде қолданылады .

Діни құқық – құқықтың негізгі тарихи формаларының бірі. Оның қайнар көзі ретінде зайырлы мемлекеттік билік емес, арнайы қасиетті жазбаларда айтылған Құдай ерігі болып келеді. Діни құқықтың қайнар көзі ретінде , қасиетті мәтіндерден басқа, шіркеу актілері, діни-құқықтық салт-дәстүрлер бола алады.

Діни құқықтың ерекшелігі – дербес сипатында, яғни юрисдикциясының аймақтық емес сипатында. Айталық белгілі бір діни құқықтың ұйғарымдары тек қана осы дiни қауымның өкiлдерiне таралады, басқа дiнге сенушiлер олардың әсерiнен босатылған.

Мұсылман құқығы, христиан құқығы, үнді құқығы және иудей құқығы әлемдегі ең дамыған діни құқық жүйелері болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]