Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
271.87 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе…………………….....................…………………………………………... 

I Құқық және оның қайнар көздері 1.1 Құқық түсінігі және оның қайнар көздері.........................................................

1.2 Дін және діни құқық ...........................................................................................

II Құқық және дін

2.1 Құқық пен дiн байланысы..................................................................................

2.2 Мемлекет пен дін ара-қатынасы........................................................................

III Әлемдік діндердегі құқық

3.1 Мұсылман құқығы………………………………………….............………...  3.2 Христиан құқығы…………………………………………………................ 3.3 Үнді құқығы ………………………………………………………. ............. 3.4 Иудей құқығы ……....……………………………………………..........….... 

Қорытынды………………………...............……………………………………

Кіріспе

Тақырып өзектілігі: Құқық пен дін арасындағы байланыс анық байқалады. Дін әрқашан да қоғам өмірінде елеулі орын алған. Ежелгі дәуірде, орта ғасырларда дін мемлекет құрылымында ең басты оргондардың бірі болған. Ал қазіргі таңда мешіт, шіркеулер мемлекет басқаруынан тыс болып тұр. Дін халықаралық қатынастарға да, қоғамдық құрылысқа да өз жағымды не теріс септігін тигізе алады. Дінді құқықпен, саясатпен байланыстырып зерттейтін болсақ, біз діннің пайда болуын теологиялық тұрғыдан емес, саяси тұрғыдан қарастыруға мәжбүр боламыз. Дін тек адам және Құдай арасындағы байланысты, о дүниелік өмірді, діни жораларды қамтымайды. Дiн қазiргi әлемдi өздiгiнше ұғындырады, адамдардың арасындағы нақты қатынасты реттейді. Діннің пайда болуының өзі саяси сипатқа ие. Тарихқа назар салып қарасақ, дін белгілі бір халықтың қиын саяси-әлеуметтік кездерінде пайда болды. Ол қоғамды реттеп, ізгілікке итермелеп, халықты қосып, бір идеологияның үстемдігін орнатты. Қоғамдағы діннің рөлін бекіту үшін мешіттер, шіркеулер салынды. Олар бірінші кезекте дұға оқитын жер және сол дінді ұстанатын адамдардың басын қосатын «орталық». Көптеген мемлекеттерде мешіттердің, шіркеулердің қоғамдағы рөлі өсіп, олардың саяси функциялары да ұлғая түсті. Еуропаның тарихында, шіркеу – мемлекеттік билік органы болған кездер де болды.

Дін – адамның рухани, психологиялық, саяси дамуына үлкен әсер етті. Дін – мемлекеттің, қоғамның, құқық пен заң жүйесінің дамуына өз ықпалын тигізді.

Әлем мемлекеттерінің қырыққа жуығы өз конституциясында нақтылы дiннiң ерекше құқықты жағдайларын бекiтті. Оның көбісі ислам әлемінің мемлекеттері. Сондықтан, «мұсылман құқығы» концепциясы кең мағынаға ие болып кетті. Осы курстық жұмыс барысында мұсылман құқығынан басқа, христиан, иудей, үнді құқық жүйелері зерттелінеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: діннің құқық пен заң жүйесінің дамуына тигізген ықпалын зерттеу

Курстық жұмыстың міндеті:

- құқық пен дін байланысын ашып зерттеу

- мемлекет пен дін ара-қатынасын қарастыру

- әлемдік діндердің құқық жүйелерін зерттеу

- діннің пайда болуын, ағымдарын зерттеу

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

Зерттеу нысаны: құқық және дін ара - қатынасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]