Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
271.87 Кб
Скачать

Христиан құқығы

Христиан діні (гр. cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін — Христиан дінінде Иисус Христос (Иисус помазанный) мессияға теңеліп (қара Иса), құдайға баланды. Христиан дінінің қалыптасуына Сенеканың ілімі де әсер етті. Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады:

1) Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн);

2) апостолдардың арнаулы хаттары;

3) Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар;

4) ақыр заман туралы өсиет.

Б. з-дың бас кезінде Рим империясының басқа бөліктеріндегідей Палестинада да әлеуметтік, қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп тұрды. Сонымен қатар 1 ғасыр империяның жаңа саяси формасы қалыптасуының кезеңі болды. Антикалық тәртіптің дағдарысы, жаңа саяси шындықтың қалыптаса бастауы адамдардың өмірінде қиындық туғызып, қиыншылық пен зұлымдықтан құтылудың жолын іздеуге итермеледі. Сиқырға, Митраға, Исида, Осириске, т.б. сенім күшейді. Осы кезде дүниеге келген Христиан діні жан біткеннің барлығының Құдай алдындағы тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятты. Құдай алдында барлық адамдар тең деген идея жергілікті билеушілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, Христиан дінін қабылдаушылар жаппай қудаланды. Олар жергілікті билік өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болды. Жер асты шіркеулері салынды. Дегенмен, көп ұзамай Христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде билік иелері де тартыла бастады. Христиан діні догматикасы 4 — 6 ғасырларда қалыптасты. Оның қалыптасуында каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330 — 390), Григорий Нисский (335 — 394), Василий Кессарийский (330 — 397) маңызды рөл атқарды. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы жүйеленді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да тоқталмады. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі ағымдарға бөлінуіне алып келді. 5 ғасырдың ортасында ортодоксалдық Христиан дінімен келіспейтін Армян, Копт, Малабар, Эфиоп, Иаковит, Абиссин шіркеулері жіктелді.

Орта ғасырлардан бастап Рим шіркеуі христиандарды өзіне бағындыруға тырысты. Бұған шығыстағы Византия қарсы болды. Нәтижесінде 9 — 11 ғасырларда Христиан діні “Батыс шіркеуі” (католиктер) және “Шығыс шіркеуі” (православтар) болып екіге бөлінді. 16 ғасырда католик шіркеуінен протестант шіркеуі бөлініп шықты. Сөйтіп, даму барысында Христиан діні негізгі үш тармаққа (православие, католик, протестантизм) бөлінді және олардың әрқайсысының өз ішінде әр түрлі ағымдар мен бағыттар пайда болды. Бұдан басқа несториандық, монофизиттік сияқты шағын тармақтар да кездеседі. Бұл ағымдар догматтардың әр түрлі түсіндіріліп, киелі кітапқа, діни ғұрыптарға әр алуан көзқарастары негізінде қалыптасқан.

Шіркеу– христиан діни ғұрыптары мен ғибадаттарын атқаруға арналған ғимарат. Христиан дінінің көпғасырлық даму тарихында әр халықта әр алуан шіркеу түрлері қалыптасқан. Жалпы шіркеуге ортақ белгі Шығысқа бағытталған михрабтық бөлігі және оған жалғас ғибадат етушілерге арналған бөлмесі болады. Шіркеу одан басқа Капелла, Крипта, Придел, Трапезная, тағы басқа бөліктерден құралады. Қаланың бас шіркеуі “Собор” делінеді. Лютерандық шіркеу – кирха, поляктарда католик шіркеуі – кастель деп аталады.

Христиан құқығы канон құқығы және шіркеулік құқық болып екіге бөлінеді. Олар көбінесе Батыс мемлекеттерде орналған, бірақ әрекет жасау өрісі шектелген. Негiзiнде ережелер тек қана шiркеудiң қызметкерлерiне таратылады, ал жеке құқықтардың ішінде неке және отбасы, жерлеу туралы жазылған.

Канон құқығы - шіркеудің ішкі құрылымын реттеу, шіркеу мен мемлекет ара-қатынасы, шіркеу мүшелерінің өмір сүру қағидалары жайында жазылған, шіркеу басшылығымен бекітілген ережелер жиынтығы. «Канондық құқық кодексі» - барлық ережелер жазылған шіркеу құжаты. Канондық құқықтағы нормалар шіркеу қызметкерлері тарапынан орындалуға міндетті. Канондық құқық Құдай заңдарына негізделген, бірақ олар да белгілі бір факторларғы байланысты өзгертіледі. Мысалы, «Канондық құқық кодексі» 1917 жылы өзгертіліп, осы күнге дейін Еуропалық мемлекеттерде өзгеріссіз келуде. Ал латын мемлекеттер «Канондық құқық кодексінің» 1983 жылы жаңартылған нұсқасын ұстануда.

Канон құқығы шіркеу құқығына қарағанда кеңейтілген ұғым ретінде қарастырылған еді , өйткені бастапқы кезде канон құқығы тек шіркеуге қатысты ережелерді қамтымады. Бірақ, уақыт өте келе канон құқығының базасы тарылып, қазіргі кезде шіркеу құқығының базасына ұқсас болып келеді.

Канондық құқықтық еңбектердің, кодекстердің белгіленген бір жазылу стандарты жоқ. Мысалы, Болоньядағы, Париждегі сақтаулы тұрған канондық еңбектер әртүрлі болып келеді. Бірақ, канон құқығының ең әйгілі кодексі - XII ғасырда жарыққа шыққан «Грациан Декреті». 1580 жылы Грациан Декретінің кеңейтілген нұсқасы – Канондық құқық корпусы (Corpus iuris canonici) пайда болды .

Қазіргі канондық құқық реттейтін сұрақтар:

  • шіркеулік құқық шығармашылық

  • шіркеу қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері

  • шіркеу иерархиясы

  • шіркеу мүлкіне иелік ету

  • шіркеу ережелері

Шіркеулік құқық – шіркеудің ішкі құрылымын, шіркеудің мемлекетпен байланысын, канондық құқықтың өзін реттейді. Оның канондық құқықтан басты айырмашылығы - оның қайнар көздерінде. Негізгі қайнар көздері: Інжіл, Апостолдар оқылықтары және Византиялық құқық. Шіркеулік құқық Еуропаның шығыс мемлекеттерінде, әсіресе Ресейде, Украинада, Белоруссияда қолданылады.

Шіркеулік құқыққа кіреді :

  • Қасиетті Апостолдар ережелері

  • 7 әлемдік шіркеулердің канондары

  • 10 жергілікті шіркеулердің канондары

  • 13 Қасиетті Әкелер ережелері

Шіркеулік құқық славян мемлекеттерінде кеңінен қолданылды. Бұған дәлел 1274 жылы Русь жерінде қабылданған «Кормч ережелері». Бұл ережелерді нағыз шіркеулік құқықтың үлгісі деп тануға болады.

1839 жылы Ресейде тұңғыш рет негізгі канондық құжаттардың жинағы шығарылды. Ол «Ережелер кітабы» деп аталады.

Үнді құқығы

Үнді құқығы – қазіргі Үндістанда, Сингапур, Малайзия сияқты мемлекеттерде қолданылатын құқық жүйесі . Оның негізгі төрт бастауы бар:

  • Ведалар

  • Упанишадалар

  • Дхармашастра

  • Артхашастра

Бұдан басқа «Ману заңдарын» да үнді құқығының қайнар көзі ретінде қарастыруға болады .Бұл үнділердің жеке және қоғамдық өмірдегі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын анықтайтын ежелгі діни-құқықтық нормалар жиынтығы. Үнді аңыздарына қарағанда оны адамдардың арғы атасы Ману құрастырған. Тарихи деректер бойынша «Ману заңын» шамамен б.з.б. 2 — б.з. 2 ғ-лар аралығында діни абыздар (брахман-риши) жазған. Діни-әдеби шығарма болғандықтан, «Ману заңының» мазмұны құқық мәселесінен өзге дін, саясат, әдеп мәселелерін, яғни ежелгі Үндістандағы қоғамдық қатынастардың барлық саласын қамтыды. «Ману заңы» 12 бөлімнен тұратын 2 652 шумақты өлең сипатында санскрит тілінде жазылған. «Ману заңы» бұл өз алдына шығарылған заңдар жүйесі емес, бұл ведалар мен упанишадалар сияқты қасиетті мәтіндердің жинағы болып табылады.

Ведалар (санскритша - білім) - үнді әдебиетінің ең көне (2 ғасыр соңы - біздің заманымызға дейінгі 1 ғасыр басындағы мың жылдықтар) діни және философиялық мұралары. Ведалар әнұрандар мен құрбандық шалу формулаларынан (Ригведа, Самоведа, Яджурведа, Атохорведа), теологиялық трактаттардан (брахмандар мен упанишадтардан) тұрады. Ежелгі Үндістанның мәдени-әлеуметтік өмірі туралы көптеген деректер ала аламыз. Ведаларда Құдай мен адамның арасындағы үйлесімділіктің маңызы дәріптеледі. Ведалардың негізгі бөлімі – самхиттер, бұл әнұрандар мен дұғалар жинағы.

Упанишадалар – діни – философиялық трактаттар. Олар көбінесе философиялық мағынаға ие, Құдай мен адам ара – қатынасы талқыланады. Упанишадаларда Ведаларды басты мағынасы және оларды түсіндірулері беріледі, сондықтан упанишадаларды басқаша «веданта» деп те атайды. Упанишадтар Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды. Мағынасы - «жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың аяғының қасында отыру мағынасында; немесе «құпия тылсым білім». Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі, болмыстың бастауы мәселесі басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат құбылыстарының және адамның пайда болуы түсіндіріледі. Упанишадтарда басты орынға болмыстың ең басты себебі мен алғашқы негізі ретінде рухани бастау - брахман немесе атманды алатын ілімдер ие болады. Упанишадтар мәтіндерінің көпшілігінде брахман және атман рухани абсолют, табиғат пен адамның денесіз ең бастапқы себебі ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы таным теориясының басты мәселесі білімді екі түрге: жоғарғысына және төменгісіне бөлу. Төменгі білім - эмпирикалық шындық туралы білім. Жоғарғысы - рухани абсолют туралы білім, оған тек мистикалық интуиция, йогтык тәжірибенің көмегімен ғана қол жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге билік ету мүмкіндігін береді.

Артхашастра (санск. артха — “басқару”, шастра — “заңдылық”, яғни “басқару заңдылығы”) — көне үнді трактаты, патшалардың өмірі мен қызметін қамтитын санскрит тіліндегі көне ережелердің бірі. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 2-жартысында пайда болып, бүгінгі нұсқасы б.з. 1-2 ғ-да қалыптасып болған деген болжам бар. А. 15 бөлімнен тұрады: патшаның мінез-құлқы мен уәзірлерді таңдау әдісі, қазынаны толтыру жолдары, сот және тергеу жұмыстары, қылмыс пен жазалау, қарсыластарды жоюдың құпия әдістері, саясат пен соғыс өнері, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас, құпия тыңшылар пайдалану жолдары т.б. А-ның негізгі идеясы: патша саяси жетістікке жету жолында ешбір әдістен бас тартпауы керек. “Патшаның саясаты өзінің жерін ұлғайтуға бағытталған, сондықтан көршілер оның жауы болып табылады, ал көршілердің көршісі — одақтастар”. А. білімнің көптеген салаларын қамтиды. Онда өте тәптіштеліп мынадай жүйелер берілген: “патшалықтың 7 белгісі”, “патшада болуы мүмкін 7 кемшілік”, “сыртқы саясаттың 6 әдісі”, “қамалдардың 6 түрі” т.б. А. Үндістан мәдениеті мен мемл. құрылысының көне тарихын зерттеуде негізгі дерек бола алады

Дхармашастра – діни мінез-құлық ережелері мен ежелгі заңдар жинағы. Ол діни міндеттерді орындауды насихаттайды. Дхармашастра құрамында құқық нормалары, діни, моральдық-этикалық сияқты алуан түрлі тәртіп нормалары кездеседі. Дхармашастралардың формальды түрде заң күші болған жоқ, бірақ олар адамның қай кезде қалай іс - әрекет жасау керек екендігі туралы, адамның жүріс – тұрыс ережелерін суреттейді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]