Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДМ ИГП РК Ю(К).doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
751.62 Кб
Скачать

1991 Жылы 10 желтоқсанда Казақ кср-інің атауы Казақстан Республикасы болып өзгертілді.

Қазақ халқының ғасырлар бойы тынымсыз тәуелсіздік жолындағы жүргізген күресі жүзеге асты. Осы 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мсмлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңы қабылданып, онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды. 7-тарау 18-баптан тұрған бұл заң Қазақстанның мемлекеттік-құқыктық тарихының жаңа тәуелсіздік бетін ашты. Заңның 1-бабы былай жазылды. Казақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі жоне сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді. Қазақстан Республикасы территориясында тек өз заңдары және ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. Конституциялық заңның 2-тарауы (6-8 баптар) Қазақстан Республикасы ұлттарының азаматтары біртұтас Казақстан халқын құрайды, Бұл халық егемендіктің бірден-бір иесі, мемлексттік биліктің қайнар көзі болып табылады, азаматтар барлық жағынан тең қүқыққа ие екендігі көрсетілді. Қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа ұлт өкілдерінің тілі, мәдениеті мсн дәстүріне ерекше мән беріліп, олар мемлекет қамқорлығына алынды.

1993-Жылғы Конституция қайшылықты өтпелі кезеңде қабылданды.

" Конституциялық құрылыс негіздері" бөлімінің қағидалары мсн принциптері Ата Заңның басқа болімдсріне негіз болып табылды, оны өзгсртудің тәртібі ерекше қиындатылд Конституцияның бірінші бөлімі (27-бап) азаматтардың құқығы, бостандығы мен міндеттеріне арналған. Мемлекет құқықтар мен бостандықтар тсндігіне кепілдік бсреді, азаматтарды кемсітушіліктің кез-келген түріне тиым салады деп көрсетілді.

Рсспубликаның әрбір адамының азаматтық алуға және оны озгертуге құқығы бар. Қазақстан азаматы басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды. Сонымен Конституция құқықтары мен бостандықтардың үлкен тобын жариялап, оларға кепілдік берді, әрі оларды сот жолымен қорғауды қамтамасыз етуді шешті.

"Қоғам, оның құрылыс негіздері" деп аталатын екінші бөлім "Меншік және кәсіпкерлік", "Отбасы", "Қоғамдық бірлестіктер" атты үш тараудан тұрады.

Ата Заңда меншік түрлерінің сан-алуандығы бекітілген. Мемлекет меншіктің барлық түрлерінің және субъектілерінің заң алдында теңдігін қамтамасыз етеді. Меншіктің түрлерінің сан-алуандығы жарияланғанымен, Конституцияда оның тек екі түрінің -жеке меншіктің және мемлекет меншігінің аты аталады.

18-бапта "Республика азаматының меншік иесі болуға құқысы бар" делінген. Бұл бапта Негізгі Заңның басты идеяларының бірі көрініс тапқан. Жеке меншік иесі адам, азамат болатындығы Конституция жолымен бекітілген. Оны қорғаудың кепілдігі де қарастырылды.

Мемлекеттік билік біртұтас. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері мемлекеттік биліктің үш тармағы болып табылады.

Билікті дербес тармақтарға бөлу терең демократияға негізделтен. Жоғарғы Кеңесті де, Президентті де халық тікелей сайлап қояды.Ал жоғарғы сот органдары болса Жоғарғы Кеңесте Президенттің тікелей араласуымен сайланады.

1993 жылғы Казақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы Негізгі Заң болды. Ол үлкен тарихи, саяси-құқықтық роль атқарды. Дегенмен Конституцияны Кеңес дәуірінде сайланған Жоғарғы Кеңестің қабылдауы өз таңбасын қалдырды. Ұзамай ол қайшылықтар өсіп, жаңа Конституция қабылдауға негіз болды.

1993 жылғы Конституция қайшылықты, өтпелі кезеңде қабылданды. Әлі де көп мәселелер шешімін таба алмады. Бірнеше ауқымды мәселелер бойьшша елде ұзақ пікірталас, даулар болды. Олардың ішінде: қос азаматтық; тіл мәселесі; ұлттық мемлекет пен азаматтық қоғам құру; әкімшіліктер мен кеңестер арасындағы қайшылықтар; Жоғарғы Кеңес пен Үкімет арасындағы қайшылықтар болды. Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен бұл мәселелер шиеленіске жіберілмей кезең-кезеңімен саяси және құқықгық тұрғыдан шешілді.

Казақстан Республикасының "Азаматтық туралы" заңы кабылданып 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Демократиялық және құқықтық қатынастар жолындағы құқықгық кедергілер толық жойылып, еліміздің өркениет жолына түсуіне кең жол ашылды. Қазақстан таза Президенттік республикаға айналды, қос палатадан тұратьш тұрақты Парламент құрылды, Үкіметтің ролі артты. Азаматтардың кұқықгары мен бостандықтары нығайды.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнінен 1-аралық бақылау сұрақтары

1. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы ғылымының пәні мен зерттеу әдістері

2. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы ның кезеңдемесі мен тарихнамасы

3. Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс және оның ыдырауы

4. Сақ тайпалар одағының қоғамдық, саяси құрылысы

5. Ғұндардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысы және құқықтық жүйесі

6. Үйсін мемлекетінің басқару жүйесі мен әскери жүйесі

7. Қаңлы мемлекетінің қалыптасуы мен басқару жүйесінің ерекшелігі

8. Ежелгі түрік империясының территориялық-әкімшілік құрылымы, қоғамдық саяси құрылысы және құқықтық жүйесі

9. Қарахан мелекетінің саяси-қоғамдық құрылысы және құқығы

10. Қимақ мемлекетінің қалыптасуы, әкімшілік аумақтық бөлінісі. Қыпшақ мемлекетінің басқару жүйесі.

11. Найман және Керей ұлыстарының қалыптасуы, басқару және құқықтық жүйесі.

12. Монғол империясы мен Шыңғысханның саяси-құқықтық және әскери реформалары.

13. Шыңғысханның Ұлы Жасақ заңдар жинағы

14. Алтын Орданың әкімшілік-аумақтық, салық және құқықтық жүйесі.

15. Моғолстан мемлекетінің әскери саясаты, салық және құқықтық жүйесі

16. Ноғай ордасының ерекшелігі, басқару органдары.

17. Моғолстанның мемлекеттік құрылысы

18. Қазақ хандығының пайда болу себептері, хандық жүйенің дамуы, ақсүйектер өкілдерінің саяси жүйедегі орны, әлеуметтік топтар

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнінен 2-аралық бақылау сұрақтары

1. Әдет-ғұрып құқығының ерекшеліктері мен бастаулары,

2. меншік , мұрагерлік, құқықтарының ұғымы мен ерекшеліктері

3. отбасы мен неке құқықтарының ұғымы мен ерекшеліктері

4. қылмыстық, сот жүйесі құқықтарының ұғымы мен ерекшеліктері.

5. Билер институты

6. Бөкей ордасының құрылуы, Абылай ханның реформасы, 1822, 1824 жж. реформалар.

7. Қазақ жерінің патша үкіметіне қосылу себептері, отарлау саясатының тереңдеу салдары

8. 1867-1868жж реформалар, ұлт азаттық көтерілістер, мемлекеттік құрылыстағы өзгерістер, әдет-ғұрыпқа енген өзгерістер.

9. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы, мемлекеттік органдар, Қазревком қызметі, ұжымдастыру саясатының зардаптары, министрлер кабинетінің қалыптасуы.

10. Соғыстан кейінгі жылдардағы жоспарлау саясаты, құқыққа енген өзгерістер, қайта құру саясатының алғы шарттары, мемлекеттік құрылыс. Жоспарлау саясатының күштілігін көрсету, қайта құрудың себептерін ашу.

11. 1990 ж. Декларация, 1991 ж. Заң қабылдануы, 1993ж. 1995ж.Конституция, саяси партиялар мен қозғалыстар, мемлекеттік құрылыстың өзгеруі, жаңа идеология Егемендігімізден кейінгі мемлекеттегі өзгерістерді байланыстыру, жаңа өзгерістердің дамуын бағалау..

16. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси-құқықтық шаралары

17. Алаш партиясы бағдарламасы жобасының саяси-құқықтық мазмұны.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнінен емтихан сұрақтары

  1. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы ғылымының пәні мен зерттеу әдістері

  2. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы ның кезеңдемесі мен тарихнамасы

  3. Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс және оның ыдырауы

  4. Сақ тайпалар одағының қоғамдық, саяси құрылысы

  5. Ғұндардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысы және құқықтық жүйесі

  6. Үйсін мемлекетінің басқару жүйесі мен әскери жүйесі

  7. Қаңлы мемлекетінің қалыптасуы мен басқару жүйесінің ерекшелігі

  8. Ежелгі түрік империясының территориялық-әкімшілік құрылымы, қоғамдық саяси құрылысы және құқықтық жүйесі

  9. Қарахан мелекетінің саяси-қоғамдық құрылысы және құқығы

  10. Қимақ мемлекетінің қалыптасуы, әкімшілік аумақтық бөлінісі. Қыпшақ мемлекетінің басқару жүйесі.

  11. Найман және Керей ұлыстарының қалыптасуы, басқару және құқықтық жүйесі.

  12. Монғол империясы мен Шыңғысханның саяси-құқықтық және әскери реформалары.

  13. Шыңғысханның Ұлы Жасақ заңдар жинағы

  14. Алтын Орданың әкімшілік-аумақтық, салық және құқықтық жүйесі.

  15. Моғолстан мемлекетінің әскери саясаты, салық және құқықтық жүйесі

  16. Ноғай ордасының ерекшелігі, басқару органдары.

  17. Моғолстанның мемлекеттік құрылысы

  18. Қазақ хандығының пайда болу себептері, хандық жүйенің дамуы, ақсүйектер өкілдерінің саяси жүйедегі орны, әлеуметтік топтар

  19. Әдет-ғұрып құқығының ерекшеліктері мен бастаулары,

  20. меншік , мұрагерлік, құқықтарының ұғымы мен ерекшеліктері

  21. отбасы мен неке құқықтарының ұғымы мен ерекшеліктері

  22. қылмыстық, сот жүйесі құқықтарының ұғымы мен ерекшеліктері.

  23. Билер институты

  24. Бөкей ордасының құрылуы, Абылай ханның реформасы, 1822, 1824 жж. реформалар.

  25. Қазақ жерінің патша үкіметіне қосылу себептері, отарлау саясатының тереңдеу салдары

  26. 1867-1868жж реформалар, ұлт азаттық көтерілістер, мемлекеттік құрылыстағы өзгерістер, әдет-ғұрыпқа енген өзгерістер.

  27. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы, мемлекеттік органдар, Қазревком қызметі, ұжымдастыру саясатының зардаптары, министрлер кабинетінің қалыптасуы.

  28. Соғыстан кейінгі жылдардағы жоспарлау саясаты, құқыққа енген өзгерістер, қайта құру саясатының алғы шарттары, мемлекеттік құрылыс. Жоспарлау саясатының күштілігін көрсету, қайта құрудың себептерін ашу.

  29. 1990 ж. Декларация, 1991 ж. Заң қабылдануы, 1993ж. 1995ж.Конституция, саяси партиялар мен қозғалыстар, мемлекеттік құрылыстың өзгеруі, жаңа идеология Егемендігімізден кейінгі мемлекеттегі өзгерістерді байланыстыру, жаңа өзгерістердің дамуын бағалау..

  1. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси-құқықтық шаралары

  2. Алаш партиясы бағдарламасы жобасының саяси-құқықтық мазмұны.

Модуль мазмұнына арналған формуляр

Модуль атауы және шифры

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы

IGPRK 1211

Модуль бойынша жауапты

Танатарова З.Л.

Модуль типі

Модуль деңгейі

Бакалавр, 5В030100 – Юриспруденция

Аптасына сағаттар саны

3 сағат

Кредиттер саны

2 кредит

Оқу нысаны

күндізгі

Семестр

1 семестр

Білім алушылардың саны

16

Модуль пререквизиттері

Оқытылатын пәнді игеру үшін келесідей пәндер бойынша алдын ала білімдері болу қажет: Қазақстан тарихы, қоғамтану, философия, әлеуметтану, саясаттану, шетелдерінің мемлекет және құқық тарихы, мемлекет және құқық теориясы.

Модуль мазмұны

Үш мыңжылдық тарихты қамтып, барлық әлеуметтік қатынастарды реттейтін ерекше институт – мемлекет және құқық жүйесі еліміздің аумағында біздің заманымызға дейінгі дәуірде пайда болып, күрделі даму жолынан өтті. Мыңдаған жылдар аясында саяси және құқықтық жүйелер қалыптаса отырып, өзгеріске ұшырап, бірін-бірі ауыстырып отырды. Бұл үрдістер белгілі бір заңдылықтарға бағынып, реттілікпен дамып отырды.

Оқытылатын пәнді игергеннен кейін күтетін нәтижелер

1.Қазақ халқының мемлекеттілігі мен құқықтық жүйесінің пайда болуы мен тарихи даму үрдісіндегі негізгі себептерді, фактілерді, оқиғаларды нақты, жүйелі баяндау негізінде мыңдаған жылдар қойнауындағы кең ауқымдағы тарихи-құқықтық материалдарға әділдік көзқараспен баға беріп, талдау жасай алады.

2. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын көрсете отырып, бұл заңдылықтардың әрбір тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының нақты өмір сүру жағдайындағы мемлекеттік құрылымына, саяси-құқықтық жүйесіне тигізген жалпы ықпалын, оның дамуындағы өзіндік ерекшеліктерін көрсете алады.

Қорытынды бақылаудың нысаны

тест

Кредиттерді игеруге қойылатын талаптар

1. Дәріс оқылатын аудиторияда кафедра қойылуы керек.

2. Студенттердің санына байланысты олардың аудиторияға сыйымдылығы ескерілуі қажет.

3. Студенттердің сабаққа 100 пайыз қатысуы.

4. Студенттердің семинар сабағында тақырып сұрақтарын жан-жақты талқылап, белсенді отыруы.

5. Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмаларын уақытылы орындап қорғауы пән кредиттерін игеруге жағдай жасайды.

Модуль ұзақтығы

1 семестр

Әдебиеттер

1. Абиль Е. История государства и права Республики Казахстан. Астана. Фолиант. 2000.

2. Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы. Алматы, 1990 ж.

3. Әлдибеков Ж.С. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы (дәрістер жинағы). – Алматы: Жеті Жарғы, 2012.

Жаңарту күні

5