Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
социальная работа каз.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
104.96 Кб
Скачать

«Әлеуметтік жұмыстың медициналық-әлеуметтік негіздері» пәні

  1. Денсаулық - әлеуметтік байлық

Денсаулық туралы ілімнің қалыптасу кезеңдері. Адам - биологиялық және әлеуметтік тұлға, сондықтан олардың өзара қарым-қатынасы денсаулықтың негізі. Денсаулық туралы жалпы түсінік, анықтамасы, оның негізін құрастыратын бөліктері. Денсаулыққа медициналық, әлеуметтік, экономикалық табиғи, биологиялық, психологиялық т. б. факторлардың әсерлері. Денсаулықтың топтары, көрсеткіштері, оларды бағалау әдістері. Осы салада еңбек еткен белгілі ғалымдардың зерттеулері.

  1. Әлеуметтік медицинаның пайда болу тарихы

Әлеуметтік медицинаның негізгі ұғымдарының пайда болуы және қалыптасуының кезеңдері. Эхнатон фараон уақытындағы Египет. Гиппократ әлеуметтік дәрігер ретінде. Қоғамдық денсаулық мәселесін Спарталық шешу тәжірибесі. Ибн Сина (Авиценна) әлеуметтік дәрігер ретінде. Әлеуметтік медицинаның жеке қоғамдық-ғылыми институт (20 ғасырдың басы) ретінде пайда болуының алғышарттары мен негіздері: Карл Ясперс, Альфред Гротьян, Н.А. Семашко, П.Б. Ганнушкин, Дж. Райл, А.В. Снежневский. Посткеңестік кеңістіктегі қазіргі әлеуметтік-медициналық көзқарастардың қалыптасуының алғышарттары мен негіздері.

  1. Әлеуметтік гигиена - қоғамдық денсаулық туралы ғылым

Әлеуметтік гигиенаның оқыту пәні. Әлеуметтік гигиенаны зерттеудің әдістері. Санитарлы статистиканың міндеттері және статистикалық зерттеулердің кезеңдері. Тұрғын-халықтың денсаулығын бағалау үшін салыстырмалы және орта мәндер. Тұрғын-халықтың қоғамдық денсаулығының көрсеткіштері.

  1. Өмір салты және салауаттылық

"Өмір салты" және "Салауатты өмір салты" ұғымдарына түсініктеме, олардың анықтамасы. Салауатты өмір салтының негізгі мақсаты - туғаннан қартайғанға дейін денсаулықты сақтап, нығайтып, ауырмайтын жол іздеу әдістерін ғылыми түрде құрастырып, насихаттау. Салауатты өмір салтының негізгі құрылымдары, қағидалары, олардың организмге әсері. Мықты денсаулықтың негізі - салауатты өмір салты.

  1. Психикалық денсаулық

«Психика» туралы түсінік. Психикалық денсаулықтың валеологиялық аспектісі. Психика құрылымы. Жігерлілік. Психикалық стресс, оның кезеңдері. Психикалық стресстің психикалық және физиологиялық механизмдері. Эмоциялар. Психикалық бейімделістің бір түрі – невроз. Психикалық стрессті алдын алу және оның салдарын түзету. Психокоррекция. Психикалық сауықтыру. Психогигиена. Тіршілік кеңістіктің психоэкологиясы.

  1. Репродуктивтік денсаулық. Әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау.

«Репродуктивтік денсаулық» туралы түсінік. Адамның репродуктивтік шамасы. Жыныстық мәдениет. Жыныстық тәрбиелеудің принциптері. Қыздардың денсаулығы – қоғамның демографиялық потенциалының ерекше әлеуметтік құндылық ретінде. Контрацепция мәселесі. Әйелдерге акушерлік-гинекологиялық және әлеуметтік көмекті ұйымдастыру.

  1. Денсаулықты қоғамдық өмірдің мәртебесі ретінде қалыптастыру.

Тамақтану және денсаулық сақтау. Спорт – денсаулықты қалыптастырудың басты аспектісі. Еңбек және демалысты рационалды ұйымдастыру. Экология және денсаулық сақтау.

  1. Денсаулықтың бұзылу мәселелері және оның себептері

Денсаулықты бұзудың әлеуметтік-гигиеналық мәселелері. Денсаулық пен ауру қарама-қарсы екі диалектикалық катеория ретінде. Басты әлеуметтік аурулар мен оларды алдын алудың негізгі шаралары.

  1. Денсаулық бұзылуларының әлеуметтік - гигиеналық мәселелері.

Кең тараған қолайлы, немесе қолайсыз әлеуметтік - гигиеналық факторлардың денсаулыққа әсерлері. Денсаулықты нығайтатын немесе кері әсер ететін экономикалық, биолгиялық, әлеуметтік факторлар. Жағымсыз факторларды заласыздандыру әдістері. Денсаулықты сақтау, нығайту шараларын ұйымдастыру, нәтижелі қолдану бағыттары.

  1. Денсаулық эпидемиологиясы

Наркотизм медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде. Бейімделудің медициналық-әлеуметтік мәселесі. Адам ағзасын сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері.