Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Сот дактилоскопиялы

.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
13.08 Кб
Скачать

ҚА У Л Ы

сот дактилоскопиялық сараптама тағайындау туралы

« » 01. 2015 жыл. Алматы қаласы

Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІБ ТБ тергеушісі, полиция лейтенанты С.Стамкулов , азаматша А.Б. Ахметованың сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 2015 жылғы 11 қаңтарда №15751503501112 тіркелген арызын қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы М :

11.01.2015 ж. шамамен 17.00 сағатта Алматы қ., Бостандық ауд., ІІБ-на 21.08.1981 ж. туылған азаматша Ахметова Айман Болатқызы, Алматы қ., Бостандық ауд., Темирязева көшесі, 22-үй, 10-пәтер тұрғыныны, оның күйеуін 01.01.1967 ж. туылған Ермеков Арман Асқарұлын, қонаққа келген «Асқар» есімді бұрынғы жолдасы, ас бөлмедегі, үстел үстіндегі пышақты алып, екі-рет сұғу арқылы өлтіргені туралы хабарлама түсті.

Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде, Алматы қаласы Бостандық ауданы, Тимерязева көшесі, 22-үй, 10-пәтер, оқиға болған жерді қарау барысында қылмыс қаруы болған асқаналық пышақтан алынған, дактопленкаға түсірілген саусақ іздеріне қатысты дактилоскопиялық сараптама өткізілуі туындап тұр, ҚР ҚПК-нің 180, 270-273 баптарының талаптарына сәйкес,

Қ А У Л Ы Е Т Т І М :

1.Осы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 2015 жылғы 11 қаңтарда №15751503501112 іс бойынша дактилоскопиялық сараптама өткізілсін.

2.Сараптама жүргізуді Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІБ-ның Жедел криминалистикалық бөліміне тапсырылсын.

3.Сарапшыға келесі сұрақтар қойылсын:

-ОБЖ алынған дактопленкадағы іздері жарамды ма?

-Жарамды болса тұлғаны анықтауға болама?

Алматы қаласы Бостандық ауданы

ІІБ-ның ТБ-нің тергеушісі

полиция лейтенанты С.Стамкулов