Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

сот наркологиялы сараптама

.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
13.55 Кб
Скачать

Cот-наркологиялық сараптамасын тағайындау туралы

ҚАУЛЫ

«__» қаңтар 2015 жыл Алматы қаласы

Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты С.Стамкулов 274,275 және 276-баптардың талаптарын сақтай отырып, №15751503501112 қылмыстық іс материалдарын қарап,

АНЫҚТАДЫ:

.

Тағылған қылмыстық іс-әрекеттерін жасау кезінде азамат Епенов Асқар Қайратұлы наркологиялық жай-күйі айқындау үшін сот психиатриясы саласында арнаулы білім қажеттігін назарға ала отырып, ҚР ҚПК 272-бабын басшылыққа алып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1.Осы іс бойынша амбулаториялық сот-наркологиялық сараптама тағайындалсын, оны жүргізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі «Сот медицинасы орталығы» Алматы филиалының наркологиялық-сарапшыларына тапсырылсын.

2.Сарапшының шешуіне мына сұрақтар қойылсын:

-азамат А.Қ. Епенов қандай да бір наркологиялық және ішімдік аурумен бұрын ауырды ма және қазіргі уақытта ауыра ма? Егер иә, онда нақты қандай және мерзімі қандай?

- азамат А.Қ. Епенов өз әрекеттеріне есеп бере алды ма және оған тағылған қылмыстық іс-әрекеттерін жасау кезінде оларды басқара алды ма?

- азамат А.Қ. Епенов тергеу және сот алдында жауап бере ала ма?

- азамат А.Қ. Епенов мәжбүрлі емдеуді қажет ете ме?

3.Зерттеу үшін сарапшыларға азамат Епенов Асқар Қайратұлы, 17.05.1987ж.т. және осы азаматтың амбулаториялық карточкасы жіберілсін.

4.Танысу үшін сарапшыларға қылмыстық іс материалдары ұсынылсын.

5.Осы қаулының көшірмесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі «Сот медицинасы орталығы» Алматы филиалының сараптама комиссиясының төрағасына жіберілсін.

Алматы қаласы Бостандық ауданы

ІІБ-ң ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты С.Стамкулов