Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
социальная работа каз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
104.96 Кб
Скачать

Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

«6М090500 – ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН

ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012

Емтихандық тақырыптардың тізімі

«Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы» пәні

  1. Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың теориялық және тәжірибелік дайындаудың құрамдас бөлігі ретінде

Әлеуметтік жұмыстың Ресейде пайда болу кезеңдері. Амалдар мен шешімдердегі айырмашылықтар. Ресейдегі қоғамдық қайырымдылық ету жүйесін қалыптастыру және дамыту. Әлеуметтік көмек көрсетудегі шіркеулер мен монастырьлардың ролі. Төңкерістен кейінгі және кеңес дәуіріндегі әлеуметтік жұмыс. Қазіргі кезеңдегі тұрғын-халықты әлеуметтік қорғау мәселелері.

  1. Әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері

Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі ерекшелігі. Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретінде қалыптасу процесі: жетістіктері мен мәселелері. Әлеуметтік жұмыстағы теория және эмпирикалық білім. Әлеуметтік жұмыстың заңдылықтары, принциптері мен әдістері.

  1. Әлеуметтік жұмысты дамытудың әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-саяси факторлары

Қоғамның рухани-адамгершіліктік және әлеуметтік-мәдени құндылықтары және олардың әлеуметтік жұмыспен байланысы. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік жұмыстың мемлекеттік-құқықтық негіздері. Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар. Тұрғын-халықты әлеуметтік қорғау: мәні, ұйымдастырушылық-құқықтық формалар.

  1. Әлеуметтік жұмыстың қоғамның әртүрлі салалары бойынша ерекшеліктері

Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс. Пенитенциарлы мекемелердегі әлеуметтік жұмыс. Мәдени-бос уақыт іс-әрекет жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс. Қала және ауыл аймақтарындағы әлеуметтік жұмыс. Өндірістегі әлеуметтік жұмыс.

  1. Әлеуметтік жұмыс мамандық ретінде

Әлеуметтік жұмыстағы кәсібилікті қалыптастыру мәселелері. Әлеуметтік қызметкер мен клиенттің арасындағы әлеуметтік өзара әрекет ету. Әлеуметтік қызметкердің рухани-адамгершіліктік бейнесі.

  1. Әлеуметтік жұмысты басқару

Әлеуметтік басқару және әлеуметтік жұмыстағы басқару. Әлеуметтік жұмысты басқару теориясындағы негізгі ғылыми мәселелер. Әлеуметтік жұмысты басқарудағы мотивация және оның мәні. Әлеуметтік жұмысты басқарудағы жалпылық және ерекшелік.

  1. Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік жұмыс мәселелерінің өзектілігі

Әлеуметтік жұмысты дамытудың қазіргі тенденциялары. Әлеуметтік жұмыс саласындағы кәсіби мамандарды дайындауда мамандықты тереңдетудің және кеңейтудің қажеттілігі.