Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Анатомия реферат NURGULDIKI.docx
Скачиваний:
89
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
300.76 Кб
Скачать

IV Жамбастың шығаберіс жазықтығы

  • Алдынан – симфиздің төменгі жиегі;

  • бүйірінен – шонданай төмпешіктері;

  • артынан – құйымшақ ұшымен

шектелген.

Өлшемдері:

  1. Тік өлшемі – құйымшақ ұшынан, симфиздің төменгі жиегіне дейін. Ол 9,5 см-ге тең. Нәресте кіші жамбас арқылы шыққан кезде құйымшақ артқа қарай 1,5-2 см-ге жылжиды, осының нәтижесінде тік өлшем 11,5 см-ге ұлғаяды.

  2. Көлденең өлшемін - шонданай төмпешіктерінің ішкі бетінің аралықтарымен өлшейді, 11 см.

Параллельді жазықтықтар:

  • Үстіңгі жазықтық – шекаралық сызықтың үстімен өтеді. Сол себепті оны шекаралық жазықтық деп атайды.

  • Негізгі (басты) жазықтық – симфиздің төменгі жиегінің деңгейінде бірінші жазықтыққа параллель жатады. Бұның негізгі деп атайтын себебі, нәресте басы осы жерден өткеннен кейін айтарлықтай кедергілерге ұшырамайды.

  • Спинальды жазықтық – бірінші және екінші жазықтыққа параллель, шонданай сүйектерінің өсінділерінің аралығында жатады.

  • Шығаберіс жазықтығы – құйымшақтың орналасу бағытына сәйкес келеді.

Қорытынды

Қорыта келе, жамбас қуысын өлшеу акушерия мен гинекологияда маңызы зор, өйткені жамбастың құрылысы мен өлшемдері босану ағымы мен нәтижесіне әсер етеді. Дәрігерлер кіші жамбас қуысын ерекше зерттейді, себебі осы қуыста жатыр орналасқан, сонымен қоса оның сүйектері босану кезіндегі нәрестенің өтуіне канал түзеді. Бірақ та кіші жамбас қуысының құрылысы мен өлшемін бағалау оңай емес, ал үлкен жамбас қуысын өлшеу оңайға түседі. Сол себепті акушерлік зерттеу кезінде оны өлшеп, үлкен жамбас қуысының өлшемдеріне қарап, кіші жамбас қуысының өлшемдерін есептейді.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Э.К.Айламазян Акушерство

Санкт-Петербург, Спецлит 2005 г.

  1. В.И.Бодяжин, К.Н.Жмакин, А.П.Кирющенков Акушерство

Курск, 1995 г.

  1. Р.С.Бейсембаева, Ғ.Ж.Сейтжанова, Ж.Нұрқасымова, Н.Н.Омибаев Акушерлік таным

Алматы, Білім – 1994 жыл

  1. www.google.ru

  2. www.anatimiya-atlas.ru