Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_rybej_wpor_rybej_biof.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
119.81 Кб
Скачать

19. Жылжыған жіптер теориясы.

1950-жылдың басында Эндрю және Хью Хаксли, Р.Нидергерк пен Ж.Хэнсон, бұлшық етті рентгенқұрылымды талдау, оптикалық және электронды микроскоппен зерттеулер жүргізіп, бір-бірінен тәуелсіз «Жылжыған жіптер моделін ұсынды».

Жарты ғасыр ішінде бұлшық ет жиырылуының механизмдері туралы түсінік өзгеріске ұшыраған жоқ: бұлшық еттің максимальді жиырылу күші жуан және жіңішке жіпшелердің өзара жабу дәрежесіне пропорционалды болып келеді. Саркомер ұзындығы қысқарғанда тек I-дисктер ғана қысқарады, ал А-дисктері болса өз өлшемдерін өзгертпейді.

Саркомердің максимальді жиырылуы үшін миозин көпірлері шамамен 50 қағыс жасауы тиіс. Жылжу процессінің дискреттілігі жиырылу дәрежесінің мөлшерлігін қамтамасыз етеді. Жылжу процессінің дискреттілігі бір мезетте жұмылдырылған көлденең көпірлерге байланысты, ал жылдамдығы жұмылдандырылу жиілігіне тең. Қаңқа бұлшық етінің миоциттері үшін қысқару жылдамдығы 10-20 мкм*С-1-ге тең, ал кардиомиоциттер мәні бір реттілікке төмен. Айтылып кеткендей саркомер 3,6-3,8 мкм-ге дейін созылуы мүмкін. Сондықтан бұлшық етте ешқандай кернеу туындамайды. Бұлшық еттің қалыпты жиырылуы кезінде саркомер ұзындығы 2,5 мкм жуық шамаға тең болады. Саркомер 2,0-2,2 мкм-ге қысқарғанда бұлшық ет максимальді күш жетілдіреді. Алайда оның ұзындығы 1,5-1,6 мкм дейін төмендеуі мүмкін. Бұл жағдайда бұлшық ет кернеуі бәсеңдейді, себебі миозинді филаменттер ұштары Z-жолаққа тіреледі (актин-десминді тор), сондықтан, миозин көпірлерінің қалпы актин филаменттеріне қатысты өзгеріп, күштің әлсіреуіне әкеледі.

20. Бұлшықет талшықтарының жиырылуы Са маңызы.

Бұлшықеттің қозғалыс белсенділігі миоплазма құрамында Са+2 және АТФ болғандағана жүзеге асады. Актин және миозин жіпшелерінің молекулярлы механизмдерин қамтамасыз етеді. Қамтамасыз ету үшін макро эрктермен бірге Са иони қажет Са+2 электро механикалық керилудің негізгі болшегі болып табылады. Миофибриллдер айналасындағы цитозөлге Са ионы (0,4-1,5)* 10¯6 мольге жеткенде жиырылу процесси басталады. Максимальді бұлшықет талшығының жиырылуы оның консентрациясы 5·10¯6 мольге жоғарылатканда болады. Тыным қалпында цитозол құраминда Са2+ концентрациясы бұлшықет талшығында 10¯7 мольден аспайды. Қаңқа бұлшықеттерінде жиырылу пайда болу үшін миофибриллерге Са саркоплазмалық тордан тусу қажет мұны мембаранада бөлектенген көпіршіктер және цистерналар деп аталады. СТС бұлшықет талшығында Са лық қор болып табылады. Құраминда 10¯2 моль Са иони алады. СТС мембранада Са2+ градиентиниң көп мөлшері сақталған. Бірақ тыным қалпында СТС мембранасы бұл ион үшін мүлдем өтимсіз. СТС тан Са дың шығуы сарколеманың реополяризациясынан кейін тоқталады. Бірақ миофибриллалар жиырылған күйде құрамында Са 10¯7 моль томендегенге дейін сақталады. Ол үшін Са2+ СТСке қайтуы керек қаңқа бұлшықетінің миоциттегі миофибриллалардың босансуы Са лық помпа көмегімен ғана жүзеге асады. Са лық помпа жұмысы бұлшықеттегі қысқарудың негізгі болігі болып табылады. СТС мембранасинан Са белсендируші АТФ аза бөлінеді. Ол Са насостың негізгі бөлігі.

21. Спирометрия. Спирометрия - өкпе көлемдерін зерттейтін әдістердің бірі, спирография - өкпе көлемдерінің уақыттық өзгерісінің графикалық түрі. Қағаз бетінде координаталары «көлем-уақыт» бойынша алынған мәлімет спирограмма деп аталады (Сурет 1а,б,в). дем алу мен дем шығарудың жылдамдығын жанама спирограмма бойынша өлшеуге болады. Ал тікелей мұндай шаманы пневмотахометрия және пневмотахография арқылы өлшенеді.

спирографтардың ашық және жабық түрлерін ажыратады. жабық типтегі түрлерінде алмастырылатын қоры бар немесе қорсыз оттегінің мөлшері қарастырылған. Ашық типтегі спирографтарда тыныс алу атмосфералық ауа есебінен жүргізіледі. Мұнда жұтылған оттегі есептелмейді. Бұл аспаптардың жарамдылығы мен зерттеудің орындалуын жеңілдетеді.

Зерттеулердің орындалу ережелері.

Спирометриялық және спирографиялық зерттеулер толық көлемде, қысқартылған нұсқада жүргізілу үшін зерттелушінің отырған қалпында. Күннің бірінші жартысында, аш қарынға немесе тамақтан кейін 1-1,5 сағаттан соң жүргізіледі. Күннің екінші жартысында дем алу уақыты ұзартылады.

ЭКГ-мен салыстырған спирография әдісінің кері көрсеткіштері бар:

дене температурасы өзгермелі және инфекциялық ауруларда

ауыр стенокардия мен жоғары тұрақсыз артериалды гипертензия

жүрек жеткіліксіздігі

зерттеудің талаптарын орындай алмайтын психикасы тұрақсыз

тыныс көлемдерінің параметрлері көрсетілмеген қарт адамдарға жүргізілмейді.

Спирометр немесе спирографқа қосылу стерильденген мундштук арқылы жүргізіледі. Мұрынға дезинфекцияланған қысқыш қойылады.

Сурет 1 «а»-да тыныс алу көлемдерін анықтау қисығы көрсетілген, 1 «б»-да негізгі алмасудағы қолданылатын оттегінің көлемін өлшеу көрсетілген тыныс коэффициенті 0,85-ке тең, 1 «в»-да жылдамдығы 1200 мм/мин тіркелген, мұнда: дем алу, дем шығару уақыты, форсирленген дем шығару, максималді өкпе желденуі анықталады.

22. Статикалық және динамикалы көлемдер. Өкпелік көлемдер деп тыныс алудың әр түрлі фазаларындағы өкпедегі жиналатын ауа мөлшерін түсінеді. Өкпе сиымдылығы бірнеше көлемдердің қосындысы. Статикалық көлемдер жайбырақат тыныс алу мен анықталады, ал динамикалық көлемдер асығыс тыныс алумен анықталады. Туынды көлемдер формулалармен анықталады:

Cтатикалық көлемдер мен сиымдылығы:

ӨЖК (TLC) - өкпенің жалпы сиымдылығы максимал тыныс алу биіктігіндегі өкпеде болатын барлық ауа.

ӨӨК (VC) - өкпенің тіршілік көлемі - максимал тыныс алудан кейінгі тыныс шығаруға болатын ауаның ең үлкен мөлшері. ЖЕЛ (VC) толық дем шығарғаннан кейін біраз көп, себебі ауаның ұсақ бронхыларда (ауа ұстағыштар феномендері) кептелуі жүрмейді:

ӨҚК (RV) - өкпенің қалдық көлемі – максимал деп шығарудан кейін өкпеде қалып қоятын ауа;

ТК (VT) –жайбарақат тыныс алумен тыныс шығару кезінде өкпеден өтетін ауа, орташа 500 мл;

23. Өкпе желдетілуі, өкпе көлемдері.

Өкпені желдету көлемі терең тыныс алу мен тыныс жиілігімен анықталады. өкпені желдетудің сандық сипаты өкпеге минутта өтетін минуттық тыныс алу көлемі болып табылады. Жайбарақат кезінде адам тыныс алу жиілігінің қозғалысы шамамен бир минутта -16, ал тыныс алу көлемі 500мл. Бир минутта тыныс алу жиілігін тыныс алу көлемине көбейтіп, тыныс алудың минуттық көлемин аламыз, яғни ол адамда қалыпты жағдайда орташа 8 литр/ мин болады.

МТАК=ТАЖ · ТАК

Өкпенің максимальді желдетілуі тыныс алу жиілігімен терең тыныс алу қозғалысының максимальді уақытта минут ішінде өкпе арқылы өтетін ауа көлемі максимальді желдету қарқынды жұмыс кезінде тыныс алатын өттегінің жетіспеушілігімен СО2 артық болуында пайда болады. Бұл кезде МТАК бир мин 150-200л жетуы мумкин. өкпені желдету қызметін тыныс алу жолдарын оның сызбасын анықтау үшін ар турлі зерттеу әдістері қолданылады. Олар пневмография спирометрия спирография. Тыныс алу көлемі жайбарақат дем алумен тыныс шығару кезінде өкпеден өтетін ауа, 500мл болады. Бұл кезде тыныс шығаруға қарағанда тыныс алу неғұрлим жилдамырақ бир мин 12-16 тыныс алу циклі жүреді. Фарсирленген тыныс алуда адам тағыда қосымша белгілі бір ауа көлемін жұтады. Бұл тыныс алудың резервтік көлемі адам жайбарақат дем алғаннан кейін де дем жұтуға қабилетти максимальді ауа көлемі. Ересек адамда ол яғни резервти тыныс алу көлемі шамамен 8-2,0 л болады. Тыныс шығарудың резервти көлемі жайбарақат тыныс шығарғаннан кейін адам фарсирленген тыныс шығаруда тағыда қосымша ауа көлемін шығара алады. Мұның орташа мөлшері 1,2-1,4л

24. Сыртқы тыныс алу қызметтерин зерттеу әдістері. Тахометрия. – Сыртқы тыныс алу дегеніміз кеуде клеткасының көлемінің өзгеруімен соған сәйкес өкпе көлемін өзгеруымен жүзеге асады. Сыртқы тыныс алу – атмасферамен альвеолалар арасындағы ауа алмасу. Тыныс алу жүйесі мынандай маңызды қызметтерге ие. Терморегуляция дауыс қалыптасу, дәм сезу, жұтылған ауанвң ылғалдануына атсалысады. Сыртқы тыныс алу қызметін зерттейтін әдістерге гепирометрия, спирография, пневмотохометрия және пневмотохография. Спирометрия өкпе көлемдерін зерттейтін әдістердің бірі, спирография өкпе көлемдерін уақыттың өзгерісінің графикалық түрі. Қағаз бетінде координаталары көлем уақыт бойынша алынған мәлімет спирограмма деп аталады. Дем алу мен дем шығарудың жылдамдығын жанама спирограмма бойынша өлшеуге болады. Ал тікелей мұндай шаманы пневмотохометрия және пневмотохография арқылы өлшенеді. Спирографтың ашық және жабық түрлерін ажыратады. Жабық типтегі түрлерінде алмастырылатын қоры бар немесе қорсыз оттегінің мөлшері қарастырылған. Ашық типтегі спирографтарда тыныс алу атмасфералық ауа есебінен жүргізіледі.

25. Генодинамика тұралы түсінік. Гемодинамика – (гемо + грек. Dynomikos – күшті ) – биомеханиканың жүрек қан тамырлар жүйесіндегі қан қозғалысының механизмдерін, қозғалыс шарттарын қозғалыс себептерін гидродинамика + физикалық заңдарын пайдалануға негізделіп зерттелетін биомеханиканың бір саласы. Гем (гемат, гемато – греч haima – қан) қанға қатысы бар деген білдіреді. Гемодинамиканың басти ұғымдары – қанның қысымы және қозғалыс жылдамдығы. Қан – сұйық ұлпа ағзада химикалық заттарда тасымалдаушы. Қан құрамы – плазмадан (55%), және қан жасушаларынан (45%) тұрады. Қалыпты кездегі қан көлемі ер адамда – 5200мл , әйелдерде – 3900мл. Ағзада болатын қанның мөлшері адам және дене салмағына байланысты 4,5-5л болады. Қанның қызыл және ақ түсті түйіршіктері болады. Қан айналым жүйесі бір түтікше аортадан басталып біртіндеп тарамдалып миллиондаған капиллярға айналып кетеді. Механика тұрғысынан қан айналым жүйесі гидровликалық желі болып есептеледі яғни ұзындығымен радиусы әр түрлі және тармақталған түтіктердің күрделі жүйесі болып табылады. Қан тамырдың бойымен үздіксіз сорғымен қозғалады. Қан тамырдың бойымен қанның қозғалғандағы қан қысымының қан энергиясының жылдамдығының өзгерісінің Гаген – Пуазеиль теңдеуімен түсіндіруге болады.

26. Тамырлардағы қан ағысының ерекшеліктері. Қанның ламинарлық және сканер турбуленттік ағысы. – Қан адам ағзасында ұдайы қозғалыста болады. Қан + қозғалуы – ағза мен сыртқы ортаның арасында газбен зат алмасуды қамтамасыз етеді. Ағзада қанның үздіксіз қан тамырлар бойымен ағуын қан айналым дейді. Қан айналымы – жүрек қуыстары мен тамырлардың тұйық жүйесінде ағзаның тіршілікті қамтамасыз етуші қызметін орындайтин, қанның үздіксіз қозғалысы қанның бағытын ағысы қысым градиентине негізделген, ал жүректің белсенді, қанның көлемі мен, тұтқырлығы мен анықталады. Қан айналымның шартты түрде үлкен және кіші шеңбер деп бөледі. Үлке 84% , 10%ке жуығы кіші шеңбер 7%ке жуығы жүректе болады. Сұйықтықтардың ағысы екі түрлі болады. Ламинарлық және турбуленттик. Ламинарлық ағыста (lamina – қан қабат деген сөз)- сұйықтардың реттелген ағысы, сұйық қабаттарға бөлініп ағыс бағытына параллель ағады. Сұйық құбырымен қозғалғанда жылдамдық артқан сайын ағыстың ламинарлық сипаты жоғалып, ретсіз бола бастайды. Жылдамдық ұлғайғанда ламинарлық ағыс тубуленттік ағысқа ауысады. Сұйық қабаттарының орын ауыстырулары интенсивті журіп ағында әр түрлі мөлшерде көптеген иірімдер пайда болады. Тубуленттік ағыс үшін ағыстың әр бір нүктесінде ретсіз, жылдамдықтың уақыт өтуімен бейберекет өзгерулер тән

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]