Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_11_каз.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
82.94 Кб
Скачать

7

Ф КГМУ 4/3-06/01

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ

Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: «MS Excel кестелік процессор.Формуламен жұмыс»

Мамандғы: 5B110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

КУРС: І

Құрастырған: Тажина А.М.

Қарағанды , 2010

Кафедра отырысында бекітілді

№_____ хаттама «____»_______________

БЕКІТІЛГЕН

Кафедра меңгерушісі ____________________Б.К.Койчубеков.

ТАҚЫРЫБЫ : ” MS Excel электрондық кесте. Формуламен жұмыс”

Сабақ мақсаты: Студенттерді Excel 7.O қолданбалы программалар пакетімен жұмыс істеуді үйрету.

Студент білуі керек:

  • Excel программасының тағайындалуын

  • Excel программасының мүмкіндіктерін

Студент істеуі керек:

  • Excel программасын қосу

  • бастапқы мәліметтерді енгізу

  • бастапқы мәліметтер кестелерін фоматтау

  • жаңа жұмыс кітабын құру

  • көшіруді орындау

  • беттермен жұмыс істеу

  • формулалармен жұмыс істеу

Базистік сұрақтар

  1. Windows операциондық жүйесі

  2. Терезелермен жұмыс істеу

  3. Менюмен жұмыс істеу

  4. «Тышқанмен» жұмыс істеу

  5. Файлдармен жұмыс істеу (құру, көшіру, атын өзгерту)

  6. Word мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар

  1. Формулалар енгізу

  2. Негізгі математикалық және статистикалық функциялар

  3. Функциялар мастері және оның тағайындалуы

  4. Көшіру операциясы

  5. Суммаларды есептеу

  6. Салыстырмалы және абсолютті сілтемелер

АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК

Оқытушымен жұмыс істеу

Формулаларды құрастыру және енгізу

Ұяшықта мәтін мен саннан басқа формула да бола алады, яғни оның ішіндегі мәлімет басқа ұяшықтардағы мәндерді ескере отырып саналады.

Формулаларды енгізу электрондық кестелердің ең маңызды және негізгі операцияларының бірі болып табылады.

ФОРМУЛАЛАРДЫ ЕНГІЗУ кезінде әрқашан =(теңдік) символынан бастау керек. Формулаларды енгізу «Enter» пернесін басумен аяқталады.

Excel программасында көптеген түрлі математикалық, статистикалық, логикалық және басқа функциялар бар. Енді тек қана олардың аргументтерінің мәндерін беру қалады, ол функциялар мастерінің көмегімен жүзеге асырылады. Функциялар мастерін Стандартная саймандар панелінің x пернесіне шерту арқылы шақыртуға болады. Басқа варианты – Менюдің Вставка пунктінен Функция опциясын таңдау. Алдын –ала қажетті функциясы бар формула орналасатын ұяшықты белсенді ету керек. Экранда функциялар мастерінің терезесі ашылады. Алдымен (бұл бірінші қадам) Категория өрісінде қажетті функция жататын топты таңдайды, ал Функция өрісінде оның атын көрсету керек. Егер функция атынан ештеңе түсініксіз болса, онда терезенің төменгі жағында осы функциямен орындалатын әрекеттер туралы көмекші сөздер шығады (?). Бұл ақпарат жеткіліксіз болса, қосымша Помощник батырмасын басуға болады. Формула таңдалған соң ОК басу керек: осылайша келесі қадамға өтуге болады. Функцияны енгізуді болдырмау үшін Отмена батырмасын басқан жеткілікті.

Функциялар мастерінің екінші қадамы аргументтерді беруден тұрады. Ол үшін формулалар палитрасы қолданады. Бұл жерде бірнеше әдісті қолдануға болады.

Бірінші әдісі - мәндерді және ұяшықтар адрестерін ашылатын өрістерде енгізуге болады, әрбір жаңа аргументті енгізу Tab немесе келесі енгізу өрісіне шерту арқылы аяқталады. Барлық аргументтер енгізіліп болған соң, Enter пернесін немесе ОК батырмасын шерту керек.

Функция аргументтерін берудің екінші әдісі – осы аргументтері бар ұяшықтарды тышқанмен шерту керек (керек болған кезде ұяшықтар тобын да белгілеуге болады). Олардың адрестері формулалар палитрасының ағымдағы енгізу өрістерінде көрініс табады. Егер палитра бөгет жасаса, енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы шертуге болады, сонда ол жинақталады. Оралған палитраны ашу үшін екінші рет енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы шертуге болады.

Функция күрделі формуланың құрама бөлігі ретінде бола алады, және бір формулада бірнеше функциялар қолданыла алады..

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]