Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

тема_13_каз

.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
73.22 Кб
Скачать

Ф КГМУ 4/3-03/01

ПП КГМУ 4/01

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Мамандғы: 5B110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

КУРС: І

Курс: I

Құрастырған оқытушы: Ыдырыс Ж.Б.

Қарағанды, 2011ж

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

№ ____ Хаттама «____»______ 201__ж.

Кафедра меңгерушісі ________________ Койчубеков Б. К.

Тақырыбы: «Деректер базасын басқару жүйесі»

Мақсаты: MS Access-те мәліметтер базаларымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын иелену: құру, сақтау және олардың толығымен сәнін келтіру. Дерек базасымен жұмыс істей білуді үйрену.

Оқыту мақсаты:

  1. редактор терезесінің басты менюін;

  2. саймандар панельдерінің орналасуын;

  3. редактор терезесінің негізгі элементтерінің тағайындалуын;

  4. жаңа мәліметтер базасын құру тәсілдерін;

  5. мәліметтер базасын сақтау, ашу командаларын;

  6. мәліметтер базасын өзгертілуін;

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ақпараттық жүйенің және оның құрамын, анықтамасын білу

  2. Мәлімет базасының анықтамасын және оның негізін білу

  3. Жаңа мәліметтер базасын құру тәсілдері

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жаңа мәліметтер базасын құру тәсілдері

  2. Мәліметтер кестесін өзгерту және сақтау

  3. Модельдеу негізінің мәні және сипаттамасы

  4. Иерархиялық модельдеуді ұсыну түрі

  5. Тораптық модельдеуді ұсыну түрі

  6. Реляциялық модельдеуді ұсынудың анықтамасы және негізгі түсініктемесі

  7. Мәліметтерді құру базасының басты мақсаты

  8. Мәліметтер жиынтығын қалыптастыру

  9. Реляциялық мәліметтер базасындағы қатынас түрі

  10. Мәліметтер базасындағы орындалатын негізгі іс-әрекеттер

  11. Мәліметтер базасын жобалау.

  12. Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ).

  13. Мәлімет базасының моделі.

  14. Реляциялық модельдеу

  15. Реляциялық модельдеу базасының қатынасы.

Оқытудың және үйретудің әдістемесі:

  • сұхбат;

  • Сабақтың тақырыбы бойынша берілетін есептерді шешу. (1 қосымша)

Әдебиет:

  1. Балапанов Е.Қ. Берібаев Б., Дәулеткұлов А.Б.Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ /Алматы : ЖТИ, 2003, 2007. - 400 с

  2. Изтлеуов М.К., Беккужина А.И., Жалимбетова Н.К.Информатика: Жоғары медицина орындарына арналған оқулық /Актөбе, 2005. - 394 с.

  3. Камардинов О Информатика : Оқу құралы /- Алматы : Карасай, 2008. - 360 с

  4. Гельман В.Я..Медицинская информатика: Практикум / Гельман, Виктор Яковлевич. - СПб.: Питер, 2002. - 468 с.

БАҚЫЛАУ:

    1. Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.

    2. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

    3. Бақылау сұрақтары

    1. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

  1. Ақпараттық жүйе дегеніміз не?

  2. Ақпаратты жүйенің негізгі мақсаты не?

  3. Дерек базаның негізгі ерекшеліктерін ата.

  4. Дерек базасын басқару жүйесі не үшін керек?

  5. Дерек базасын басқару жүйесінің негізгі түрлерін атаңыз.

  6. Мәліметтер базасының негізі не болып саналады?

  7. Ақпараттық обьект дегеніміз не?

  8. Мәліметтерді ұсынудың иерархиялық модулі деген не?

  9. Тораптық модуль деген не?

  10. Реляциялық модель деген не?

  11. Дерек базасының басты мақсаты не?

  12. Реляциялық база түрі дегеніміз не?

  13. Реляциялық базада кесте қалай болады?

  14. Қатынастың қанша түрі бар?

  15. Қатынастың қанша түрі бар?

  16. Реляциялық кесте түрінде қандай іс-әрекет жасауға болады?

  17. Байланыстың негізгі типтерін ата.

1 Қосымша.

Сабаққа арналған ақпараттық-дидактикалық материал

МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ТҮСІНІКТЕМЕ. МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.

Деректерді сақтаудың көп тараған әдісі – оларды комьютерде дерек қоры түрінде сақтау болып саналады. Деректер қоры дегеніміз – құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл немесе деректер қоры деп аталады.Деректер қорында болады:

  • Көптеген ақпараттар

  • Ақпараттарды сақтау мүмкіндігі

  • Белгілі аймаққа байланысты сол ақпараттардың ішінен алып шығу мүмкіндігі

  • Қажетті ақпараттарды тез алу мүмкіндігі

  • Санкцияланған ақпараттарды сақтаудың жоғарғы мүмкіншілігі және осы ақпараттарды қолдану мүмкіндігінің жоғарлылығы

  • Пайдаланушының берілетін сұраныстарға, формаларға, есептерге қоятын шарттарын қанағаттандырылуы.

Мәліметтер базасы (МБ) — бұл нақты тақырыпқа немесе есепке қатысты мәліметтер жиынтығы. Егер мәліметтер базасы компьютерде емес, немесе компьютерде оның тек қана кей бөліктері сақталса, онда мағлұматтарды басқа қайнарлардан бақылауға болады, оларды пайдаланушы реттеуі және өздігінен ұйымдастыруы қажет.

Медициналық практикада мәліметтер базларын қолдану дәрігер, зерттеуші не басқа медициналық жұмысшының жұмысында маңызды атрибут болып табылады. Microsoft Access-пен жұмыс істеу дағдылары түрлі кестелерді құруға және де басқа түрлі есептерді құруға және редактрлеуге кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

ДЕРЕКТЕРД ІЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛІ ТИПТЕРІ.

Ақпараттық нысан дегеніміз- әр түрлі салаларда берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау болып табылады.

Мысалы: топтың №, студенттің аты, жөні, сынақ кітапшасының №, туылған күні т.б.

Деректерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі типтері бар. Олар: иерархиялық, реляциялық, тораптық..

Иерархиялық ДБ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі қалғаны бағыныңқы болып саналады. Бұл жерде элементтер нақты бір тізбек бойынша сатылы түрде беріледі.

Тораптық ДБ-да негізгі элемент – желі болып табылады.

Реляциялық ДБ-да – кесте түрінде дайындалып беріледі. Бұл ең көп тараған берілгендер қоры, кесте арасындағы байланыс деген ұғымды білдіреді.

Дерек қорының негізгі этаптары:

  • Дерек қорында жазба үшін кесте жолы түсіндіріледі, кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды.

  • Кесте бағанын құрайтын жазба өріс деп аталады. Өрістің бір ерекшелігі: бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады. Мысалы: сандық не символдық.

  • Әр кесте үшін кілттік өрісті анықтау, кесте арасына байланыс орнату.

  • Әр кестенің құрылымын жасау үшін: өріс тізімін жасау, олардың типтерін және қасиеттерін анықтау.

  • Кестені берілген ақпаратпен толтыру.

  • Құрылған МБ керекті сұраныстарды, есептерді, үлгілерді өңдеу.

  • Жиі қолданылатын әрекеттерді автоматты түрде макрос арқылы беру.

МБ реляциалық байланыс және оның ерекшелігі. Реляциялық кесте арасындағы байланыс.

Реляциялық деректер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар болады: dBase, FoxBase, FoxPro, Access болып табылады. Access программасының да бірнеше версиялары жарық көрді. Олар: Access 2,0, Access 7,0, Access 97, Access 2000. Бұл программалар жұмыс істеуді жеңілдететін күрделі программалар болып саналады.

Реляциялық ДҚ – кесте түрінде дайындалып берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры (reiation – қатынас, байланыс) деген ұғымды білдіреді. Яғни, кесте арасындағы байланыс. Деректер қоры жазба үшін кесте жолы болып түсіндіріледі, кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Кесте бағанын құрайтын жазба элементтері өріс деп аталады. Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады.

Мәндері бірегей болатын өрісті бірегей өріс деп атайды. Кестелерді байланыстыру үшін тағайындалатын өрістерді кілттік өріс деп аталады.

Мәліметтердің арасындағы байланыс типтері:

  • Бірдің – бірге

  • Бірдің – көпке

  • Көптің – көпке

  • Бірдің – бірге.

7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]