Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus биофиз.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
236.03 Кб
Скачать

1 Кесте. Білімді бағалаудың баллдық-рейтингілік әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Бағаның сандық эквиваленті

Бағаның пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4

95-100

«Үздік»

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

«Жақсы»

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

«Қанағаттанарлық»

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

«Қанағаттанарлықсыз»

Ағымдық бағалар студентке оқытушымен 1 қосымша және 2 қосымшада көрсетілген белгілерге сәйкес әріптік жүйе (пән бойынша 3сабаққа бір баға) бойынша сабақтын үстінде қойылады жән дереу білім алушыға айтылады. Сабақты өткізгеннен кейін нәтижелері электрондық журналға қойылады. Босатылған сабақтарды өтемеу себебі бойынша аралық бақылаудың алдында қажетті ағымдық бағалардың болмаған жағдайда, жетіспеген бағалардың орнына «F» бағасы қойылады.

Аралық бақылау жұмыс оқу жоспарының әр пәні бойынша жазбаша түрде академиялық күзтізбеге сәйкес тіркеу бөлімі және факультет деканаттарымен бірлесе отырып семестріне екі рет өткізіледі.

Аралық бақылауды өткізу үшін факультет декандары аудиториялар бойынша кезекшілер тізімін бекітеді, кезекшілер мен студенттердің аралық бақылауды өткізу үшін сәйкес аудиторияларға кедуін қамтамасыз етеді.

Аралық бақылауды өткізуге арналған жазбаша тапсырмаладың нұсқалары (кем дегенде 10) кафедра/курстармен қағаз және электрондық тасымалдаушыда сәйкес аралық бақылауды өткізуге екі апта уақыт қалғанға дейін ұсынылады.

Аралық бақылауды аудиторияда өткізген кезде кезекші ретінде профильді емес кафедра/курстың қызметкерлері қатысады. Өткізу ережелерін ұстануға жауапкершілік кезекшілерге жүктеледі.

Аралық бақылаудың жазбаша жұмыстарын тексеру бір-екі күн ішінде сәйкес пәннің оқытушылары іске асырады.

Жазбаша жұмыстар бойынша аралық бақылаудың қорытындылары ОӘО тіркеу бөлімімен аралық бақылаудың өткенінен кейін төртінші-бесінші күні беріледі.

Аралық рейтинг аралық бақылауды өткізгенге дейінгі ағымдық үлгерімнің орташа бағасы мен аралық бақылаудың бағасын қосқаннан шығады. Аралық бақылауды есептеген кезде семестр соңында соңғы аралық бақылауды өткізгеннен кейінгі алынған ағымдық бақылаудың бағалары да есепке алынады. Аралықрейтинг (R)келесі формулалар бойынша анықталады:

–жалпы санына бөлінген аралық бақылауды өткізгенге дейінгі практикалық сабақтар үшін әріптік бағалардың сандық эквиваленттерінің соммасы(аралық рейтингіні есептеу кезінде семестр соңында соңғы аралық бақылаудан кейін алынған аралық бақылаудың бағалары да қосылады).

себепсіз босатылған сабақтардың саны.

РК – жазбаша аралық бақылаудың қорытындылары (%)немесе кешендік тестілеу қорытындылары бойынша пәннің дұрыс жауаптары

Аралық рейтингэлектрондық журнал көмегімен есептеледі және алынған қорытындылары оқу журналына енгізіледі. Электрондық журналдан аралық рейтингтік ведомость басып аланып, деканаттарға білім алушының үлгерімі туралы ақпараттандыру және шұғыл шешімдер қабылдау үшін тапсырылады. Семестр соңында электрондық журналдан аралық рейтингтік ведомость 2 данада басып алынып, электрондық көшірмесімен бірге тіркеу бөліміне сессияға жіберу туралы өкімді дайындау және «Деканат» электрондық жүйесіне енгізу үшін деканатқа тапсырылады.

Қосымша 1.

Теориялық пәндерге арналған практикалық сабақтар бойынша студенттердің білімін, біліктілігін және дағдысын бағалаудың белгілері

Әріптік жүйе бойынша бағалар

Білімін бағалаудың белгілері

А

Жауап толық дұрыс, түсінікті. Студент бағдарламада берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді терең меңгерген. Күрделі деңгейдегі оқу материалын еш қиындықсыз түсінеді. Пән бойынша негізгі терминдерді сауатты және мағынасына сай қолданады. Алған білімін жайдан күрделі оқу пәндеріне қарай дамыта алады. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді теориялық тұрғыдан дәлелдеп, талдау жасай алады.

А-

Жауап толық, дұрыс. Студент оқу бағдарламасының материалдары бойынша жүйелі және терең білім алған, бағдарламада белгіленген негізгі және қосымша әдебиеттерді толық меңгерген. Пәнге сай терминологияны қолдана отырып, материалдың мазмұнын сауатты түсіндіреді, алған білімін медико-биологиялық пәндер бойынша жинаған білімімен байланыстыра алады. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді теориялық тұрғыдан дәлелдеп, талдау жасай алады, тәжірибеден қорытынды шығара алады.

В+

Жауап жеткілікті түрде толық. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі әдебиетті жетік біледі, пәнге сай терминологияны дұрыс қолданады, өмір құбылыстарындағы әр түрлі байланыстардың ролі мен мәнін сенімсіз (бірақ дұрыс) түсіндіреді. Жауап барысында бір-екі аса көңіл аудармайтын қате жібереді, бірақ оны өзі түзетеді. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді теориялық тұрғыдан дәлелдеп, талдау жасай алады, тәжірибеден қорытынды шығара алады.

В

Жауап толық. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі әдебиетті біледі. Пәндік терминологияның қолданылу бағытын дұрыс түсіндіреді, бірнеше қате жібереді, бірақ оқытушының сауал қоюы арқылы оларды түзетеді. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді теориялық тұрғыдан дәлелдеп, талдау жасай алады, тәжірибеден қорытынды шығара алады.

В-

Жауап дұрыс, бірақ жеткілікті толық емес. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі әдебиетті біледі, ұсынылған бағдарламаны біледі, пәндік терминологияны дұрыс қолданады, пәндік терминологияның барысы мен бағытын түсінеді және түсіндіре алады, негізгі механизмдерді түсіндіре алады, бірақ оны ашып айтуда қиындыққа тап болады. Жауап бергенде маңызды емес қателіктер жібереді, бірақ оны оқытушының көмегімен түзетеді. Тәжірибе өткізу дағдалары (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) қалыптасқан. Тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.

С+

Жауап толық емес, маңызсыз қателіктері бар,оны студент оқытушының сұраққа байланысты сұрақтар қойғанында түзете алады. Одан әрі оқуда қажеттілік тудыратын көлемде негізгі оқу-бағдарламалық білімі бар, бағдарламамен ұсынылған негізгі әдебиеттерді меңгерген. Пәндік терминологияны пайдаланады, негізгі механизмдерді пайдаланады, бірақ кезектілігімен атай алмайды, нақты үлгідегі білімін көрсете алмайды. Тәжірибені өткізудегі (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан. Тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.

С

Жауабы оқу бағдарламасымен қарастырылған білімін көрсете алмайды, маңызды емес және маңызды бірер қателіктері бар, оны студент оқытушының сол жауапқа алып келетін (қосымша) сұрақтар қоюы кезінде түзетеді.Пәндік терминологияны қолдану дағдылары бар, аса қиын механизмдерді анықтауда қиындықтарға тап болады.Тәжірибені өткізудегі (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.

С-

Бағдарламалық оқу материалын толық айтпайды. Студентмаңызды емес және маңызды қателіктер жіберген, оларды оқытушының көмегімен түзете алады.Пәндік терминологияны дұрыс пайдалана алады,негізгі механизмдерді анықтауда қателіктерге тап болады, формулалар және т.б. жазуда қателер жібереді.Өз білімін басқа ұқсас пәндермен үйлестіре алмайды, байланыс таппайды.Тәжірибені өткізудегі (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.

D+

Жауап толық емес, нақтылықтар аз.Маңызды және маңызды емес қателіктер бар.Кейбір жағдайларда студент пәндік терминологияны пайдаланады, бірақ механизмдерге жауап беруде қындықтарға тап болады, байланыстыра алмайды, пән бойынша негізгі түсініктер мен терминдерге анықтама бере алмайды.Тәжірибені өткізудегі (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.

D

Оқытушының қосымша сұрақтар қойғанының өзінде көптеген қателіктері бар жауап. Маңызды қателіктер: терминологияны дұрыс пайдалана алмайды, түсініктер мен терминдерге анықтаманы бере алмайды, негізгі заңдар, ережелердің орналасуын білмейді, түрлерге бөле алмайды. Негізгі үрдістер, механизмдердің мағынасын түсінбейді, материалды түсіндіруде пәндік терминологияны пайдалана алмайды, күрделі қателіктер жасайды. Тәжірибе өткізудің дағдыларын толық меңгермеген, тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.

F

Студенттің жауаптан немесе жауап беруден бас тартуы, студентоқу бағдарламасы бойынша білімінің толықтай жоқтығын көрсетеді.

Бірде бір тапсырма/тәжірибе орындалмаған, немесе тапсырма/тәжірибе/ зертханалық жұмыс дұрыс орындалмаған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]