Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus биофиз.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
236.03 Кб
Скачать

Кіріспе.

Физика, химия және биология - үш ғылымның мәуелі негізінде қосылуы нәтижесінде тіршілік процестері негізін түсінуге мүмкіншілік беруші биофизика биологиялық пәндер ішіндегі ең бастысы болып табылады.

Биофизика заңдарын білу диагностика және емдеудің жаңа әдістерін жасау мүмкіншілігін береді. Қазіргі кезде көптеген биофизикалық әдістер түрлі ауруларды айыра білуде, дәрілік препараттардың әсері механизмін анықтау үшін, емдеу кезінде бақылау үшін кеңінен қолданылады. Осы әдістердің теориялық негізін білу клиникалық – диагностикалық деректерді объективті түсіндіру және емдеу шараларын дұрыс сезіну үшін қажет. Дәрігердің диагностикалық және емдеу тәсілі, көбіне, құралдар көмегімен алынатын деректерге тәуелді. Зерттеуші, құралдың жұмыс жасау физикалық негізін білгенде ғана, медициналық-биологиялық зерттеулерде түрлі техникалық құралдарды барынша тиімді қолдануы мүмкін. Сонымен бірге бағдарлама қазіргі медициналық техниканы қолдану мәселелері бойынша, студенттерде ғылыми білімдер мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Пәннің мақсаты: Медицинадағы ғылыми методологияны және ғылыми дүниетанымды қалыптастыру, медицина – биологиялық пен клиникалық-лабораториялы және функционалды зерттеу әдістерін теориялы негіз ретінде санап, қазіргі заман құрал-жабдықтарды молекулярлы диагностика зерттеулерінде қолдану.

Пәннің міндеттері

  • Медико-биологиялық зерттеулер есептерін шығару үшін биофизикалық жетістіктердің практикалық маңыздылығын көрсету;

  • Медико – биологиялық зерттеулерде, гигиенада және эпидемиологияда қолданылатын биофизикалық әдістер негізі білімдерін беру;

  • Адам ағзасында өтіп жатқан процестерді түсіндіру үшін кейбір физико-химиялық заңдарды қолдану мен түсінуге студенттерд і үйрету;

  • Студенттердің пікірлер мен ой тұжырымды құрастыра білуін және логикалық ойлауын қалыптастыру;

Оқытудың соңғы нәтижелері

Студент:

Білуі тиісті:

  • мембраналық құрылымдар құрылысының физика-химиялық ерекшеліктерін, олардың функционалдық механизмдерін;

  • мембрана арқылы зат тасымалы биофизикалық механизмдері, электрогенез механизмдерін;

  • жарықтың биологиялық құрылымдармен өзара әсерінің физикалық ерекшеліктерін;

  • жүрек-қантамыр жүйесі, бұлшық ет және тыныс алу жүйесі жұмыстарының биофизикалық заңдылықтарын;

  • зерттеудің метрологиялық негіздерін қамтамасыз етілуін;

  • биологиялық жүйелерді зерттеуде қолданылатын медициналық құралдар мен аппараттардың негізгі топтарын;

Істей алуы тиісті

  • медициналық есептерді шығару барысында техникалық құралдарды дұрыс жинау;

  • медико-биологиялық зерттеулердегі биообъектілер мен техникалық заттардың ең ұтымды кездесуі жайындағы есептерді шығару;

  • стандартты тіркемелерде ЭЭГ, РГ, ЭКГ тіркеуді жүзеге асыру;

  • фотометриялық құрылғыларды пайдаланып, заттар мөлшерін өлшеу;

Дағдыларды игеру

  • Стандартты тіркемелерден ЭЭГ тіркеу және жазуды жүзеге асыру;

  • Стандартты тіркемелерден РГ тіркеу және жазуды жүзеге асыру;

  • Стандартты тіркемелерден ЭКГ тіркеу және жазуды жүзеге асыру;

Компетентті болу

- Мембрана құрылысы мен патологиялық процесстердің арасындағы байланыс мәселелері.

- Жүрек биопотенциалы генерациясының диагностика мәселелерінде компетентті болу.

Пәннің алғы реквизиттері: “Физика”, “биология”, “химия” пәндері бойынша мектеп бағдарламалары.

Пәннің кейінгі реквизиттері: қалыпты физиология, молекулярлық биология және генетика, биохимия.

Пәннің қысқаша мазмұны: Торша мембраналарының биофизикасы. Электроқозғыш ұлпалардың биофизикасы. Кванттық биофизика. Ұлпалар мен мүшелер биофизикасы. Медициналық құралдар мен аппараттардың жіктелуі.

Типтік жоспар: тақырыптар, әр сабақтың өткізілуі және ұзақтығы (дәрістер, тәжірибелік, семинар, лабораторлы, оқытушы жетекшілігімен орындалатын өздік жұмыстар, өздік жұмыстар.)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]