Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция.doc
Скачиваний:
196
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.76 Mб
Скачать

3.6.2 Сурет. Уақытты-импульсті түрлендіретін сандық вольтметрдің схемасы

Саналған импульстердің N саны t = t2 – t1 уақытында Uх кернеудің мәніне пропорционалды. Вольтметрдегі ішкі калибрлену кернеудің қатарланған қорек көзінің көмегімен алдын ала қарастырылады. Аспаптың қателігі АКГ-ның сызықтығынан, ГСчИ тұрақтығынан, СС сезімталдығынан, нольді орнату дәлдігі мен тіректі кернеуге тәуелді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Электрлі емес шамаларды электрлі өлшеуді кеңінен қолдану қалай түсіндіріледі?

  2. Датчик деген не?

  3. Тензодатчиктің жұмыс істеу принципі қандай принципке негізделген?

  4. Пъезодатчиктер не үшін қолданылады?

  5. Орын ауыстыру мен деформацияның электромагнитті датчиктерінің құрылысы мен жұмыс істеу принципі қандай?

  6. Электрлік емес шамаларды электрлікке түрлендіргіштер қалай жіктеледі?

  7. Электронды вольтметрдің кеңінен пайдалануы немен дәлелденген?

  8. Тұрақты және айнымалы электронды вольтметрлердің қандай айырмашылықтары бар?

  9. Қандай өлшеу аспаптары сандық деп аталады?

  10. Қандай өлшеу диапазоны негізгі деп аталады?

Глоссарий

Активті шама – көмекші энергия көздерінсіз өлшеу ақпараттық сигналдарын қалыптастыра алатын физикалық шама (механикалық күш, электр қозғағыш күші және т.б.).

Пассивті шама (мысалы, масса, электр кедергісі, индуктивтілік) – өздігінен өлшеу ақпараттық сигналын қалыптастыра алмайтын шамалар.

Өлшеу - белгілі бір физикалық шамамен оның өлшем бірлігі ретінде қабылданған мән арасындағы сандық қатынасты іс жүзінде анықтауға арналған ақпараттық процес.

Ақпарат – объект туралы алғашқы белгісіз білімдерді азайтуға ықпал жасайтын мәліметтер жиынтығы.

Өлшеу эксперименті қандайда бір нақтылықпен өлшеу нәтижесін анықтауға арналған, ғылыми тұрғыда негізделген әдіс.

Өлшеу нәтижесі – өлшеу жабдығы көмегімен эксперимент арқылы алынған физикалық шаманың өлшем бірлігі бар сан мәні.

Өлшеу жабдығы – өлшеу экспериментін жасауға арналған мөлшерленген нақтылық сипаттамасы бар техникалық құрылғы.

Cигнал – ақпараттың материалдық тасымалдаушысы.

СИ – халықаралық бірліктер жүйесі – SI (System International).

Өлшеу нақтылығы – өлшеу нәтижесінің өлшенетін шаманың ақиқат мәніне жуықтық дәрежесі.

Бақылау – бақыланып отырған объекті қасиеттерінің немесе сипатының белегілі бір мөлшерге сәйкестігін анықтау процессі.

Метрология – өлшеу, өлшеу әдістері мен жабдықтары, олардың бірлігі және қажетті нақтылыққа жету жолдары туралы ғылым.

Метрологиялық қамсыздандыру – өлшеудің белгілі бір нақтылығана қол жеткізуге қажетті техникалық жабдықтар мен ережелерді қолданудың ғылыми немесе ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастыру.

Өлшеу принципі – өлшеу негізделген физикалық құбылыстардың жиынтығы.

Өлшеу әдісі – өлшеу кезінде қолданылатын өлшеу жабдықтары мен принциптерінің жиынтығы.

Электрлік өлшеу – физикалық шаманы электрлік өлшеу жабдықтарының көмегімен өлшеу.

Өлшем – физикалық шаманың белгілі бір мәнін көрсетуге арналған өлшеу жабыдығы.

Өлшеу түрлендірігші – бақылаушының тікелей қабылдауына, ары қарай түрлендіруіне, өңдеуіне немесе сақтауына ыңғайлы өлшеу ақпараты сигналын өңдіруге арналған өлшеу жабдығы.

Өлшеу жабдығы – бақылаушы тікелей қабылдай алатын өлшеу ақпараты сигналын өңдіруге арналған өлшеу жабдығы.

Стандарт (ағылш.сөзі. Standard – норма, үлгі) – өз еркімен бірнеше рет пайдалануды көздеп қабылданған өнімнің сипаттамалары, оны өндіру мен пайдалану туралы ережелер, оны сақтау, тасымалдау, тарату немесе жою, қолдану немесе қызмет көрсету туралы құжат.

Халықаралық стандарт − халықаралық ұйым қабылдаған стандарт.

Ұлттық стандарт − Ұлттық стандарттау органы бекіткен стандарт, утверждённый национальным орга­ном по стандартизации.

МЭК (ХЭК) – Халықаралық электро­техникалық комиссия

ISO (англ) – Стандарттау бойынша халықаралық ұйым.