Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмны.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
31.65 Кб
Скачать

Мазмұны

  1. Педагогикалық практика бойынша есеп.

  2. Көктөбе жалпы орта білім беретің мектебінің 8 «а»

сыныбының сабақ тізімі

  1. Көктөбе жалпы орта білім беретің мектебінің 8 «а»

сыныбының сабақ кестесі

4.Мінездеме

4.1 Көктөбе жалпы орта білім беретің мектебінің 8 «а»

сыныбына мінездеме

4.2. Көктөбе жалпы орта білім беретің мектебінің 8 «а»

сынып оқушысы Қанат Данаға мінездеме

5. Көктөбе жалпы орта білім беретің мектебінің 8 «а»

сыныбына арналған информатика пәнінен сабақ жоспарлары

5.1 «Графикалық редактор» тақырыбы бойынша сабақ жоспары

5.2 «Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу» тақырыбы бойынша сабақ жоспары

5.3 «Күрделі шарттар» » тақырыбы бойынша сабақ жоспары.

5.4 «Операциялық жүйе ұғымы» » тақырыбы бойынша сабақ жоспары

5.5 «ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасы мен ережелері»

6. Көктөбе жалпы орта білім беретің мектебінің 8 «а»

сыныбының жоспар бойынша тәрбие сабақтары

6.1 «Менің бақытты отбасым» тақырыбы бойынша тәрбие сабағы

6.2 «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.»тақырыбы бойынша тәрбие сабағы

6.3 «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбы бойынша тәрбие сабағы

7. Көктөбе жалпы орта білім беретің мектебінің 8 «а»

сыныбының жоспардан тыс тәрбие сабағы

7.1 «Жолда жүру ережесін білесің бе?» ?» тақырыбы бойынша жоспардан тыс тәрбие сабағы

8.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Тақырыбы: Жолда жүру ережесін білесің бе?

Мақсаты: - Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру;

ережелерді есте сақтауға үйрету.Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу;.Оқушылардың ой - өрісін, сана – сезімін, өзін - өзі ұстауын, көшеде дұрыс жүріп тұруын дамыту.

Көрнекілік: бағдаршам, жол белгілері, тыйым салынатын ескерту белгілері,

Өтілу барысы:

-Құрметті оқушылар! Бүгін біз жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгергенбіз, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба, сол жөнінде ой бөлісейік. Және жолда жүрудің үлгісін көрсетейік.

Арманға , алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басыламыз,

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Сабағымыз басталсын сәлемменен.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті оқушылар мен ұстаздар. Бүгінгі тәрбие сағатымызға ұстаздар, тәрбиешілер, және полиция қызметкері келіп отыр. Бүгінгі біздің «Жолда жүру ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағатын бастамастан бұрын мынандай сөзжұмбақты шешіп алайық.

Жоқ өзіңде бас та, ауыз, құлақ та.

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

Жарайсыңдар, балалар!Ендеше, бағдаршамға назар аударайық. Жолда жүру тәртібін, ережесін жақсы білеміз бе екен, байқайық! Қане, жол белгілері ортаға келейік, өздеріңді таныстырыңдар

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымызда ойнайтын ойынның атты бағдаршам.

Өтілу барысы:

Бұл сақшының үш көзді,

Үш көзден ұқ, үш сөзді.

Ашша сақшы үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып – деп сыныбызды үш топқа бөлейік.

1 – топ: Қызыл. 2 – топ: Сары. 3 – топ: Жасыл.

І Таныстыру.

1 – топ: Қызыл, 2 – топ: Сары., 3 – топ: Жасыл.

Қызыл тобы: Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға,

Сары тобы: Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл тобы: Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін жасқанба.

Мұғалім: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді.

Сұрақ – жауап шешеу басталады.

ІІ. Келесі сайысымыз «сұрақ – жауап».

Қызыл тобына: 1. Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз? (Әуелі сол жаққа, көшенің ортвсына келгенде оң жаққа қараймыз)

2.Бағдаршамның неше көзі бар? (3, қызыл, сары, жасыл)

3. Балалар қай жерде ойнау керек? (арнайы алаңдарда)

Сары тобына: 1.Жолаушылар деген кім? (кез – келген көлікке мінетін адамдар)

2.Жаяу адамның өтетін жолдындағы сызық? (ақжолақ)

3. Көлік күткенде қай жерде тұру керек? (аялдамада, арнайы белгілеген орындарда)

Жасыл тобына: 1. «Жүргізуші» деген кім? (көлік айдайтын адам)

2.Автобус, троллейбус тоқтайтын жер? (аялдама).

3. Өмірімізді қатерден сақтандыратын, көшемізде тұратын көмекшіміз не? (бағдаршам)