Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция.doc
Скачиваний:
196
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.76 Mб
Скачать

2 Сурет. Өлшеп-есептеу түрлендіргішінің құрылымдық схемасы

Олардың шығысында пайда болған кернеулер ПНИСi көмегімен өлшеу объектісіне әсер ететін қажетті физикалық шамаларға түрленеді.

Өзінше сынау әсерінің өлшеу бағасы болып табылатын өлшеу сигналдары өлшеу каналдарында екілік кодқа түрленеді де, компьютермен есептеледі. Алынған кодтар берілген алгоритмдер бойынша өңделеді де, нәтижеде ізделіп жатқан өлшеу ақпараты алынды.

Электрлік өлшеу

Өлшеу техникасының маңызды бір бөлігі электрлік өлшеу техникасы - өлшеу ақпаратын электрлік сигналдар арқылы тасымалдайтын электрлік өлшеу аспаптарын жасау, пайдалану, оладың көмегімен ғылыми зерттеу жұмыстарын, іс-тәжірибелер жасаумен айналысатын адамдардың қызмет саласы.

Физикалық шамаларды электрлік өлшеу аспаптарының көмегімен өлшеу-электрлік өлшеу деп аталады.

Электрлік өлшеулерге мыналар жатады:

  • электрлік шамаларды өлшеу;

  • электрлік шамалармен байланысы бар уақыттық шамаларды өлшеу;

  • электрлікке түрлендірілген электрлік емес шамаларды өлшеу.

Электрлік өлшеудің негізгі артықшылықтары мыналар:

- қарапайым әрі арзан электронды құрылғылардың көмегімен жоғары дәлдікпен өлшеу түрлендірулерін жүргізу;

- физикалық шамалардың мәнін өте кең арлықта өлшеуге мүмкіндік береді;

- өте баяу немесе жылдам өтетін процесстерді бақылау, зерттеу кезінде өлшеуді жүргізе алу қабілеттілігі және электрлік өлшеу тізбегінің аз инерциялылығы;

- өлшеуді арақашықтықтан жүргізуге және түйіспесіз өлшеуге мүмкіндік беруі;

- өлшеу нәтижелерін аналогты немесе цифрлі формада тасымалдай алу қабілеттілігі;

- өлшеу нәтижелерін тасымалдау, өңдеу және оларды сақтауға мүмкіндік береді сондай-ақ өлшеу нәтижелерін өлшеу – есептеу жүйелеріне алдын ала түрлендірусіз тасымалдай алу қабілеттілігі.

1.7.1. Электрлік шамаларды өлшегіш түрлендіргіштер

Барлық физикалық шамаларды өлшеу өлшегіш аспаптар көмегімен жүргізіледі.

Өлшеу жабдығы – өлшеу экспериментін жүргізуге қолданылатын техникалық сипаттамалары мөлшерленген техникалық құрылғы.

Функционалдық арналуына байланысты барлық өлшегіш аспаптар төмендегіше жіктеледі:

- өлшем – физикалық шаманың белгілі бір мәнін көрсетуге арналған өлшеу жабдығы;

- өлшеу түрлендіргіші – бақылаушы тікелей қабылдай ал-майтын, бірақ әрі қарай тсымалдауға, өңдеуге және сақтауға қолай-лы өлшеу ақпараты сигналын өңдіруге арналған өлшеу жабдығы;

- өлшегіш аспап – бақылаушы тікелей қабылдай алатын өлшеу информациясының сигналын өңдіретін өлшеу жабдығы;

- өлшеу ақпарат жүйелері және өлшеу құрылғылары - бақылауға, өңдеуге және объектілерді басқару үшін қолдануға ыңғайлы өлшеу информациясын өңдіру үшін бір-бірімен көмекші құрылғылар, байланыс каналдары арқылы жалғанған өлшеу жабдықтарының жиынтығы.

1.7.2. Өлшегіш аспаптардың өлшеу шектерін кеңейту

Тұрақты ток бойынша өлшеуді кеңейту

Шекті кеңейту магнитэлектрлік жүйенің өлшеу аспабына параллель қосылған мәні кіші кедергі (шунт) арқыры жүзеге асырады.

Шунт нақтылы ток және шунттағы нақтылы кернеу құлау -дермен сипатталады. Шунттар әр түрлі токтарға және кернеу құлауға шығарылады.Нақтылы ток (1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 3,0; 4,0; 5,0; 6,0; 7,5)-10n сандар қатарынан тандалыну керек (и - бірден үшке дейін бүтін сан). Шунттың нақтылы кернеу құлаулары = 10; 15; 30; 45; 50; 75; 100; 150 және 300 мВ (олардың ішінде ең кең тарағаны ишн =45;75; 100 мВ). Шунттар аспаптардың ішіне (жекеменшікті) және сыртына (өзара алмастырылатын) құрастырылады. Шунттар мына теңдеу бойынша белгіленетін дәлдік кластарға бөлінеді:

(1.7.2.1)

мұнда: - дайындау кезінде болған шунттың нақты кедергісінің мәні.

Шунттарға белгіленген мынандай дәлдік кластар бар: 0,2; 0,05; 0,1: 0,2және О,5.

Сыртқы шунттарды калибрленген мәні Rc=0,035 Омға тең өлшеу аспапқа көмекші өткізгіш арқылы қосады.

Шунттардың түзілісі 1.7.2.1-суреттен түсінікті.

а- сыртқы өзара алмастырылатын; ә - ішкі және меншікті