Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция.doc
Скачиваний:
196
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.76 Mб
Скачать

1.7.3.1 Сурет. Төт-дың қосу схемасы

Токтардың қатынасы ТӨТ-дың нақтылы трансформация коэффициент КТТн арқылы белгіленеді.

(1.7.3.1.)

яғни: .

Көрініс (1.7.3.1) шығыны жоқ трансформатор үшін дұрыс.

Нақтылы трансформаторда токтың өзгеруі өзекшеде магнит ағынды құру, өзекшенің темірін жылыту және қайта-кайта магниттеу, екіншілік ораманы және жүктемені жылыту энергия шығындарына келтіреді. Сол себептен, негізінде, Il>KTTI2 болады да, екіншіліктің бұрышты және токтық f терістіктері пайда болады.

Токтық терістік былай белгіленеді:

. (1.7.3.2)

Тұрақты ток кернеуінің шегін кеңейтуінің өлшеу шегін кеңейту

Кернеуді өлшеген кезде аспаптың өлшеу шегін кеңейту үшін кедергі орауыш түрінде немесе резисторлар түрінде қосымша кедергілер кең қолданылады. Қосымшм кедергі Rқ-ны белгілейтін параметрлер: Uн – орауыштың нақтылы кернеуі, Iн – орауыштың нақтылы тоғы, ол (0,01...60) мА болуы мүмкін. Әдетте Iн =3,0 немесе 7,5 мА. Бұл жағдайда Қосымша кедергілер келесі дәлдік кластарға дайындалады: 0.01, 0.02, 0.05, 0.1, 0.2, 0.5, және 1.0.

Есеп үшін мына көрініс қолданылады:

(1.7.3.3.)

мұнда өлшеу шекті кеңейту коэффицент (шкаланың көбейткіші). Мысалы микроампер М260 арқылы U=10B кернеуді өлшеу үшін (Iа=0,2 А Rа=900 Ом) қосымша тең:

кОм.

Қосымша кедергісі Rқ бар өлшеу аспап жүктеме Rж-ге паралельді қосылған бұл тауардың жалпы кедергісі азаяды, ал схема сол себептен кернеу қайта бөлінеді.

Вольтметрдің әсер ету коэффиценті мына көріністен табылады:

(1.7.3.4.)

мұнда Rm– вольтметр қосылған нүктелердің арасындағы тізбектің кедергісі: Rқ=Rа+Rк – вольтметрдің кіру кедергісі.

Егер болса, онда аспаптың қосылуы қосымдардағы кернеудің төмендеуіне келтіреді. Бұл төмендеу неғұрлым қатынасаз, солғұрлым көп болады.

Вольтметр көпшілігінде өлшеу шегін күшейту үшін кернеу бөлшектер қолданылады. Резистивтік бөлгіш магнитэльектрлік жүйе аспабының өлшеу шектерін кеңейту үшін қолданады. Мұндай бөлшектің шығуындағы кернеу, Rа<< R2, болса тең:

(1.7.3.5.)

Мұнда: бөлгіштік кернеудің жылжу коэффиценті. Вольтметрдің кіру кедергісінің әсерлігін есептеу үшін (7.10) көрініске R2-ның орамына қою керек.

Сыйымдылық кернеу бөлгіштің жылжу коэффициент, егер , болса, онда мына көрініспен белгіленеді:

(1.7.3.6.)

ұл бөлгіштер электростатикалық аспаптардың өлшеу шектерін кеңейтуге қолданылады.

1.7.4. Айнымалы ток кернеуінің өлшеу шегін кеңейту

Айнымалы ток вольтметрдің өлшеу шектерін кеңейту үшін кернеу өлшеу трансформаторлары кең қолданылады. Кернеу өлшеу трансформаторларының негізінде күшті трансформатордан айырмашылығы жоқ. Айырмашылығы тек сонда кернеу өлшеу трансформаторларының терістіктерін минималды етеді. Біріншілік орама Wl орам саны бар (А-басы, X-ораманың аяғы) қорғаныштар Кр арқылы кернеуі тең желіге косылады. Екіншілік орама орам (а-басы, х-ораманың аяғы) вольтметрге қосылады және қауіпсіздік шаралары үшін екіншілік ораманың бір жағы жерге бекітіліуі керек. Кернеу өлшеу трансформаторының қослу схемасы 1.7.4-суретте көрсетілген.

1.7.4 Сурет. Кернеу өлшеу трансформаторының қослу схемасы

Кернеу өлшеу трансформаторларының негізгі параметрлері келесі: біріншілік ораманың нақтылы кернеуі U; екіншілік ораманың нақтылық кернеуі ; нақтылық қуат: .

Нақтылы куат S2 дегеніміз кезде кернеу өлшеу трансформаторларынан алынатын ең көп қуат және бұл жағдайда оның кернеулік терістігі fu және бұрыштық терістігі дәлдік класпен берілетін рұқсат етілетін шектен шықпау керек.

Эксплуатациядағы кернеу өлшеу трансформаторларының дәлдік кластары 0,2; 0,5 және 1,0-ге тең. Лабораториялық жағдайда қолданатын кернеу өлшеу трансформаторларының дәлдік класы -0,1.

Мысалы, дәлдік класы - 0,2-ге тең кернеу өлшеу трансформаторларының кернеу бойынша терістігі +0,2%-тен аспау керек, ал бұрыштық терістігі < ±10'.