Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус-Ержанов-Ертыс.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
797.18 Кб
Скачать

14 Тақырып Эпистемология

1.Таным туралы жалпы түсінік.

2. Сезімдік және рационалдық ойлау, олардың негізгі формалалары.

3.Танымның және ғылыми танымның әдістері.

4.Ғылым дамуының келешегі.

Субъект және объект тынымының диалектикасы. Танымның сезімдік және рационалдық қырларының бipлiri. Танымдардың субъект және объект байланысындағы танымдық процестін диалектикасын қарастырайық. Философия тарихында әрдайым орталық орындардың бipiн философияның құрамдас бөліктері --гносеология немесе таным теориясы аясында шешілетің таным проблемалары алып келеді. Таным теориясы танымдық ic-әрекет заңдары мен заңдылықтарын зерттейді. Әлемді тану мүмкіндіктері және оның заңдары туралы мәселені философилық шешу тарихи өзгеріп отырды, онда әрбір тарихи дәуірде жекелеген ғылымдар жинақтаған дүние туралы білім деңгейі көрінді. Философиялық білім араларында таным npoцeci мазмұны анықталатын танымның субъект және объектісін қарыстырады. Танынның объектісі болып шындықтын өзi немесе оның субъектіден тәуелсіз тіршілік ететін үзіндісі болып табылады. Объект - қай затқа бағытталған әрекет. Объект - субъект белсенділігі сіңірілетін өpic. Таным субъекттісі болып өз тарихи дамуындағы адам және адамзат болып табылады. Субъект өзін объектімен байланыстырып, материалдық, мақсатқа лайықты әрекетті тасушы ретінде көрінеді. Субъект — мақсатты болжап, шындықтың өзгеруін жүзеге асыратын белсенді де, дербес тіршілік иесі. Алайда объективті шындық та субъектінің өзімен белсенді танымдық қатынасқа таным түсетіндіктен таным объектісі болады. Осынау ортақ бастау ережелер өздерін ерекше түрде табиғи және әлеуметтік процестерін тану жағдайында көрсетеді. Қоғамның өзі таным субъектісі болады нeмece оны қалыптастырады және ол субъект ретінде өз бойына белгілі әлеуметтік құрылымдарға, олардың құндылыктары мен мүдделеріне деген субъект мазмұнының элементтерін сіңіредi. Сондықтан әлеуметтік танымда субъект объектіге айрықша қызығушылықпен, тіпті құштарлықпен қарайды, «Объектіні зерттеу оңашаландырылған акт eмec; ол сипатына құндылықтар мен ұжымдық-бейсаналық жігерлі импульстер әсер ететін белгілі көнтексте жүреді». (Манхейм К. Диагноз нашего времени. М., 1994. С. 10). Таным дегеніміз ойдың о6ъектіге мәңгі, шексіз жақындауы. Танымда сезімдік және рационалдық танымның деңгейлері болады. Сезімдік таным үш нeriзri формада жүзеге асырады түйсік, қабылдау, елестету. Сезімдік таным адамның сыртқы дүниемен тікелей араласумен байланысты. Түйсіктер – қарапайым сезімдік бейнелер, жекелеген материалдық заттар мен құбылыстардың (түс, иіс, дыбыс т.б.) сапалардың, қасиеттердің санадағы көрністерi. Түйсік негізінде сезімдік танымның неғұрлым күрделі және неғұрлым биік түpi – қабылдау пайда болады. Ол қасиеттер жиынтығын қамтып, заттың тұтас бейнесін береді. Қабылдаудың тууына тек түйсік қана қатысып қоймайды, сонымен қатар жады, ой, өткен тәжірибе де қатысады. Адам санасының қабілеті жадыда сезімдік бейнелерді сақтап, қайта шығарып, үшінші сезімдік түpi – елестетуді туғызады. Адам қабылдаулары мен елестернің қоймасы жады деп аталады. Түйсік, қабылдау, елестету объективтік әлемнің субъективті образдары болып табылады. Олар мазмұны жағынан объективті, түрі жағынан субъективті, сезімдік таным танымның бiрінші және қажетті сатысы болып табылады, бірақ ол заттардың құбылыстардың ішкі мәнің түсінуге мүмкіндік бермейді. Ол міндетті жоғарғы түрі абстрактылы ойлау болып табылатын танымның келесі рационалды түріне көтеріліп барып шешуге болады. Дамыту npoцeci үш түрлі негізгі формалар арқылы өтетін ойлау мазмұны құрады: ұғым, пiкip, ой түйіндеу. Ұғым --нақты заттар мен құбылыстардың неғұрлым жалпы,мәнді және қажетті қасиеттері, белгілері көрінетін ойлаудың түpi. Пікір – түсінік байланыс арқылы заттың өзге бұйымдармен қатысына қарай олардың қайсыбір белгілері, қасиеттері бар немесе жоқтығы белгіленетін ойдың көрсетілу түрі. Неғұрлым терең және нақты білім алу міндетін біз пікірмен байланысқан ой түйіндеуге келу арқылы шешеміз. Ой түю тікелей бақылауға берілмей шындық саласына енетін жанама білімге жатады. Танымның сезімдік және рационалды жақтарының бipлiri - құбылыс түciнiгiнен мәң түciнriнe өтy npoцeci. Танымның бір кезенінен екінші кезеніне өтуді (әдеттегі де, ғылыми да танымда) сезімдік және рационалды білім арасындағы, одан сана мен тәжірибе арасындағы қайшылықтарды шешу арқылы сапалық секіруге ұқсатуға болады.

Дүниеде бәрі қатынастылы дейтін қағида релятивизм деп аталады. Ақиқат теориясы. Ғылыми таным. Эмпириялық және теориялық зерттеудің әдістері.

Ақиқат құнды қасиет ретінде біздің біліміміздің мазмұнындағы субъектіден де, адамнан да, адамзаттан да тәуелсіз түciнiктep арқылы сипатталады. Ақиқат ойымыздың, біздің дүние туралы біліміміздің сол дүниеге, объективті шындыққа сәйкестігі ретінде анықталады. Ақиқатты тануда, процесс ретінде және адамзаттын ақиқатты толық Taнуғa ұмтылуы арасында қайшылық бар. Ол қайшылық екі түрлі: 1) көрінетін дүниенің өзi қайшылықты: шексіз, өзгермелі және сонымен бірге аяқталған, тұрақты заттардан тұрады; 2) ойлау қабілеті қайшылықты: ол өзінің танымдық қабілеті жағынан шексіз және сонымен бірге ол танымдық мүмкіндіктері тарихи шектеулі жекелеген адамдар, ұрпақтар арқылы жасалады. Танымның бұл қарама-қайшылығын абсолюттi және салыстьрмалы ақиқат түсінігі көрсетеді – бұлар диалектикалық бірлікте болатын ақиқат түciнiгiнiң түрлі қырлары. Ақиқат әрбір тарихи кезеңде объектіні тек өзгеріп отыратын белгілі деңгейде, жағдайда, қатынастарда көрсететіндіктен салыстырмалы. Бұл тұрғыда ол толық eмec, мөлшерлі, объектінің барлық мазмұны қамтымайды, алайда онда әрдайым шындықтың, демек абсолютті білімнің элементтері болады. «0бъективтік» термині субъект санасынан тәуелсіздікті білдіреді. Бірақ сонымен бірге ақиқат көрсетілу түрі жағынан субъективті. Оның ғылым өрiсiнде дайындалуы сол теорияны қалыптастыратын адамдардың ерекшеліктеріне байланысты болады. Танымда абсолютті ақиқатқа жету мүмкіндігі туралы мәселе қойылады. Абсолютті ақиқатқа қол жетпейді, өйткені әлем шексіз және түпсіз. Абсолютті ақиқат ұстатпайды, ол қу даладаіы сағым секілді алға қарай арбап отырады. Ақиқаттың нақтылығы туралы сипаттамаға да әрбір жағдайды тұрақты түрде өзгеріп отыратын шарттармен сәйкестігі тұрғысынан қарап отыру талабынан сол көpiнicпeн байланыстыруға болады. Біздің бі лімдеріміздің объективтілігін, олардың адамнан және адамзаттан тәуелсіздігін дәлелдеу практикада жатқаның көрсету керек. Солайша, тeкcepy белгілері адам ойынан тыс, практикада жатады. Тәжірибе әрдайым тарихи жағынан нақты, идеяларды құралдарда материалдандыруы шектеулі, сондықтан оларды тексеру критерийлері ретінде салыстырмалы келеді. Таным мен практиканың өзара әсерлілігі де тарихи құбылмалы.

Әдебиеттер:

1 Алтай Ж. Философия тарихы:оқулық/Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли.-2-шi басылымы.-Алматы:Раритет.-2006.-310 б.

2 Байтенова Н. Ж. Философия:учебник для студ. вузов/КазНУ им. аль-Фараби; сост. Н. Ж. Байтенова.-Алматы:Қазақ университетi.-2006.-390 с.

3 Нысанбаев Ә. Таным теориясы/[ғылыми ред. Ә. Нысанбаев; құраст.: С. Колчигин, Ә. Нысанбаев; аударғандар: Д. Раев ж. б.].-Астана:Аударма.-2006.-501 б..-(Мәдени мұра)