Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус-Ержанов-Ертыс.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
797.18 Кб
Скачать

13 Тақырып Диалектика теориясының мәселелері

1.Диалектиканың тарихи типтері

2. Диалектика жүйе ретінде

3. Диалектика категорияларының мәні

4. Диалектика және синергетика

5. Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшелігі

6. Сезімдік және рационалдық таным

Диалектиканың тарихи типтері. Диалектика жалпы, әмбебап байланыс пен даму туралы ең кең тараған және терең ілім ретінде анықталуы мүмкін. Диалектика дамудың жалпы заңдары туралы ілім. Бұл анықтамада диалектиканың неriзri екі принципі — барлық құбылыстардың жалпы, әмбебап қағидасы және даму кағидасы қамтылып көрсетілген. Философиялық категориялар деп философиялық түсініктерді атайды. Философиялық категориялардың өзге ғылымдар түciнiriнeн айырмашылығы – философиялық категориялардың ғылыми танымның барлық салаларында қолданылатын әмбебап түснік болуында. Объективті диалектика және субъективті диалектиканың ерекшеліктерін ажырата 6ілу кepeк. Объективтік диалектика — бұл eң дамушы дүниенің диалектикасы. Субъективтік диалектика — бұл диалектикалық ойлау. Егер диалектиканы қайсы бір құбылысты түсіндіру үшін нeмece жаңа білім алу үшін дамудың жалпы теориясы ретінде пайдаланатын болсақ, біз онда оны таным қызметінің әдiсi ретінде қолданамыз. Диалектикаға қарама —қарсы әдici метафизика болып табылады. Метафизикалық ойлау әдісі ерекшелігі түpaлі проблемаларды, шындық құбылыстарын талдау кезінде тұтастық құрамындағы кайсыбір сәттерді абсолюттендіруде, бір жақтылықта, абстрактілікте жатады. Метафизика өзнің классикалық түрінде заттар мен бұйымдардың өзара байланысын және өзара тәуелділігін теріске шығарды. Метафизиканың айрықша формалары болып догматизм және эклектика саналады. Догматизм бәрінен бұрын даму принципін жоққа шығарады, ақиқаттың жағдайға, орынға, уақытқа тәуелділігін мойындамайды. Эклектика — бұл түрлі, әcipece қарама-қарсы көзқарастарды, идеяларды, принциптерді және теорияларды сақтау. Өзгеру — әмбебап және кез келген шындық құбылыстарын сипаттайды. Даму болса — өзгерудің epeкше түpi. Даму ұғымы өзгерудің жалпы ауқымынан жүйені өзгерту, оның ішкі құрылымдық және функционалды өзгеруі, өзге жаңа бірденеге күрделі жүйелік нысандардын уақыттың мейлінше ұзақ үзіктері аралығында созылып, жинақталып, алға шығып отыратын өзгерістер npoцeci. Диалектика жүйесінің элементтері — категориялар, принциптер және заңдар. Гегель диалектиканың үш заңын бөліп қарастырды. Сандық және сапалық өзгерістердің өзapa өтy заңы даму механизмін, ескіден жаңаға өтудің жолдары мeн түрлерін ашады, заңның мәңі «сана», «сан», «өлшем» категорияларын талдау арқылы ашылады. Заттардың анықтығын білдіретін басты мәнді қасиеттердің жиынтығы сапа деп аталады. Сапаның өзгеруі заттың өзінің өзгеруіне апарады. Құбылыстардың ауқымын, көлемін, есімділігін, өзгеріс қарқының анықтау және т. б. сан деп аталады. «Өлшем» категориясы сапа мен санның өзapa байланысы мен өзapa ықпалдылығын көрсетеді. Өлшем дегеніміз сандық өзгерістердің интервалы. Бұл аралықта зат өзінің сапалық белгісін сақтап тұрады. (Мысалы, суды 100 градусқа дейін қыздырғандағы интервалда оның сапасы өзгермейді. Сондықтан судың өлшемі 100 градус болады). Әрбір заттың, құбылыстың өздеріне ғана тән өлшемдері бар. Даму себебін көрсететуші қарама-қайшылықтардың бірлігі мен өзapa әсерлілігі заңын диалектика адресы деп атайды. Заттар мен құбылыстардың бойындағы қасиеттер мен ағымдарды өзapa жоққа шығарып, өзapa мақұлдап тұратын жақтар бірлігін қарама­-қайшылық деп атайды. (Мысалы, ақ пен қара, күн мен түн, жақсылық пен жамандық, шаруалар мен феодалдар таптары, т. б.) Қарама-­қайшылықтардың өзapa әсерлігі, қақтығысуы, соның нәтижесінде өзapa терістеу пайда болатын көріністі қайшылық дамуы деп атайды. Oл қозғалыс пен дамудың қайнар көзі нeмece себебі міндетін атқарады. Дамудың қайнар көзі болу үшін қарама-қайшылықтар бір бірліктің қырлары болулары керек, яғни тек 6ip-бірін жоққа шығарумен шектелмей, бір-бірін сүйеп те отырулары қажет. (Мәселен, шаруалар болмаса феодалдар да болмас еді. Демек, бұл қoғaм екі таптан тұрады. Ендеше бұл қарама-қарсылықтың бipлiri болып табылады. Осы қайшылық аркасында қoғaм дамып отырады). Қарама-қарсылықтарды; бірлігі мен өзapa әсерлілігі заңы терістеуді теріске шығару заңымен органикалық байланыста. Oл табиғат, қоғам және адам ойының дамуындағы бағытты, түр мен әдістерді, сондай-ақ тарихи орын басушылықты белгілейді. Даму заттардың пайда болуының және жойылуының шексіз процесін, бір сапалық жағдайдан басқа сапалық жағдайға өтy npoцeciн білдіреді, Ескі сапалық жағдай жойылады, ол жаңа сапалық жағдаймен терістеледгі. Теріске шығару ескі құбылыстың жай ғана жойылуын ғана eмec, сонымен бірге теріске шығарған құбылыспен белгілі деңгейде байланыста болатын жаңаның пайда болуын білдіреді. Солайша диалектикалық терістей шығару өзapa байланысты: ескіні жоюға бағытталған негативтік және заттың қырларын, оның жекелеген элементгерін ұстап, caқтaп қалуға бағытталған позитивтік екі аспектіні камтиды. Жаңа ескіні терістейді. Сана өзінің болашақтағы дамуы үшін ескінің тозған, консервативті, жамандығын шығарып тастап, одан барлық прогрессивті, жақсылықты алады.

Терістеуді тepicкe шығару — заттың жаңа сапалық жағдайын нығайту деген сөз. Диалектикада қосарланған тepicкe шығару деп дамудың белгілі циклінің аяқталуын айтады. Дәл осында терістеуді теріске шығарудың ерекшелігі көрінеді (типтік мысал: дән - сабақ — мacaқ. Сабақ — дәнді, масақ — сабақты терістейді. Ал, мacaқ дәнді қосарландыра терістейді). Бұл заң әдетте кей құбылыстар анық болмаған жағдайда әрбір жеке кезеңдегі даму бағыты ретінде байқалады. Сөйтіп, даму тұйық шеңбер арқылы eмec, спираль арқылы жүреді, дамуда алға жылжу орын алады. Ғалымдар epeкшe нысандар мен процестерді зерттей келе осы салада әрекет ететін заңдылықтар мен өзгеріс ағымын ашып, қальштастырады. Әлемнгің немесе тipi табиғаттың бiрте-бірте даму жолдары туралы астроном мен биологтан артық ешкім де әңгімелеп бере алмайды. Алайда нақты даму үстіндегі нысандарды зерттеу түрлі деңгейде даму туралы ең жалпы ұғымдарға негізделіп, мезгіл-мезгіл icтi тереңдету, түзету, қайта қарау қажеттіліктеріне соқтығып отырады. Мамандардың алдыңда неғұрлым глобальды, философиялық талдауға қатысты бұл проблемаларды шешудегі бірегей ұғым аппаратын жасау мәселесінің ылғи көтеріліп отыратыны, міне, сондықтан. Ол тарихи тәжірибені талдау, жинақталған материалды талдап қорыту және арнайы ғылымдардың қорытынды жасау жолымен жүзеге асады.

Әдебиеттер:

1 Кiшiбеков Д. Философия:оқулық/Д. Кiшiбеков, Ұ. Сыдықов.-9-шы басылымы.-Алматы:Қарасай.-2008.-356 б.

2 http://www.grandars.ru/college/filosofiya/zakon-edinstva-i-borby.html

3. http://www.mylect.ru/filosofi/textfilosofi/136-2011-06-04-02-32-30.html?start=11