Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
patan_zhauap.docx
Скачиваний:
118
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
43.54 Кб
Скачать

Есеп № 14

Екі қоянға бірдей токсинді енгізіп, артқы бір аяғында күйік арқылы жергілікті қабыну туындатты. Бір қоянға токсинді қабыну аймағына, ал екіншісіне – қабынуы жоқ жерге енгізілді. Бір қоян токсинмен уланудан өліп қалды.

  1. Қай қоян және неден өлгендігін көрсетіңіз. Жауапты негіздеңіз.

Токсинді қабынуы жоқ аймаққа енгізген қоян өліп қалады, себебі токсин бүкіл орг-ге таралып, улы әсер еткен, ал орг-ң иммунды компоненттері қабыну ошағына жұмылдырғандықтан токсинді заласыздандыра алмаған.

Қабыну ошағының айналасында дәнекер тіннен тұартын тосқауыл түзіледі, ол лимфа ж/е қ.т. бөгеу арқылы әртүрлі у, токсиндерді ошақта ұстап тұрады, ол орг-ке тарамайды, қоян өлмейді.

  1. Организм үшін қабынудың маңызын көрсетіңіз.

  • Жағымды жақтары:

  1. Лейкоцитоз

  2. Улы заттарды залалсыздандыратын ақуыздардың – жіті дамуына тән нәруыздар(С-реактивті белок, альфа-антитрипсин), жедел жауап фазасының ақуыздары синтезі артады, антидене мөлшері ұлғаяды

  3. Иммунды жүйе әсерленеді, пролиферация ж/е регенерация процесстері жоғары дәрежеде болады

  • Жағымсыз жақтары:

  1. Тіндердің улы заттар әсерінен ыдырауы

  2. Экссудат көп болса, тіннің қоектенуі бұзылып, гипоксия дамуы

  3. Лейкоциттердің ыдыратушы ферменттерінің әсерінен көршк қалыпты тіннің зақымы

  4. Склероздану – ағза қызметінің төмендеуі

  1. Қабынуға анықтама беріңіз, қабынудың қрамбөлшектерін атаңыз

Қабыну – орг-ң жаму сатысында пайда болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың , қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді бастапқы қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістермен көрінетін дерттік үрдіс.

Компоненттері:

  • Альтерация

  • Экссудациямен жүретін қанның реологиялық қасиеттерінің өзгеруі

  • Пролиферация

  1. Қабыну ошағындағы қанайналым өзгерістерінің сатысын көрсетіп, патогенезін түсіндіріңіз,

  • Қысқа мерзімді қан тамырлар спазмы – қоздырғыштың әсерінен рефлекторлы болады.

  • Артериялық гиперемия – қабыну дәнекерлерінің әсерінен қан тамырлары кеңиді, оларда толаққандылық болады, жана қылтамырлар саны артады.

  • Веналық гиперемия – веналарда қан қоюланып, эритроциттер бір-бірімен жабысып, тромбоз болып, жылдамдық төмендеуден болады.

  • Стаз – қылтамырларда қозғалыс тербелмелі болып – систолада алға, диастолада артқа жылжып тұрады, сосын мүлдем тоқтап стаз болады.

Есеп №15

Шөп шабу кезінде бригаданың бір мүшесінде келесі белгілер пайда болды: қышыну, қабақтарының гиперемиясы және ісінуі; «көзіне құм түскендей» сезім; жарықтан қорқу, жас ағу; қатты таңдайдың, мұрынның шырышты қабатының қышуы; мұрынның бітелуі су ағумен қабаттасқан, толастамайтын түшкіру ұстамасы; мұрынмен демалудың оның тоқтауына дейін қиындауы; қақырықтың көп бөлінуімен қабаттасқан жөтел; тұншығу ұстамасы анықталды. Бұл құбылыстар шаршағыштықпен, тәбеттің төмендеуімен, ашуланшақтықпен, ұйқының бұзылуымен қабаттасты. Дене қызымы – 38-39оС. Науқасқа «Поллиноз» аңғарымы қойылды.

  1. Поллиноздың негізінде сезімталдық жоғарылауының қай түрі жатыр?

Дереу дамитын сезімталдықтың анафилаксиялық түрі.

  1. Бұл дерттің патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз.

Алдындағы есептегідей, тек IgЕ н/е IgG4 син-і артады.

  1. IgE және IgG4 иммуноглобулиндердің басқа түрлерінен қалай ерекшеленеді? Неге атопиямен ауырған науқастың қан сарысуында IgE болмауы мүмкін?

IgG4 н/е IgЕ – реагиндік антиденелер д.а. Олар тек лаброцит ж/е базофильдермен жабысады, ал бұл жасушалар теріде, шырышты қабаттарда, тегіс салалы б.е.-де көп болады. Гендердің ауытқуларынан осы антиденеге жауап беретін геннің функциясы бұзылып, IgЕ-ң син-і болмауы н/е өте азайып кетуі мүмкін.

  1. Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

Алдыңғы есептердегідей болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]