Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
patan_zhauap.docx
Скачиваний:
118
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
43.54 Кб
Скачать

Есеп № 12

Науқаста рентгенографияда сол жағынан плевра қуысында сұйықтық жиналғандығы анықталды. Зертханалық талданымда анықталды: сұйықтық мөлдір емес, рН – 5,0, нәруыз мөлшері – 7%, фибрин бар, микроскопияда – көп мөлшерде лейкоциттер, біріндеген эритроциттер

  1. Пункцияда алынған сұйықтықтың табиғатын сипаттаңыз.

Нейтрофилдер мен фибрин жіпшелерінен тұратын фибринді экссудат.

  1. Науқаста плевра қуысында сұйықтық жиналу тетіктерін түсіндіріңіз.

Флогогенге жауап ретінде қабынудың жасушалық дәнекерлерінің әсерленуі, гистамин, серотонин, лизосомалық ферм-р ж/е т.б. , қ.т. қабырғасының өткізгіштігінің артуы, тінде осмостық ж/е онкотикалық қысымның артуы, қанның сұйық бөлігінің тінге өтуі, сұйықтық жиналу.

  1. Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды?

Қабыну – орг-ң жаму сатысында пайда болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың , қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді бастапқы қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістермен көрінетін дерттік үрдіс.

  1. Лейкоциттер эмиграциясының патогенезін түсіндіріңіз.

  • Лейкоциттердің маргинациясы

  1. Қабыну медиаторы

  2. Эндотелий жас-ы

  3. Е, Р селектиндер син-і

  4. Олардың лейкоциттердегі L селектин, интегринмен әрекеттесуі

  5. Роллинг

  • Қабыну мед-ң әсерінен интегрин-ң әсерленуі, лейкоциттердің жалған аятары ар-ы жасуша сыртына шығуы;

  • Лейкоциттердің хемотаксисі:

  1. Интерлейкин-8 –ң син-і

  2. Нейтрофил рецепторының қозуы

  3. Жасуша потенциалының өзгеруі

  4. Цитозольде кальций ионының жиналуы

  5. Жасуша ішілік майда талшықтардың жиырылып, нейтрофил-ң флогогенге қарай қозғалысы

  6. Фагоцитоз.

Есеп № 13

Науқас тез шаршағыштыққа, ұйқышылдыққа, қолындағы ауыру сезіміне шағымданады. Дене қызымы 38,30С. Қарап тексергенде сол қолы басбармағының тырнақты бөлігінің көлемі ұлғайған, қызарған, сипағанда ауыру сезімі. Қанда - лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған, жалпы нәруыз 80 г/л (қалыптыда 65-85 г/л), альбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9 (қалыптыда 1,5-2,0), С-реактивті нәруыз (СРН) артқан.

  1. Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды?

Саусақатағы іріңді қабыну үрдісі. Қабыну үрдісі болған жерге лейкоцит, маеһкрофаг, моноциттер жиналып, олар медиаторларды бөле бастайды(ИЛ-1,ИЛ-6, гамма-интерферон ж/е т.б.), олар қанмен бауырға барып , жедел жауап кезеңінің белоктарының син-н арттырады.

  1. Жергілікті белгілерді атап, патогенезін түсіндіріңіз.

Қолындағы ауру сезімі, бас бармағының тырнақты бөлігі ұлғайған, қызару, сипағанда ауыру.

Қабыну ошағындағы уытты заттар жүйке ұштарын тітіркендіріп, ауыру сезімін тудырады. Қабыну ошағындағы қан тамырларының өткізгіштігі артып, ол жер ісінеді, қан тамырлары кеңейіп тұрады – қызару, бірақ уытты бүкіл орг-ге таратпау үшін, ошақ айналасында дәнекер тіннен түзілген тосқауыл пайда болады, ол лимфа ж/е қ.т. бітеу арқылы организмге жібермей, өзіне сорып алады.

  1. Жалпы белгілерді атап, патогенезін түсіндіріңіз.

Тез шаршағыштық, ұйқышылдық, температура. Қабыну ошағында бөлінген простогландиндер мен лейкотриендер гипоталамуска әсер етіп, темп-ны жоғарылатады, тежегіштік әсер етеді, жүрек соғуы әлсіреп, адам тез шаршайды.

  1. Зертханалық көрсеткіштердегі ауытқуларды тауып, патогенезін түсіндіріңіз.

Қанның сұйық бөлігінің қабыну ошағына шығуынан қан қоюланып, ЭТЖ артады. Қабыну медиаторларының әсерінен бауырда жедел жауап фазасының белок-ң син-і арта түседі(С-реактивті белок қанда көбейеді). ж/е сүйек кемігіне әсер етіп ондағы лейкопоэзді ынталандырады, одан лимфоциттер артады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]