Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
patan_zhauap.docx
Скачиваний:
116
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
43.54 Кб
Скачать

№ 2 есеп

Бір топ туристер қатты нөсер жаңбырдың астында қалды. Бір күннен кейін біреуі пневмония ауруына ұшырады. Аурудың себебі не?

  1. Туристің өкпесі қабынуына қандай себеп әкелді? Осы аурудың жағдайы қандай?

Пневмония себебі – пневмококктар. Аурудың септік жағдайы – нөсер жаңбыр, суық температура.

  1. Ауру себебі мен жағдайына анықтама беріңіз.

Ауру себебі - ауру дамуында міндетті болатын, сол ауруға тән арнайы симптомдарды айқындайтын ықпал.

Ауру жағдайы – ауру пайда болуына септесетін, оның ұзақтығы мен ауырлығына әсер ететін, ж/е оның пайда болуына кедергі келтіретін жайттар жиынтығы.

  1. Ауру себебіне сипаттама беріңіз – пневмококк – Грам + , ұсақ, қозғалмайтын, ланцет пішінді диплококк.

  2. Ауру туындауында себеп пен жағдайдың маңызы қандай, монокаузализм және кондиционализм түсініктерін сипаттаңыз.

Ауру туындауында себеп міндетті болады, аурудың арнайы әйгіленімдерін анықтайды. Септік жағдай – ауру туындауында маңызы төмен, бірақ оның пайда болуына септеседі.

Монокаулизм – ауру себептері туралы материалисттік көзқарас, оған тек қана себептің әсері болатын қолдайды.

Кондиционализм – ауру себептері туралы идеалисттік көзқарас, оған тек маңыздылығы бірдей жағдайлар(шарттар) белгілі санының әсерін қолдайды.

№ 3 есеп Пол Бер тәжірибесін сараптау

Тәжірибеге екі топ тышқан алынады. Біріншісі ауа толтырылған барокамераға отырғызылып, барометрлік қысым біртіндеп 210 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл кезде жануарда биіктік ауруының белгілері көрініп, тырысу дамиды.

Екінші топ тышқандарын оттегіге толтырылған барокамераға отырғызылады. Бұл камерада барометрлік қысым 200 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл тышқандарда биіктік ауруының белгілері байқалмайды.

  1. Не себепті бірінші топ жануарларда биіктік ауруы дамып, екінші топта бұл белгілер байқалмады?

Біріншісі – ауамен толтырылған бар-к қысымды азайтқанда рО2 азайып гипоксемия тырысу – биіктік ауруы.

Екіншісі – О2 толтырылған бар-к қысымды азайтқанда рО2 салыстырмалы түрде жеткілікті – биіктік ауруы байқалмайды.

  1. Биіктік ауруының патогенезін құрастырыңыз. Патогенезінің негізгі тізбегін көрсетіңіз.

  2. Биіктік ауруы патогенезінің кері айналып соғу шеңберін көрсетіңіз, анықтама беріңіз.

  3. Биіктік ауруы патогенезінде бейімделу тетіктерін көрсетіңіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.

Р

рО2

гипоксемия

дистрофия(зат алмасуының соңғы өніміне дейін жүрмеуі),қышқыл жиналуы

мет.ацидоз

тыныс, жүрек-қантамыр орталығы қозуы

тахипноэ,тахикардия

симп.жүйе тонусы гипокапния

тегіс салалы б.е. тонусы , газдық алкалоз

АҚ , қанның қордан шығуы

эритроцитоз, тотыққан Нв тыныс, жүрек-қантамыр орталығы тежелуі

О2-ні беруі жеңілдейді

ан.гликолиз АТФ брадипноэ, брадикардия

О2 жетіспеушілігінен ОЖЖ

тежелуі(тыныс орталығы)

Өлім

  • Негізгі тізбек – патогенездің басқа тізбектернің дамуына әкелетін тізбек.

  • Кері айналып соғу шеңбері – аурудың үдеуіне септесетін, патогенездің жекелеген тізбектері арасында, оң кері байланыстың пайда болуы.

Есеп № 5

Ұзақ уақыт тұщы сусыз жерде қалған науқас жансақтау бөліміне ес-түссіз жеткізілді. Қарап тексергенде тері және шырышты қабаттары құрғақ, серпімділігі төмен. Зертханалық мәліметтер: гематокрит 0,48л/л (қалыпты 0,35-0,45 л/л), натрий – 160 ммоль/л (қалыпты 135-150 ммоль/л), калий 6 ммоль/л (қалыпты 3,5-5, 5 ммоль/л), нормогликемия.

  1. Науқаста су-электролит алмасуының қандай түрі дамыды?

Гиперосмостық гипогидротация, гипернатриемия, гиперкалиемия.

  1. Науқаста су-электролит алмасуы бұзылыстарының патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз.

Судың тапшылығы судың электролиттерге қарағанда орг-нен артық шығарылуы жасуша сыртында судың азаюы оның осмостық қысымы артуы жасуша ішіндегі судың сыртына шығуы жасуша сусыздануы гипоксия мет.ацидоз тері, шырышты қабат құрғауы, қызу көтерілуі, қатты шөлдеу сезімі кома(сана-сезімнің болмауы).

  1. Анықталған клиникалық-зертханалық өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.

Жасуша сыртында судың азаюы осмостық қысымы артуы жасуша ішінен сыртына су мен натрий ж/е калий иондары шығуы қанда натрий мен калийдің көбеюі. Гематокрит – қанның барлық форм-қ элем-ң қанның жалпы көлеміне қатынасы. Жасуша сыртында су азайғандықтан қанда да гиповолемия болады, ал гематокрит салыстырмалы түрде жоғарылайды.

  1. Патогенездік емдеу ұстанымын негіздеңіз.

Денеге қанша мөлшерде су жетіспейтін болса, СТ = 0,6 * дене массасы(кг) * (1-140/натрийдің қан плазмадағы деңгейі – формуласымен есептеп, су құю керек.

Гипернатриемияны емдеу үшін көктамырға физ.ер-і н/е 5% глюкоза ер-н жібереді.

Гиперкалиемияны емдеу үшін инсулин қосылған глюкоза ер-н(сыртынан ішке кіргізеді), CaCl2 көктамырға енгізу(калийдің жүрекке әсерінен сақтау), натрий бикарбонатын қолдану, зәрайдағыштарды, әлдостерон дәрілері қол-ды.

Есеп № 6

42 жасар науқасқа ауруханада «декомпенсация сатысындағы миокардиодистрофия» аңғарымы қойылды. Қарап тексергенде: амалсыз отырған қалыпта, ентігу, цианоз, аяқтарының ісінуі, плевра және іш қуысында сұйықтық жиналғаны, бауыры үлкейгені анықталды. Жүректің соққылық және минуттық көлемі төмендеген. Диурез төмендеген. Қанда ренин, альдостерон мен натрий деңгейі жоғарылаған.

  1. Науқаста су тепе-теңдігі бұзылысының қай түрі дамыды?

Жүректен шығатын қан көлемінің азаюына бай/ты ісіну.

  1. Плевра мен іш қуысында сұйықтық жиналуы қалай аталады?

Гидроторакс ж/е асцит(іш шемені).

  1. жүректік ісінудің даму тетіктерін келтіріңіз және патогенездің негізгі тізбегін көрсетіңіз.

Жүректік ісіну жүректің созылмалы ақауларында(ишемия, қақпақша дефектісі, эндокардит ж/е т.б.), қанның реологиялық қасиетінің өзгерістерінде(қан ұюыту жүйесінің ұюға қарсы жүйеден басым болуы), көктамырлардың эмболиясында(тромб, өспе тіні) пайда болады.

Жүрек жеткіліксіздігі

Веналық гиперемия жүректен шығатын қан

көлемінің азаюы

қылтамырда Р лимфа тамыр-ң бауырдың гипоксия бүйрек ишемиясы

спазмы мускатты циррозы

ацидоз ренин син-ң

лимфа ағу-ң альбумин син-ң

Қ.т. қабыр-ң Ангиотен-н ІІ

өткізгішітігі син-ң

капиллярішілік онк-қ Р

альдостерон

син-ң

Ісіну

гипернатриемия

вазопрессин син-ң

артуы, судың кері сің-ң

  1. Науқас организміне ісінудің маңызын бағалаңыз, патогенездік емін ұсыныңыз.

Ісіну біртектес дерттік үрдіс. Ісіну ошағынан қанда еріген улы токсиндерді, өспе жас-н, бактерияларды шығуынан аластатып, орг-ді сепсистен сақтайды. Науқас орг-ң жүрегіндегі ақаулармен күрес, көп жүрмеу, көп уақыт жату.

Есеп 7.

Науқас С., 18 жаста, дәрігерге қатты әлсіздікке, аузының құрғауына, шөлдеуіне, жиі зәр шығаруына, балтыр бұлшықеттеріндегі ауыру сезіміне, арықтағанына және сыздауық шығуына шағымданып келді. Қарап тексергенде: дене қызымы - 37,2 °С, өкпеде тынысы везикулярлы, тамыр соғысы -80 рет минутына, АҚ - 120/80 мм с.б., іші жұмсақ, ауырмайды, бетінде және арқасында сыздауықтар.

  1. Аурудың болжам диагнозын қойыңыз.

Инсулинге тәуелді қантты диабет.

  1. Диагнозды негіздеу үшін қандай қосымша зерттеулер қажет?

Қанды – глюкозаға(4,6 – 6,0) – бүйрек межесінен асса, мочевинаға(3,3-6) – белоктардың амин тобы айналады, жалпы белокқа(65-80) – АҚ жасушаға енуі бұзылып, олар ыдырауы артады, кетон денелеріне зерттеу- майлардың тотығуының бұзылыстарынан.

  1. Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз.

Инсулин жеткіліксіздігінен қанда глюкоза деңгейі артады. Гексокиназа ферм-ң жеткіліксіздігінен глюкоза тотығуы тежеліп, б.е.-де АТФ азайып, оларда әлсіздік, аралық өнімдерінің бауырға тасымалдануы бұзылуынан, олар сонда жиналып, ауыру сезімі болады. Глюкозаның қандағы деңгейі бүйрек межесінен(8,0) асса, ол несеп арқылы шығарыла бастайды, өзімен көп мөлшерде суды да ала шығады. Осыдан диурез артып, полиурия, болады, судың азаюынан шөлдеу сезімі мен ауызда құрғау болады. Глюкоза энергиясының орнына май эн-ы пай-ды, липолиз артады, адам азады. Ақуыздардың син-ң орнына ыдырауы артады, сондықтан иммунды жүйенің ақуыздары жеткіліксіздігінен(антиденелер, комплемент ж/е т.б.) микроорганизмдерге сезімталдығы артып, әртүрлі қабыну ошақтары пайда болады(сыздауық).

  1. Патогенездік емдеу тәсілдерін негіздеңіз.

Инсулин, физ.ер-і, гидрокарбонат н/е лактат сұйықтары енгізіледі. Орг-ң сусыздануын, гипергликемияны, ацидозды аластату шаралары қол/ды.

Есеп № 8

Жедел жәрдем ауруханасына 27 жастағы науқас М., ессіз келіп түсті. Туысқандарының айтуынша, 6 жыл бойы қантты диабетпен ауырады. Ауруханаға түсетін күні ертеңгісін инсулин енгізгеннен кейін мазасыздану, ашуланшақтық, сосын есінен танды. Терісі ылғал, жабысқақ термен жабылған, беті бозарған. Бұлшықет тонусы жоғары, тоникалық және клоникалық құрысулар байқалады. Тамыр соғысы - 100 рет минутына. Қандағы глюкоза деңгейі - 2,1 ммоль/л. Көктамырға 1000 мл 5% глюкоза ерітіндісін енгізгеннен соң науқастың жағдайы жақсарды.

  1. Науқаста қандай жағдай дамыды?

Гипогликемиялық кома – метаболизмдік гипоксия.

  1. Бұл жағдай патогенезінің негізгі тізбегі қандай?

Инсулиннің артық дозасы гипогликемия нейрондарда глюкоза тапшылығы метаболизмдік гипоксия ОЖЖ-ң бұзылыстары(әлсіздік, қатты терлеу, дірілдеу, тахикардия, тырысу, естен тану, үстіртін тыныс, брадикардия, гипотермия, атония) мидың қайтымсыз бұзылыстарынан өлім болады.

  1. Клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз.

Глюкоза азайғандықтан б.е. энергия тапшылығынан әлсіздік болады, шеткері қ.т. кеңейеді, терлеу, АҚ төмендейді, тахикардия, АТФ жеткіліксіздігінен Са2+ цитозольде жиналып қалады, б.е. тырысуы, ми зақымдалса естен танып, брадипноэ, брадикардия болады, жылу өндірілу азайғанда гипотермия болады. Глюкоза жеткіліксіздігінен ең бірінші зақымдалатын – нейрон.

  1. Науқаста ми ісінуі қаупі бар ма?

Глюкоза осмогенді молекула бол-тан, қанда мөлшері азайса, қанның осмостық қысымы азаяды, нейрондардағы осмостық қысым салыстырмалы жоғары бол-тан оның ішіне су көптеп кіріп ісіну болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]