Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
patan_zhauap.docx
Скачиваний:
118
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
43.54 Кб
Скачать

Есеп № 9

Анилинді бояғыштар өндірісінің жұмысшысы дәрігерге анилинмен уланудың клиникалық көріністерімен әкелінді. Науқас басының ауыруына, құлағындағы шуға, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, көзіне шіркейдің ұшуы көрінуіне шағымданады. Тері мен шырышты қабаттарының жер түстес болуы назар аударады.

  1. науқастағы гипоксияның белгілерін көрсетіңіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.

Бас ауруы, құлағындағы шу, әлсіздік, ұйқышылдық, галлюцинация, тері мен шырышты қабаттың жер түстес болуы. Гемоглобин әртүрлі тотықытрғыштардың әсерінен метгемоглобинге айналады – Нв-ң патологиялық туындысы, О2-мен берік бай-п, оны тіндерге жібермейді. Тіндерде оттегінің азайғанынан АТФ азайып әлсіреу болады. Гипоксияға ми тіні сезімтал келеді, сондықтан әртүрлі бұзылыстармен көрінеді.

  1. Науқаста қанын тексергенде не анықталуы мүмкін? Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды?

Қанда метгемоглобинді анықтауға болады, ол үш валентті темір ионынан тұрады. Гемдік гипоксия дамыған.

  1. науқаста оттегілік көрсеткіштер қалай өзгереді?

Артерияда рО2 – төмендеген, қанның оттегіге сиымдылығы – төмендеген, артерио-веналық айырым – бірдей.

  1. патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз.

Алдындағы есепте.

Есеп № 10

Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.

  1. Шеткері қанайналымының қандай бұзылыстары туралы айтылған?

Веналық гиперемия.

  1. Берілген бұзылыстың негізгі тізбегін көрсетіңіз.

Жүрек ақауы веналық қанды сору қызметінің әлсіреуі веналық гиперемия ісіну арт-қ қанның азаюы гипоксия жергілікті Т-ң төмендеуі жылдамдықтың баяулауы оттектің толық пай-уы цианоз.

  1. Шеткері қанайналымының бұл бұзылысында гипоксияның қай түрі дамиды?

Қанайналымдық гипоксия.

  1. Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

Веналық іркілу қ.т.қабырғасының өткізгіштігі артуы ісіну.

Арт-қ қанның азаюы гипоксия жылу өндірілу бұзылысы жергілікті Т-ң төмендеуі.

Жергілікті жылдамдықтың төмендеуі оттектің толық пай-уы веналық қанда окси-Нв-ң азаюы цианоз.

Есеп № 11

56 жастағы ер адам емханадағы қабылдауда тез уақытта шаршау және жүргенде балтыр бұлшықеті ауыруына, тоқтағанннан кейін – «ауық-ауық ақсау» симптомына, аяқтарының мұздайтындығына, ұйып қалуына, «жыбырлайтындығына» және тыныштықта шаншуына (парестезиялар) шағымданды. Жас кезінен және көп мөлшерде шылым шегеді, мамандығы ұзақ мұздау кезеңдерімен байланысты (күз-қыс мерзімдерінде даладағы жұмыс). Қарау барысында: табаны бозарған, терісі құрғақ, суық, тырнақтары сынғыш; екі аяқтың табанының сыртқы және балтырының артқы артерияларында тамыр соғысы анықталмайды. Алдын ала диагнозы: «Бітелістік эндоартериит».

  1. Науқаста жергілікті қанайналым бұзылысының қай түрі бар?

Ишемия.

  1. Берілген бұзылыстың негізгі тізбегін көрсетіңіз.

Суық темп-а әсерінен қ.т.-ң спазмы шылым уы оның қабырғасын зақымдауы қабынуы қылтамырлардың спазмы қан көл-ң азаюы қ.т.ішілік қысымның төмендеуі жылдамдықтың азаюы гипоксия,дистрофия мет.ацидоз инфракт

  1. Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

Терісі құрғақ, тырнағы сынғыш – қанмен қам-сыз етілуінің бұзылысы, тіндік сұйықтықтың азаюы

Суық темп-а мен шылым уының ұзақ әсірінен қ.т. созылмалы қабыну үрдісі болады, ол саңылаудың бітелуімен көрінеді. Сон-тан пульс сезілмейді.

Қалған симптомдар жоғарыда көрсетілген.

  1. Науқастағы қанайналым бұзылыстарының мүмкін болатын жағымсыз әсерлері қандай?

Қ.т. саңылауының толық бітелуінен қабыну үрдісі өршуі мүмкін, инфаркт болып, гангрена дамуы мүмкін, гангрена емі – ампутация.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]