Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЕЖжжжжжжжжжжжжжжжжжжж.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
268.8 Кб
Скачать

5. Карантин кезiнде уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру

      57. Жұқпалы аурумен ауырған сырқаттармен қарым-қатынаста болған немесе бактерия тасушылық салдарынан уақытша жұмыстан шеттетiлген азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағы аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының эпидемиолог дәрiгерiнiң ұсынысы бойынша медициналық ұйымның медицина қызметкерi бередi.       Жұқпалы ауру және олармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттетудiң ұзақтығы адамдарды оқшаулаудың бекiтiлген мерзiмiмен анықталады.       58. Карантин кезiнде мектеп алды бiлiм мекемесiне баратын жетi  жасқа дейiнгi бала күтiмi бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау территориялық органы эпидемиолог дәрiгердiң қорытындысының негiзiнде карантиннiң барлық мерзiмi кезiнде отбасының жұмыс iстейтiн мүшесiнiң бiреуiне берiледi.       59. Қоғамдық тамақтану, сумен жабдықтау, медициналық ұйымдар, балалар мекемесiнде жұмыс iстейтiн азаматтарда гельминтоз болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы барлық дегельминтизация кезiне берiледi.

6. Протездеу кезiнде еңбекке жарамсыздықпарағын беру

      60. Протездеуге арналған еңбекке жарамсыздық парағы азамат ортопедикалық-протездеу орталығының стационарына жатқызылған жағдайда, науқастың стационардан емделiп шығуы кезiнде стационарда болған барлық уақыты мен емделу орнына келу мен қайтуына, бiрақ отыз күннен артық емес уақытқа стационардың медициналық қызметкерiмен медициналық ұйымның басшысымен бiрлесе отырып берiледi.       Амбулаторлық-емханалық жағдайларда протез алып жүрген азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берiлмейдi.

7. Туберкулезбен ауыратын сырқаттарға уақытша еңбеккежарамсыздық парағын беру

      61. Туберкулезбен ауыратын науқастар жалпы мақсаттағы (профил) медициналық ұйымға қаралған жағдайында уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру осы ережелердiң 19-тармағында көрсетiлген тәртiппен жүзеге асырылады.       62. Мүгедек деп танылған азаматқа уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мүгедектiк тобы бекiтiлген күннен бастап бекiтiледi.       63. Өзiнiң негiзгi жұмыс орын бойынша және өзiн қоршаған тұлғаларға жұқтыру қауiпi жоқ уақытша еңбекке жарамсыз болған азаматқа орталықтандырылған дәрiгерлiк-консультациялық комиссия (бұдан әрi - ОДКК) оны басқа (ыңғайлы) жұмысқа ауыстыру туралы қорытынды бередi.       64. Азаматтың уақытша еңбекке жарамсыздық кезiнде оның емделу курсын аяқтағанға дейiн бiлiктiлiгi мен еңбекақысын жоғалмай, жұмыс орны сақталады.       65. Оң клиникалық-рентгенологиялық динамика тиiмдi емдеуiнде, эпидемиологиялық қауiптiлiктi жою және еңбекке жарамдылықты қалпына келтiрудегi емдеудiң кез келген сатысында уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жабылып, азамат жұмысына кiрiседi.       66. Рецидивтi немесе тыныс алу органдарының алғашқы туберкулезi анықталған азаматқа:       1) ыдыраусыз – стационарлық, амбулаторлық (санаторлық) он ай емделу кезi уақытша еңбекке жарамсыз деп саналады.       Асқынулар пайда болу, даму үрдiсi немесе, аурудың торпидтi ағымында, ауырлық түсiретiн факторлар болған жағдайда ауру МӘС-ға жiберiледi. Егер МӘС-ның қортындысы бойынша ауру мүгедек деп саналмаса, ол уақытша еңбекке жарамсыз болып, уақытша жарамсыздық парағының уақыты ДКК арқылы он екi айға дейiн созылады;       2) туберкулездiң кең таралған түрiмен жағымды керi динамикамен процестiң қатерсiз ағымында он айдан он екi ай бойы уақытша еңбекке жарамсыз, яғни еңбекке жарамдылықты қалпына келтiретiн барлық емдеу толық нәтижелi аяқталғанға дейiн саналады. Алты ай мен сегiз ай бойы емдеу кезiнде нәтиже болмаған жағдайда сырқат МӘС-ға жiберiледi;       3) туберкулездiң созылмалы бациллалық құрылымсыздық үрдiсiмен еңбекке жарамсыз саналады. Функционалдық және патоморфологиялық өзгерулер шұғыл байқалған ауыр қайтымсыз туберкулездiк процесс МӘС жүргiзуге себепшi болады;       4) көптеген дәрiге көнбейтiн туберкулезде (КДК ТА) он екi айға дейiн еңбекке жарамсыз саналады, он екi ай өткеннен кейiн медициналық құжаттары МӘС-ға жолданады.       5) ОДКК резервтiк қатардағы препараттармен емдеу туралы шешiмi кезiнде науқасты мүгедектiк тобын белгiлеу үшiн МӘС-ға жiберуi қажет.