Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЕЖжжжжжжжжжжжжжжжжжжж.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
268.8 Кб
Скачать

3. Жүктiлiк пен босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру

      36. Жүктiлiк пен босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын медицина қызметкерi (акушер-гинеколог дәрiгер), ал ол болмаған жағдайда – жүз жиырма алты күнтiзбелiк күн (босанғанға дейiн жетпiс күнтiзбелiк күн және босанғаннан кейiн елу күнтiзбелiк күн) ұзақтығымен жүктiлiктiң отызыншы аптасында ДКК қорытындысынан кейiн бөлiмше меңгерушiсiмен бiрлесiп, жалпы қабылдау жүргiзетiн дәрiгер бередi.      Ядролық сынаулар әсерiне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктiлiк пен босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жүктiлiктiң жиырма жетi аптасынан бастап қалыпты жағдайда босанғанға дейiнгi және босанғаннан кейiнгi демалыстың жалпы ұзақтығы жүз жетпiс күнге және жүз сексен төрт күн – асқынулары бар босанулар немесе екi және одан да көп бала туған жағдайда берiледi.      37. Жүктiлiгi мен босану демалысы кезеңiнде тұрақты мекен-жайынан уақытша кеткен әйелдерге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы босанған жерiндегi медициналық ұйымда немесе әйелдер консультациясында (кабинетiнде) босандыру ұйымының жазбасына (ауыстыру картасына) сәйкес бақылау орны бойынша берiледi.      38. Асқынып босанған, екi және одан да көп бала тiрi туған жағдайда жүктiлiгi бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы әйел босанған денсаулық сақтау ұйымы немесе босандыру денсаулық сақтау ұйымының шығару қағазына сәйкес бақылау орны бойынша әйелдер консультациясында (кабинетте) демалыстық барлық кезеңiне он төрт күнтiзбелiк күнге созылады. Босанғанға дейiнгi және босанғаннан кейiнгi демалыстың жалпы ұзақтығы жүз қырық күнтiзбелiк күнге берiледi.      39. Жиырма екi мен жиырма тоғыз апталық арасында тiрi бала туғанда немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болатын, туғаннан кейiн жетi тәулiктен астам өмiр сүрген жағдайда әйелге босану фактiсi бойынша жетпiс күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтама берiледi.      Ядролық сынаулардың әсерiне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер үшiн жүктiлiктiң жиырма екi мен жиырма тоғыз аптасында тiрi бала туғанда немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болатын, туғаннан кейiн жетi тәулiкке дейiн өмiр сүрген жағдайда әйелге босану фактiсi бойынша елу алты күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтама берiледi.      40. Ядролық сынаулардың әсерiне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер үшiн жүктiлiктiң жиырма екi мен жиырма тоғыз аптасында  тiрi бала туғанда немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болған жағдайда әйелге тоқсан бiр күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берiледi. Өлi бала туғаннан кейiн жетi тәулiкке дейiн өмiр сүрген жағдайда әйелге босану фактiсi бойынша жетпiс жетi күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берiледi.      41. Жүктiлiк кезiнде әйел төленетiн демалыста немесе үш жасқа толғанша баланы бағу бойынша жалақысы сақталмайтын қосымша демалыста болса уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жүктiлiгi мен босануы бойынша демалыстың барлық күндерiне берiледi.      42. Босану кезiнде немесе босанғаннан кейiнгi кезеңде анасы  қайтыс болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы нәрестеге бағуды жүзеге асыратын адамға берiледi.      43. Жүктiлiктiң ерте мерзiмiнде операцияны қоспағанда жүктiлiктi жасанды түрде үзу операциясы кезiнде уақытша еңбекке  жарамсыздық парағын операция жүргiзiлген стационардың және амбулаториялық-емханалық деңгейдегi дәрiгер бөлiмше меңгерушiсiмен бiрлесiп бередi, ал асқынулар болған жағдайда – уақытша еңбекке жарамсыздығының барлық кезеңiне бередi.      Өздiгiнен түсiк тастағанда жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы еңбекке жарамсыздық кезеңiне берiледi.      44. Эмбрионды ауыстырып қондыру операциясын жүргiзу кезiнде операция жасаған медициналық ұйым жүктiлiктi белгiлеу фактiсiне дейiн эмбрионды ауыстырып қондырған күнiнен бастап бередi.      Қыз немесе ұл асырып алған азаматтарға, сондай-ақ биологиялық аналарға құрық аналық кезiнде бала асырап алған күнiнен бастап және  бала туғаннан бастап елу алты күннiң iшiнде тiкелей перзентханадан уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берiледi.      45. Медициналық ұйымның уақытша еңбекке жарамсыздық парағымен бiр уақытта жүктiлiгi мен босануына, жаңа туған нәрестенi (баланы) асырап алуына байланысты жұмыс берушiнiң жүктiлiгi мен босануы, сондай-ақ жаңа туған баланы (бала) асырап алуы бойынша демалысты рәсiмдеуi үшiн уақытша еңбекке жарамсыздығын растайтын ДКК анықтамасы берiледi.