Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЕЖжжжжжжжжжжжжжжжжжжж.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
268.8 Кб
Скачать

2. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және (немесе)анықтамасын беру тәртiбi

      10. Жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және (немесе) анықтамасын бередi.      11. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және (немесе) анықтамасын беру мен ұзартуды медициналық қызметкер азаматты тексергеннен және оны жұмыстан уақытша босату қажеттiгiн негiздейтiн сырқаттың амбулаториялық (стационарлық, үйдегi стационар) медициналық картасына денсаулық жағдайы туралы мәлiметтерiн жазғаннан кейiн жүзеге асырады.      12. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы (анықтамасы) мереке және демалыс күндерiн қоса алғанда еңбекке жарамдылығын қалпына келтiру кезеңi бойы уақытша еңбекке жарамсыздықты белгiлеген күнiнен бастап берiледi.      13. 23-тармақта көрсетiлген жағдайларды қоспағанда азаматты медицина қызметкерi тексермеген, өтiп кеткен күндер үшiн уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беруге жол берiлмейдi.      14. Аурулар мен жарақаттану кезiнде медицина қызметкерi үш күнтiзбелiк күнге (денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның бұйрығы бойынша халықтың тұмаумен қатты сырқаттанушылығы кезеңiнде алты күнге дейiн) және жалпы ұзақтығы кемiнде алты күнтiзбелiк күнге жеке өзi және бiр уақытта уақытша еңбекке жарамсыздық парағын бередi.      Алты күннен артық уақытша еңбекке жарамсыздық парағын жалпы ұзақтығы кемiнде жиырма күнтiзбелiк күн болған жағдайда медициналық ұйымның бөлiмше меңгерушiсiмен бiрлесiп жүргiзедi. Көрсетiлген мерзiмнен артық болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық мерзiмдерiн ұзарту ДКК-ның қорытындысы бойынша жүргiзiледi.      Жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар кемiнде алты күнтiзбелiк күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағын бередi.      15. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жүктiлiктi және босануды, сондай-ақ "Уақытша еңбекке жарамсыздық мерзiмiн екi айдан артық белгiлеуге болатын аурулар түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 4 желтоқсандағы N 1171 қаулысымен белгiленген жағдайларды қоспағанда кемiнде екi ай мерзiмге берiледi. Көрсетiлген еңбекке жарамсыздық мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн азаматтар еңбекке жарамдылықты анықтау үшiн ДКК-ға жiберiледi.      ДКК-ның қорытындысы бойынша жағымды клиникалық және еңбек болжамы кезiнде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы еңбекке жарамдылығын қалпына келтiргенге дейiн кемiнде екi ай мерзiмге, жекелеген жағдайларда (жарақаттар, қайтадан ауыстыру операцияларынан кейiнгi жағдай) кемiнде сегiз ай мерзiмге, (туберкулездi емдеу кезiнде) кемiнде он екi ай мерзiмге ұзартылады.      Көрсетiлген еңбекке жарамсыздық мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн азаматтар еңбекке жарамдылықты анықтау үшiн ДКК-ға қайта жiберiледi. Егер ДКК-ның қорытындысы бойынша оны мүгедек деп тануға негiз болмаса және азаматтардың еңбек жағдайы аурудың клиникалық ағымы мен болжамын нашарлатса, онда ДКК-ның екi айдан алты айға дейiн мерзiмге барынша жеңiл жұмысқа уақытша ауыстыру туралы қорытынды берiледi. Мерзiм мамандығына, аурулардың ағымы мен асқынуларға қарай ДКК-мен белгiленедi.      16. Жұмыс (ауысым) уақыты аяқталғаннан кейiн медициналық көмекке өтiнiш бiлдiрген азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағында келесi күннен бастап жұмыстан босату күнi көрсетiледi.      17. Жедел медициналық жәрдем бригадасы қызмет көрсеткен және уақытша еңбекке жарамсыз деп танылған азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағы оның денсаулық жағдайы туралы медициналық картасына жазыла отырып, кемiнде сегiз күнге берiледi.      Травматологиялық пунктте жедел медициналық жәрдем бригадасы қызмет көрсеткен және уақытша еңбекке жарамсыз деп танылған азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағы көрсетiлген медициналық ұйымдарға өтiнiш бiлдiргенiн растайтын құжаттардың негiзiнде азаматтардың травматологиялық пунктке бiлдiрген өтiнiшiн есепке ала отырып, тәулiктiң iшiнде берiледi.      18. Кәсiпорындар мен ұйымдардың медициналық пункттерiнiң медицина қызметкерлерi азамат сырқаттанған жағдайда ауысымның аяғына дейiн уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасын бере отырып, оны жұмыстан босата алады.      Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын берудi азамат тiркелген медициналық ұйымның медицина қызметкерi жүргiзедi. Егер медицина қызметкерi азаматты еңбекке жарамды деп таныса онда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берiлмейдi.      19. Туберкулездiк, психикалық, терi-венериялық, онкологиялық және адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышын жұқтырғандық/ жұқтырылған қорғаныш тапшылығының синдромы (бұдан әрi- АҚТҚ/ЖҚТБ) аурулары кезiнде уақытша еңбекке жарамсыздық парағын мамандандырылған медициналық ұйымдардың (бөлiмшелердiң, кабинеттердiң) тиiстi медицина қызметкерлерi бередi. Мұндай ауруларымен ауыратын азаматтар жалпы бейiндi медициналық ұйымдарға өтiнiш бiлдiрген жағдайда медицина қызметкерi кейiннен мiндеттi түрде азаматты мамандандырылған медициналық ұйымға (бөлiмшесiне), ондай болмаған жағдайда бейiндi маманға жiбере отырып, кемiнде үш күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағын бередi.      20. Азаматты санаторийлiк-курорттық ұйымға ауыстырған жағдайда, оны медициналық оңалту емдеудiң ажырамас компонентi болып табылғанда уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұзартуды ДКК қорытындысының негiзiнде уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашқан медициналық ұйым жүргiзедi.      21. Стационарлық емдеу кезiнде (күндiзгi стационарларды қоса алғанда) медицина қызметкерi азаматты шығарған күнi стационарлық емдеудiң барлық кезеңiне уақытша еңбекке жарамсыздық парағын бередi.      Егер стационардан шығару кезеңiне азаматтың еңбекке жарамдылығы толық қалпына келтiрiлген болса, онда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы шығарылған күнмен жабылады.      Уақытша еңбекке жарамсыздығы жалғасқан азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағы оның емхананың медицина қызметкерiне келу немесе медицина қызметкерiн үйге шақыру (кемiнде бiр күнге) уақыты ескерiле отырып, ұзартылады.      Тұрған өңiрiнен тыс ем қабылдаған азаматтарға оның тұрақты мекен-жайына келуi үшiн қажеттi уақыт (бiрақ кемiнде төрт күнге) есептеледi.      Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ДКК қорытындысынан кейiн одан әрi ұзарту мен жабуды азаматтың мекен-жайы бойынша оны одан әрi бақылауды жүзеге асыратын медицина қызметкерi немесе одан әрi емделу үшiн азамат жiберiлген медициналық ұйым жүргiзедi.      22. Созылмалы алкоголизмдi, нашақорлықты, уыттанушылықты емдеу кезiнде уақытша еңбекке жарамсыздық уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасымен куәландырылады. Егер бұл кезеңде аурулар туындаса немесе жарақат алса уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берiледi.      23. Психикалық аурулары бар азаматтар медициналық ұйымға уақытында қаралмаған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы психоневрологиялық диспансердiң ДКК-ның немесе медициналық ұйым басшысымен бiрлесе отырып, медицина қызметкерiнiң (психиатр дәрiгер) қорытындысы бойынша өткен күндерi үшiн берiледi.      Соттың шешiмi бойынша еңбекке жарамсыз деп танылған сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптамаға жiберiлген азаматтарға сараптамаға түскен күнiнен бастап уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берiледi.      24. Жұмыс iстейтiн студенттерге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бекiтiлiп берiлген орны бойынша медициналық ұйымдар бередi.      25. Егер азамат бiрнеше жұмыс берушiде жұмыс iстейтiн болса, оған әрбiр жұмыс орны бойынша бiрнеше уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берiледi.      26. Әйелдерге жүктiлiгi мен босануына байланысты Әлеуметтiк сақтандыру мемлекеттiк қорынан әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi жүзеге асыру үшiн уақытша еңбекке жарамсыздық парағы және жүктiлiгi мен босануы бойынша демалыс беру үшiн уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы берiледi.      27. Тұрақты мекен-жайынан және жұмыс iстейтiн жерiнен тыс (iссапар уақытында) уақытша еңбекке жарамсыздығы басталған азаматтарға уақытша келген жерiндегi медициналық ұйым басшысының рұқсатымен уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берiледi.      Көрсетiлген уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұзарту уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашқан медициналық ұйымның ДКК қорытындысы болған жағдайда тұрақты мекен-жайы бойынша жүргiзiледi.      28. Медициналық ұйымдарға жiберiлген азаматтарға олардың тұрақты мекен-жайынан тыс, оның iшiнде Қазақстан Республикасының шегiнен тыс уақытша еңбекке жарамсыздық парағы талап етiлетiн жол жүруге қажеттi күндердiң санына, бiрақ кемiнде бес күнге ДКК қорытындысы бойынша жiберетiн медициналық ұйым бередi.      Бұл уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұзартуды азамат жiберiлген медициналық ұйым жүргiзедi. Егер азамат Қазақстан Республикасынан тыс жiберiлген болса онда басқа елдегi консультация (емдеу) туралы құжаттардың негiзiнде уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ресiмдеудi ДКК жүргiзедi.      29. Тұрақты мекен-жайынан және жұмыс iстейтiн жерiнен уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алған азаматтарға оны басқа жерде ұзарту тек оны берген медициналық ұйымның ДКК-ның қорытындысы болған жағдайда ғана жүргiзiледi.      30. Қазақстан Республикасы азаматтары шетелде болған кезеңде олардың ауырып қалу, жарақаттану фактiлерiн куәландыратын құжаттар оны тiркеген мекен-жайы бойынша медициналық ұйымның ДКК қорытындысы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағымен ауыстырылады.31. МӘС-ға жолдама өмiр сүрудi шектейтiн оның iшiнде еңбекке жарамдылықты соңынан ауруға, салдарынан жарақатқа әкелетiн ағза қызметi тұрақты бұзылған азаматтарға берiледi.       32. МӘС-ға:       1) соңғы он екi ай iшiнде уақытша еңбекке жарамсыздығы басталған күннен бастап төрт айдан аз емес немесе бес айдан көп емес уақытта (бiр аурумен) қайта ауырған;       2) уақытша еңбекке жарамсыздық басталған күннен бастап он екi айдан кем емес, соңынан туберкулезбен ауырған ұзақ ауырушы азаматтар жолданады.       33. Егер МӘС қорытындысы бойынша азаматты мүгедек деп санауға негiз болмаса, ал ол уақытша еңбекке жарамсыз болса, онда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы ДКК арқылы екi айдан ұзақ емес мерзiмде, жекелеген жағдайларда (жарақат, қайта ауыстыру операциясынан кейiнгi жағдайда) сегiз айдан артық емес уақытқа, (туберкулездi емдеу кезiнде) он екi айдан артық емес уақытқа ұзартылады.       34. Жұмыс iстеушi мүгедектер мүгедектiкке әкелген аурулары бойынша денсаулығы төмендегендер уақытша жұмысқа жарамсыз күнiнен бастап кемiнде екi айда МӘС-ға жолданады.       Мүгедектер, ауру алғаш рет айқындалған жағдайда уақытша жұмысқа жарамсыздықтың мерзiмi осы тарауға сәйкес анықталуы тиiс.       35. Азамат МӘС-ға жолдамадан бас тартқан жағдайда уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы немесе МӘС бөлiмiндегi құжаттарды рәсiмдеу күнi бас тартқан күнiнен бастап ұзартылмайды, бұл туралы мәлiметтер уақытша еңбекке жарамсыздық парағында және сырқаттың амбулаториялық (стационарлық) медициналық картасында көрсетiледi.