Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЕЖжжжжжжжжжжжжжжжжжжж.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
268.8 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЯСАТЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

ЕРЕЖЕ

Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 23 қазандағы N 556 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 20 қарашада Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 5860 болып енгiзiлдi

"Заң газетi" 2009 жылғы 27 қараша, № 182 (1605); "Юридическая газета" газетi 2009 жылғы 27 қараша, № 182 (1778)

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiн, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi кодексiн iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:1. Қоса берiлiп отырған Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру ережесi бекiтiлсiн.       2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келiсiм бойынша), меншiк нысандарына тиiстiлiгiне қарамастан денсаулық сақтау субъектiлерi осы бұйрыққа сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын берудi қамтамасыз етсiн.       3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаментi (Айдарханов А.Т.) белгiленген заңнамалық тәртiпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Әкiмшiлiк-құқықтық жұмыс департаментi (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.       5. Мынадай:       1) Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру ережесiн бекiту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1372/1 тiркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi агенттiгi төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 859 бұйрығының       2) Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi агенттiгi төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 859 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2979 тiркелген, 2005 жылғы 23 тамыздағы N 154 (888) Юридическая газета" газетiнде жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2004 жылғы 28 маусымдағы N 513 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.       6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрi Т.А. Вощенковаға жүктелсiн.       7. Осы бұйрық оны ресми бiрiншi жариялаған күнiнен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                          Ж. Досқалиев

      КЕЛIСIЛДI"      Қазақстан Республикасының      Еңбек және халықты әлеуметтiк      қорғау министрi       _____________ Г. Әбдiқалықова      2009 жылғы 23 қазан

Қазақстан Республикасы     Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 23 қазандағы    N 556 бұйрығымен        бекiтiлген