Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты по элективу Гематология 180 каз..doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
494.59 Кб
Скачать
  1. космофер

  2. Цианкобаламин

  3. преднизолон

  4. флюдарабин

  5. иматиниб

  1. Науқас Е., 74 жасар, жалпы әлсіздік, бас айналу, ентігу, эпигастридегі ауру сезіміне, тамақтанғаннан соң лоқсу, жағымсыз иіспен кекіруге шағымданады. Объективті шекті спленомегалия, оң аяқта «шұлық» типті тактильді сезімталдықтың төмендеуі. ҚЖА.: Эр. 2,5 х 1012 /л; Нв = 88 г/л, ТК = 1,1, лейк. = 3,2 х 109/л, тр. = 150 х 109/л, ретикулоциттер – 0,2%; билирубин = 42 ммоль/л (тура емес фракция 33 ммоль/л).

Лабораторлы-аспапты көрсеткіштердің қандай өзгерістерін бұл науқаста күтуге болады:

  1. Эндоскопияда - атрофиялық гастрит, миелограммада – мегалобластоидты қан түзілу

  2. эндоскопияда – эрозивті-геморрагиялық гастрит, миелограмме – мегалобластоидты қан түзілу

  3. эндоскопияда - атрофиялық гастрит, миелограммда – кемік алынбады, бос.

  4. эндоскопияда – он екі елі ішектің ойық жарасы, миелограмме – миелограммда – кемік алынбады, бос.

  5. эндоскопияда - атрофиялық гастрит, миелограммада – бластоз 78%

  1. Науқас Ж., 75 жасар, жалпы әлсіздік, бас айналу, ентігу, эпигастридегі ауру сезіміне, тамақтанғаннан соң лоқсу, жағымсыз иіспен кекіруге шағымданады. Объективті шекті спленомегалия, оң аяқта «шұлық» типті тактильді сезімталдықтың төмендеуі. ҚЖА.: Эр. 2,5 х 1012 /л; Нв = 88 г/л, ТК = 1,1, лейк. = 3,2 х 109/л, тр. = 150 х 109/л, ретикулоциттер – 0,2%; билирубин = 42 ммоль/л (тура емес фракция 33 ммоль/л).

Ем жоспарына аталған препараттардың қайсысын қосқан дұрыс?

  1. темір препараттары

  2. кортикостероидтар

  3. цитостатиктер

  4. гемотрансфузиялар

  5. Цианкобаламин

  1. Науқас Д., 20 жасар, бала кезінен тері жабындысының кезеңді түрде сарғаюын байқап жүрген. Қарап тексергенде: «мұнара тәрізді бас сауыты», «күмбез тәрізді таңдай». Көкбауыры +3,0 см. Қан анализінде: Нв – 106 г/л, Эр – 3,3 х 1012/л, ТК – 0,9.

Қандай зерттеуді бірінші кезекте өткізген дұрыс деп ойлайсыз?

  1. Жалпы және байланысқан билирубин деңгейін анықтау + эритроциттердің осмостық тұрақтылығы + эритроциттердің морфологиясы + ретикулоциттердің саны

  2. жалпы және байланысқан билирубин деңгейін анықтау + гемоглобиннің электрофорезі + эритроциттердің морфологиясы + ретикулоциттердің саны

  3. жалпы және байланысқан билирубин деңгейін анықтау + Кумбс сынамасы + ретикулоциттердің саны

  4. сарысулық темірі + сарысудың темір байланыстырушы қабілетінің (СТБҚ) деңгейі

  5. жалпы және байланысқан билирубин деңгейін анықтау + ретикулоциттердің саны + стерналды пункция

  1. Аутоиммунды гемолитикалық анемияға қандай лабораторлы өзгерістер тән:

  1. микросфероцитоз + эритроциттердің осмостық тұрақтылығының төмендеуі

  2. гипербилирубинемия + Кумбс сынамасы оң + ретикулоцитоз

  3. гипербилирубинемия + Хем сынамасы оң + ретикулоцитоз

  4. фетальді гемоглобинді анықтау

  5. гиперхромды анемия + макроцитоз + Жолли денешіктері + ретикулоцитопения

  1. Науқас Н., 20 жасар, жалпы әлсіздік, бас айналу, ентігу, сарғаю, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Бала кезінен белгісіз себепті сарғаюды байқайды. Анасында да сарғаю және өт-тас ауруы бар. Қарап тексергенде: тері жабындысы, склералары сарғайған. Бас сауыты домалақ, мұрны жалпақ, ер тұрман тәрізді, көз алмаларының бұрыштарының арасы алшақ, көздері сықыр. Көкбауыры 10 см-ге үлкейген. Қан анализінде: Нв-85 г/л, эр – 1,88 х 1012/ л, ТК 1,2, ретикулоциттер 34%. Осмостық резистенттілік: минимальді – 0,65%, максимальді – 0,42%. Билирубин – 61,5 ммоль/л. Уробилин жоғарылаған. Стеркобилин 1900 мг/тәул. жоғарылаған. Кумбс, Хем сынамалары теріс.

Қандай диагноз болжамалы?